Бас тақырып

Тамыз айында ел тұрғындары қанша күн демалады?

30 тамыз күні Қазақстан басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күнін атап өтеді.

Сурет aqshamnews.kz

Осылайша, тамыз айында қазақстандықтар былай демалады:

— бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;

— алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекеленеді. Биыл аталған мереке сенбіге түсіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, демалыс күні мерекелік күнмен сәйкес келген жағдайда, келесі жұмыс күні демалыс саналады. Осыған байланысты демалыс күні сенбі, 30 тамыздан дүйсенбі, 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Конституция күніне байланысты қазақстандықтар:

  • бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

Сондай-ақ тамыз айында бірқатар кәсіби мереке бар: 

  • 3 тамыз (тамыз айының бірінші жексенбісі) — Көлік қызметкерлерінің күні;
  •  3 тамыз — Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
  •  10 тамыз — Абай күні;
  •  10 тамыз (тамыз айының екінші жексенбісі) — Құрылысшылар күні;
  •  18 тамыз — Шекарашылар күні;
  •  18 тамыз — Спорт күні;
  •  29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;
  •  31 тамыз (тамыз айының соңғы жексенбісі) — Кеншілер күні.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button