Тарихи жеңіс: Илья Мизерных жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды
Илья Мизерных – шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Канвондағы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.
Тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі, деп хабарлады ҚР Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Бұл – Қазақстанның қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медалі.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылғы қысқы IV жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz