Жаңалықтар

Такси жүргізушілері сайлаушыларды тегін тасып жүр

Нұра ауданы бойынша 34 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оларға тіркелген 17209 сайлаушының қазіргі уақытқа 35 пайызы таңдау жасап үлгерді.

Аудан орталығында сайлауға келушілерді жергілікті такси жүргізушілері тегін тасымалдауда. Алғашқы келушілерге және отбасымен келген сайлаушыларға арнайы сыйлықтар берілді. Аудан спортшылары арасында футбол клубының ойыншылары команда болып келіп өз таңдауларын жасады.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ

Нұра ауданы

Басқа материалдар

Back to top button