Тамақтан улану мен жедел ішек инфекцияларының алдын алу
Мамыр айының мереке күндері қарсаңында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында тұрғындардың келесі гигиеналық ұсынымдарды, жеке гигиена мен санитария ережелерін сақтау қажеттілігін еске саламыз.

Жылдың жылы мезгілдерінде тамақ өнімдерін тоңазытқышта сақтамаса, тез бұзылады. Улануды көбінесе дайын тағамдар тудырады: майонез қосылған көп компонентті салаттар, кілегей қосылған кондитерлік өнімдер, ет тағамдары және т. б.
Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында ұсынамыз:
– қатаң түрде азық-түлікті тоңазытқышта, әсіресе тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тауарлық көршілестікке сәйкес сақтаңыз;
– тамақ қалдықтарын тоңазытқышта бір тәуліктен артық сақтауға болмайды;
– қоғамдық орындарда, демалыс орындарында азық-түлік суықсыз сақталатын сауда дүңгіршіктерінен азық-түлік сатып алудан аулақ болыңыз;
– сатып алу кезінде және қолданар алдында сақтау шарттары мен жасалған күнін тексеріңіз;
– бұзылу белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбаланбаған тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
– үй жағдайында жасалған азық-түлік өнімдерін, соның ішінде рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмаңыз;
– ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
– сасық иісі немесе сыртқы түрі біртүрлі, бүліну белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбалау белгілері (жапсырмалары) жоқ тағамдарды тұтынудан бас тартыңыз;
– жеке гигиена туралы ұмытпаңыз, көшеде тамақ ішер алдында қолыңызды санитариялық майлықтармен сүртіңіз.
Жаздың алғашқы күндері табиғатқа шығулар, барбекюмен алғашқы пикниктер мезгілі басталады. Осы күндері сіздің демалысыңызға көлеңке түсірмеу үшін уланудың алдын-алудың барлық шараларын алдын-ала білу маңызды:
– тасымалдау кезінде салқындатусыз сақталған (тоңазытқышсыз) тез бұзылатын тамақ өнімдерін (әсіресе дайын ет және балық өнімдерін) дайындаған сәттен бастап екі сағат ішінде тұтыну керек.
– маринадталған ет немесе балықты тоңазытқышсыз қауіпсіз сақтау мерзімі 2-4 сағаттан аспайды. Қоршаған ортаның температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тезірек тамақты пісіріп, жеу керек.
– азық-түлік өнімдеріне арналған бір реттік ыдысты пайдаланыңыз;
– азық-түлік өнімдерін термос-сөмкеде немесе сөмке-тоңазытқышта тасымалдау және сақтау қажет;
– өнімдерді тасымалдау кезінде шикі тағамдар мен дайын өнімнің жанасуын болдырмай, контейнерлерге бөлген дұрыс.
– жолда және орналасқан жерде ұңғымалар мен бұлақтардан, ашық су айдындарынан шикі су ішпеу, белгісіз адамдар қолынан немесе рұқсатсыз сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алмау және тұтынбау керек.
– дайын азық-түлік пен көкөністерді кесу кезінде дайын тағамға бөгде заттар мен ұсақ жәндіктердің түсуінен сақтану және тауарлық көршілік ережелерін орындаап, сол жерде жүзеге асырылады.
Егер тамақтан улануға күдік болса немесе ішек инфекциясының алғашқы белгілері пайда болса (ішектің дисфункциясы, іштің ауыруы, жалпы әлсіздік, қалтырау, жүрек айну, құсу, диарея, жоғары температура), дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!
С. ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы