Бас тақырыпБілім

Талапкерлер ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыра алады

ҰБТ-да бейіндік пән ретінде «Қазақ тілін» таңдаған болсаңыз және ҚАЗТЕСТ тапсырған болсаңыз, енді сізде керемет мүмкіндік бар – ҚАЗТЕСТ нәтижелерін ҰБТ балдарына ауыстыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Сурет satbayev.university

Министрлік мәліметінше, ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

ҚАЗТЕСТ сертификаты балын «Қазақ тілі» пәні бойынша ҰБТ балына ауыстыру шкаласы:

ҚАЗТЕСТ бойынша В1 деңгейі = ҰБТ бойынша 42 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша В2 балл = ҰБТ бойынша 46 балл;
ҚАЗТЕСТ бойынша С1 балл = ҰБТ бойынша 50 балл.

– Бұл жоғары оқу орнына түсуді жеңілдетіп қана қоймай, жастардың тілдік сауаттылығын дамытуға, мемлекеттік тілді жетік меңгеруге деген ұмтылысын қолдауға бағытталған, – деп түсіндірді ведомство.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button