Тартысты ойында жеңіске жетті
Хоккейден ел чемпионаты аясындағы ойындар жалғасуда. Қарағандылық «Сарыарқа» клубы сырт алаңда «Торпедо» клубымен кездесті. Жерлестер бірінші ойынында 0:5 есебімен жеңілсе, екінші кездесуінде 2:4 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші ойында есе жіберген жерлестер бұл жолы жіберген қателіктерін қайталамады. Ойынның 4-ші минутында алаң иелері есеп ашқанымен, жерлестер 18-ші минутта таразы басын теңестірді. Ал, 28-ші минутта Никита Баженов есепті еселеп еді, араға бір минут салып алаң иелері сапынан Антон Злобин қайтдан таблодағы есепті теңестірді.
Артынша 30-шы минутта Владислав Сайко, 45-ші минутта Егор Кузьменко есеп ашып, командасына жеңіс сыйлады.
Әзірге қарағандылық «Сарыарқа» клубы турнир кестесінде 37 ұпаймен – VI орында.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz