Тарихтан тағылым
Мұхтар Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында Алаш айлығының қорытындысы аясында «Азаттықты аңсаған Алаш жолы» атты тарихи сағат өтті.
Іс-шараға тарихшы, журналист Ерғазы Қадашұлы, Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, ардагер ұстаз, жазушы Ғаникен Әбдірахманов, облыстық мәслихаттың депутаты Ермек Әбілдин, табиғат жанашыры Сәкен Келдібаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Аңғар Смағұлов қатысты.
Іс-шара барысында кеш қонақтары студенттер мен Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына «Алаш» қозғалысы туралы тарихи-танымдық әңгіме айтып берді.
– «Алаш» қозғалысының тарихын білу – жас ұрпақтың міндеті. Себебі, ұлтының өткенін, ата-бабаларының ерлігін білмеген ұрпақ болашаққа сенімді қадам баса алмайды. Ал, аға буынның міндеті – тарихты дәріптеу. Қазір білім аламын деген адамда мүмкіндік көп. Кітапханалардың есігі айқара ашық. Керек десеңіз, ғаламторда да деректер сайрап жатыр. Осындай кездесулерден өздеріңізге керекті мағлұматтарды жадыларыңызға түйіп алу – маңызды, – деді облыстық мәслихаттың депутаты Ермек Әбілдин.
Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz