Ресми

Талаптыға жұмыс табылады

Жыл басынан облыста 11 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды. Ал, оның 8 мыңнан астамы – тұрақты жұмыс. Облыс қалалары мен аудандарының мансап орталықтарына осы жылдың басынан 18 675 жұмыссыз жас жүгінгенін де айту керек.

 

– 11 651 адам жұмысқа орналастырылды, оның 8637-сі тұрақты жұмыс орындарына, 186-сы – «Әлеуметтік жұмыс орны» бағытымен, 813-і – «Жастар практикасы» бағдарламасымен, 1578 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Ал, 25-і – «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысады. Тағы 412 жұмыссыз алғашқы жұмыс орындарын тапты, 241 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті, – дейді облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

Мәдина Бураханова – Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі, қаржыгер. Оқуын бітіргеннен кейін Қарағандыға көшіп келген. Ол біраз уақыттан бері мамандық бойынша жұмыс таба алмағанын айтады.

– Мансап орталығына жүгіндім. Қарағанды ипотека орталығында «Жастар тәжірибесі» бойынша жұмыс ұсынды. Келістім, өйткені бұл – мен үшін жақсы тәжірибе. Қазір мамандығым бойынша жұмыс істеймін, егер бір жылда өзімді көрсете алсам, осында тұрақты жұмысқа қалдыруы мүмкін. «Жастар практикасы» бағдарламасы жұмыс тәжірибесі болмаса да, ірі компанияларда жұмыс істеуді армандайтын жоғары оқу орындарының түлектері үшін тамаша мүмкіндік, – дейді ол.

Сонымен қатар, «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 2502 адам, ал, 485 адам Skills.enbek.kz порталында онлайн-оқытудан өткен. 35 жасқа дейінгі халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 14 адам «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бойынша бизнес ашуға және дамытуға мемлекеттік гранттар алған. Өңірде мүгедектігі бар, еңбекке қабілетті адамдар үшін 13 жұмыс орны құрылған.

Өнеркәсіп және құрылыста мамандарға сұраныс көп. Бұл сылақшылар, инженерлер, ин­женер-механиктер, құрылыс слесарьлары, дәне­керлеушілер, арматурашылар, электр слесарьлары, электр монтерлері, кран машинис­тері.

Энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-сала мамандары, сондай-ақ педагогтер, жүргізушілер мен жылжымалы жабдық операторлары, күзетшілер, тазалаушылар да сұраныста.

Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button