Тасқынға тиянақты дайындалуда
Бұқар жырау ауданында да алдағы көктемгі су тасқынына тиянақты дайындалып,қазірде су басу қаупі бар ауылдық және кенттік округтер аумағын қардан арылтып,тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Оған 30-дан астам мамандандырылған техника жұмылдырылған.
– Бүгінге дейін аудан елді мекендерінен 32 мың текше метрден аса қар тазаланып,сыртқа шығарылды.Сондай-ақ суөткізгіш құбырлар,арықтар,жолдар мен көпірлер үсті қардан ашылып,су жүретін жыралар қазылуда, – дейді аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Владимир Малышкин.
Сонымен қатар Нұра өзенінің Қызылорда-Павлодар автожолынан Мұстафин кентіне дейінгі 12 шақырымнан астам және Шешенқара аулынан 1 шақырымға дейін жолдарға санация жүргізілген.Чкалов ауылының маңынан қосымша су бұру каналы жасалып,ол каналдағы су деңгейін 40 сантиметрге төмендетті.
Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстарға 300 күрек пен 50 мың қап,4 мың тонна инертті материалдар әзірленіп,енді 20 тонна жанар-жағар май келеді деп күтілуде.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Сурет ұйымдастырушылардан