Жаңалықтар

Тарихы терең даңқты құрама

1990 жылдың 31 мамырында Қарағанды қаласында КСРО Ішкі әскерінің дивизиясы құрылған еді. Құраманың алғашқы командирі болып полковник Петр Бондарев тағайындалған. Содан бері талай ауыспалы кезеңді бастан өткізген даңқты құрамаға биыл 34 жыл толып отыр. Бүгінде Ұлттық ұланның Орталық өңірлік қолбасшылығы болып міндетін орындап келеді.

Суреттер автордан

Орталық өңірлік қолбасшылығының аумағында бөлім күніне орай салтанатты шара өткізілді. Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы міндетін уақытша атқарушы полковник Ильяс Сағындықов өз сөзінде:

– Тарих бетіне үңілсек біздің өңірлік қолбасшылық ең көне құрылымдардың бірі. Кешегі күннен бастап ардагерлеріміз құттықтап өздерінің ізгі тілектерін білдіріп жатыр. Баршаңызды құттықтап, қызметтік табыс тілеймін, – деді полковник Ильяс Ниязұлы.

Жауынгерлік жолында өңірлік қолбасшылықтың (ол кездегі дивизияның) жеке құрамы 1990-1992 жылдардағы Азербайджан Баку қаласындағы лаңкестерге қарсы операция, Астана қаласының Ел ордасы болып ашылу салтанатында, Жанаөзен оқиғаларында, 2023 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке қарсы операцияларында, 2024 жылғы су тасқынына қарсы әрекеттеніп міндеттерін адал орындап келді.

Айта кететін жәйт, өзінің жауынгерлік жолында Орталық өңірлік қолбасшылығының құрылған күнінен 8 командирі жоғарғы әскери шен «генерал-майор» атанды.

Шара барысында өңірлік қолбасшылықтың біршама әскерилері грамоталармен марапатталды.

Әрі қарай Қали Байжанов атындағы өнерпаздар қауымы өнер көрсетіп, соңы үлкен мерекелік кешке ұласты.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,

ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button