Руханият

Тарихи туынды дәріптелді

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының сахнадағы ғұмырына 90 жыл толуына және композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, КСРО халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай опера кеші өтті. Сахнада музыка мамандығында білім алып жатқан 4 курс студенттері өнер көрсетті.

Сурет автордан

«Қыз Жібек» операсы 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет те­атрында қойылған еді. Либреттосын қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов жазған. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Жібек болып егіліп, Төлеген боп төгілді. Озбыр өмірдің келбетін Бекежан арқылы көрсетті.

– Ең бастысы – студенттерге тарихи операның құндылығын дәріптейміз. Мұнда дуэт, трио, хор да бар. Сонымен қатар, декорация мен актерлік шеберлік те қамтылған. Осының бәрі студенттердің қалыптасуына зор ықпалын тигізетініне кәміл сенеміз. Содан кейін жерлесіміз, мақтанышымыз Сыдық Мұхамеджановтың лирикалары да орындалды. Атап айтқанда, «Жұмбақ қыз» деген операсынан үзінді айтылды. Осылайша, даңқты жерлесіміздің мұралары дәріптелді, – деді бі­лім ордасының ұстазы Роза Мүсі­рәліқызы.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button