Жаңалықтар

Тасқынмен күрес жалғасуда

06.04.2017

Нұра өзенінің үстімен Мұстафин кентіне өтетін жаяу жүргіншілер көпірі астынан суды кедергісіз өткізу үшін Теміртау қаласының әкімдігі мұз жару жұмыстарын жүргізді. Жару шаралары кезінде қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Бұл үшін жергілікті полиция қызметкерлері мен 5516 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды. 48 заряд қолданып, жару аумағы 480 шаршы метрді құрады.

Еріген қар суы Соқыр өзені үстіндегі көлік көпірі маңында орналасқан су бөгетін шайып кетті. Қарағанды ТЖБ жедел тобы республикалық маңыздағы Алматы – Екатеринбург жолын су басу жағдайына жол бермеу үшін өзен суын қоршау шараларын атқарды. Бұл жұмыстарға «Благоустройство» ҚМК, облыстың ТЖД қызметкерлері және ҚР «Ұлттық Ұлан» күштері атсалысты. Су шайған жерге 6 мың ыдыс-қап қойылды. Жұмыстар төтенше жағдайда жүзеге асырылғанымен, қатты желдің салдарынан су қарқынын қайтару жұмыстары қиынға соқты. Дегенмен, қабылданған шаралар нәтижесінде өзеніндегі судың екпіні түсті. Қазір бөгеттің 30 метрі нығайтылып, 60 метрі қайта тұрғызылды.

Өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Бұқар жырау ауданының Нұра өзенінің бойында орналасқан бірнеше елдімекен тұсында мұз жарылды. Нұра ауданында Жаманкөң, Құланөтпес өзендерінің мұзын жару жұмыстары орындалды.

5 сәуір күні Шерубай-Нұра өзеніндегі судың көтерілуінен Шет ауданының Шопа ауылына апаратын жол бұзылған. Салдарынан көлік қатынасы толық тоқтады. Ауылда 188 адам тұрады. Оның 28-і – бала. Су басу аумағына аудандық ЖПҚ бекеті қойылды.
Бұл жерде жыл сайын су басу дерегі тіркеліп отыр.

Қарқаралы ауданының Ынталы ауылында 20 аула аумағын су басқан. Су деңгейі 5-8 см құрайды.  Сондай-ақ, осы ауданда Жаңажол бөлімшесі дизель генератордың көмегімен электр қуатымен қамтамасыз етілді. Электр қуатын тарату желілерін қалпына келтіру жұмыстары еріген қар суы қайтқан соң жүргізіледі. 


07.04.2017

Жаман Сарысу өзенінің Атасу гидро бекеті тұсында су деңгейі 45 сантиметрге, Сарысу өзенінің 189-шы разъезд тұсында 50 сантиметрге төмендеді.

Нұра өзенінің Балықты станциясы маңында су деңгейі 15 сантиметрге, Шерубай-Нұра өзенінің Шопан гидробекеті тұсында 38 сантиметрге көтерілді.

Бұқар жырау ауданында Нұра өзені үстінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Өзенді тексеру барысында 3 кептеліс учаскесі табылды. Барлығы 5 жерде мұз жарылды. Нәтижесінде, өзен арнасының су өткізу қабілеті артып, мұз массаларының кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді.

Әзірлеген

Нұрқанат ҚАНАФИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button