Жаңалықтар

Тасқын толастады

Облыстағы су тасқыны тұрақтануда, Нұра және Осакаров аудандарының аумақтары әлі де бақылауда. Тұрғын үйді, нысандарды, автомобиль және темір жол учаскелерін су басу фактілері тіркелген жоқ.

Барлығы 183 330 текше метр қар суы сорылды. Ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 26979 дана қап төселді. 1300 метр ұзындықта уақытша білік төгілді.1-6 сәуір аралығында жол бойына қатысты барлығы 44 су тасқыны тіркелді (республикалық – 18, облыстық – 10, жергілікті – 16).

7 сәуірде сағат 16:00-ден бастап, Самарқанд су қоймасынан су жіберу 200 текше метрге дейін, ал, Ынтымақ су қоймасынан 100 текше метрге дейін ұлғайтылды.

Нұра өзенінде Шешенқара, Ботақара және Петровка елді мекендері ауданындағы су деңгейінің 1 метрге төмендеуі байқалады.

Су тасқынына қарсы шараларға 1 сәуірден бері ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің, полицияның және коммуналдық қызметтер қатарынан мыңнан астам адам және 266 техника жұмылдырылды.

Жалпы, облыс аудандарында су деңгейінің төмендеуі байқалады. Қар жамылғысы біраз еріді. Осыған қарамастан, барлық арнайы қызметтер дайын және жағдайды бақылауды жалғастыруда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button