Бас тақырып

Тарихи оқиғаның куәcі болайық

Ел Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының бірқатар маңызды бағыттарын атап өтті.

Сурет: ulysmedia.kz

Салық заңнамасына, шағын және орта бизнеске, банк саласына, ауыл шаруашылығына, инвестицияларға қатысты мәселелер қозғалды.

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум туралы мәселе аса өзекті. Бұл тақырып соңғы уақытта жұртшылық арасында үнемі көтеріліп келеді. Кейбіреулер құрылысты «жақтайды», кейбіреулері «қарсы».
Бұл тұрғыда біздің жылу және энергия көздеріміздің көп бөлігі көмір сияқты жаңартылмайтын энергия көздерінде жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша 15-20 жылдан кейін біз мұндай көздердің жетіспеушілігіне тап болуымыз мүмкін. Жалғыз шешім – атом электр станциясы.
Иә, қазіргі таңда жұртшылық кез келген төтенше жағдайдан қорқады. Бірақ, мұндай маңызды объектінің құрылысы мен пайдаланылуын МАГАТЭ сияқты халықаралық ұйымдар бақылайтынын түсіну маңызды.

АЭС-тің құрылысы мен жұмысының барысын бақылайтын сыртқы бақылаушылар бар. Атом электр станциясын салатын мердігер өз қызметінде үлкен тәжірибесі бар шетелдік ұйым болады.

АЭС – электр энергетикасын дамытудың заманауи құралы. Әрине, құрылыс туралы шешімді Қазақстан халқы 2024 жылғы 6 қазанда өтетін референдумда қабылдайды.

Сондықтан, әрбір қазақстандық референдумға қатысып, өзінің таңдауын жасағаны жөн.
Мен өз құқығымды пайдаланып, тарихи оқиғаның куәсі болып қана қоймай, оны өзгертуге атсалысамын. Референдумға қатысып, таңдау жасау – әркімнің азаматтық борышы.

Арафат МАЖИТОВ,
«AMANAT» партиясының жанындағы
«Жастар Рухы» жастар қанатының
Қарағанды облыстық филиалының кеңесшісі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button