Ресми

Тамара Дүйсенова шахтерлер өлімі туралы: Үкіметтің кінәсі жоқ деп айта алмаймын

«АрселлорМиттал Теміртаудың» акционерлері Украина, Германия сияқты елдерде өндіріс қауіпсіздігін сақтайды да, неліктен Қазақстандағы талаптарға салғырт қарайды? Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында журналист Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ҚР Үкіметі

— Еңбек қауіпсіздігіне байланысты стандарттардың бәрі Митталдың алдына, компанияның алдына қойылған. Украинада дәл осындай жағдай болды. Мен ол компанияның шетелдегі кәсіпорындарына барып, жұмыс орындарымен танысқанмын. Қондырғылар қандай, олар жұмыскерлерге қандай жағдай жасап отырғанын көрдім. Енді барлық жерде керемет жасап қойыпты деп айта алмаймын. Соның ішінде біздің мәселемізге олардың салғырттығы болған. Соңғы жылдары ол кісілерге жұмыс орындары жөнінде өте қатты ескерту бергенбіз, — деді Тамара Дүйсенова.

Журналист «Инвестордың салғырттық танытуына Үкіметтің жемқорлығы әсер еткен жоқ па?» деп сұрады.

—  Соңғы үш жылдың ішінде біз қойған талаптарды кезең-кезеңімен орындай бастады. Бірақ бәрін жолға қойды деп айта алмаймын. Себебі өндіріс қауіпсіздігі бойынша олардың өз талаптары да болған. „АрселорМиттал“ — 100 пайыз жеке компания. Үкіметтің ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан үкімет тарапынан жемқорлық бар деп айтуға болмайды, — деді вице-премьер.

«Яғни, үкіметтің бұл жерде кінәсі жоқ па?» деп нақтылады БАҚ өкілі.

Үкімет басшысының орынбасары олай деп кесіп айтуға болмайтынын жеткізді.

— Үкіметтің кінәсі жоқ деп айта алмаймыз. Әрине, бақылауда кемшіліктер болуы мүмкін, болады да. Себебі адам факторы бар жерде барлық уақытта ондай болады. Дегенмен бұл жерде Митталдың жалпы кінәсі көбірек деп ойлаймын, — деді вице-премьер.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button