Архивы тартуы - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Түлектердің тартуы
Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жасалған игі іс бұл. Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылының мектеп бітіруші түлектері білім ордасына не ауылға қомақты сый жасауды үрдіске айналдырған. Былтырғы жылы ауылды қақ жарып ағып, көктем мезгілінде өткел бермейтін төребұтақ өзеніне көпір салынса, таяуда мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған түлектер ауыл жастарына шағын футбол алаңын тарту етіп, елдің алғысына бөленді.

Аталған шараның тұсаукесер рәсіміне Жаңаарқа аудандық мәслихатының хатшысы Қуат Имантүсіпов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алдаберген Қарабаев арнайы келіп, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында іргесі қаланған кіші футбол алаңы құтты болсын! Ауданымыздағы спорттың дамуында Ералиев ауылы жастарының рөлі айрықша екенін айта кеткен жөн.

Міне, жастардың қажетіне жарайтын бұл ойын алаңының салынуы – соның көрінісі. Алдағы уақытта, ауданымыздың атынан ойын алаңының жабындысын сыйға тартпақпыз, – деді Алдаберген Қарабаев.

Кіші футбол алаңын салуға 2 миллион қаражат жұмсалған екен. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, түлектердің бұл тартуы қыста да ауыл балаларының қажетіне жарамақшы. Яғни, алаңға мұз қатырып, коньки тебуге мүмкіндік туғызбақ. Алаң толық жарықтандырылған. Жақын арада жанынан құдық қазуды көздеп отыр түлектер.

Жастарымыздың спортпен шұғылдануына аз да болса септігіміз тисін деген ниетпен игі істі жүзеге асырдық. Спорт – денсаулық кепілі. Жастардың талабын көріп, іштей разы боламыз. Күрес залының құрылыс жұмыстарын жандандырып, ішіне керек құрал-жабдықтарын түгендеуде. Ішіндегі бозкілем де – мектеп түлектерінің сыйы. Сол себепті, ақылдаса келе кіші футбол алаңын салуды ұйғардық. Игі бастамаға қолдау танытқан ауыл әкімі Ербол Мәмбетовке, құрдастарыма шексіз алғысымды білдіремін, – деді түлектер атынан сөз алған Алтынбек Нағашбеков.

Расымен, жастардың жағдайын жасап отырған ауыл азаматтарына сүйсінесің. Ауыл жастарының талабы да – зор. Спорттың әр саласынан аймақтық, облыстық додаларда топ жарып жүр. Енді, шағын футбол алаңынан доп додасының үлкен дарабоздары шығады деген ниеттеміз!

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Сообщение Түлектердің тартуы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Түлектердің тартуы – туған жерге
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жерге туың тік» айдарымен «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны баршаңызға мәлім. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында Шет ауданындағы Нілді (Өспен) ауылында үлкен сауапты іс атқарылды. Ауыл ауыл болғалы жөндеу көрмеген көпір жаңартылып, «Жастар» саябағы ашылды.

Халықтың «Туған жерге туың тік» сөзін осындай игілікті шаруаға айналдырғалы шалғайдағы ауылдар біршама жанданып келеді. Соның бір дәлелі – Нілдідегі мына көпір. Ауыл ортасын қақ жарып өтетін терең жыра бар. Соған тартылған бұл өткелден кісі өтуі мұң еді. Күндіздің өзінде үлкен кісілерді бір адам қолтықтап өткізбесе, арасындағы апандай-апандай үңгірлерге түсіп кетсе, мертігіп, жазым болардай-тын. Түнде тіптен қауіпті. Жасы келген кісі былай тұрсын, жастардың өзі еңбектеп жүріп зорға өтеді кеш қарая. Ескі өткелдің қай уақытта салынғаны белгісіз, содан бері жөндеу көрмеген болуы керек. Биыл аталған ауылдағы Сәкен орта мектебін бітіргендеріне жиырма жыл толған түлектер – ауыл тумалары қосылып, ескі өткелді алып тастап, орнына жаңа көпір тартып берді. Терең жыраның екі жақ шетіне мықтап берік орнатылған ұзын өткелдің көркіне көз тояды. Әрі бір жақ басына баған орнатып, жарығы мол шам тартылған. Осының бәрін қолға алып, жүзеге асырушылар – Сәкен орта мектебін 1999 жылы бітірген түлектерге ауыл тұрғындарынң алғысы шексіз.

Білуімізше, көпір салғанның сауабы да мол. Әрбір орнатылған көпірден қанша адам өтсе, оны салған адамға екі еселеп сауап жазылады. «Сондықтан, ауылының ертеңін ойлайтын мұндай жастары бар қонысымыздың болашағы жарқын екен» десіп, үлкендер жағы көпірдің ашылуында азаматтарға баталарын берді.

Аталған ауылда «Туған жер» бағдарламасы аясында атқарылған екінші бір маңызды шаруа – жаңадан ашылған «Жастар» саябағы. Саябақ осындағы Сәкен орта мектебін бітіргендеріне 30, 40 жыл толғандардың бірігіп тындырған істерінің нәтижесі. Тойғанынан қалғанын туған ауылына жұмсап жатқан түлектердің әрқайсы – елінің нағыз патриоты. Отбасынан артылғанын Отанының бос орнына кірпіш қылып қалағаны осы емес пе? Мектеп жанында бос тұрған қоршаулы алаңнан орын тепкен саябаққа шырша-қарағайлар отырғызылып, арнайы демалып отыратын орындықтар қойылған. Ортасында үлкен субұрқақ бар. Бір жақ шетінен орын тепкен сахна да саябақтың көркін кіргізіп тұр. Жарығы мол шамдармен қамтамасыз етілген әрі сәнді қоршалған бұл жер енді ауыл жастарының бір соқпай өтпейтін орнына айналары сөзсіз. Қорыта айтқанда, Бейімбет Майлиннің «гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» сөзі еске түседі. «Ат айналып қазығын табады» деген қазақтың сөзі ақиқатқа айналып, туған жерден шалғай қалаларда тұрып жатқан ауыл азаматтары елге қарайласып жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін!

Гүлназ РЫМҚҰЛҚЫЗЫ,

Сәкен орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. ШЕТ ауданы.

Сообщение Түлектердің тартуы – туған жерге появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.