Архивы Нұрлан Дулатбеков - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Ұлттық Құрылтай: ұлы мұратқа ұмтылыс
Қазақстандықтар жыл сайын қоғам өміріндегі екі ауқымды шараны асыға күтетін жағдайға жетті. Бірі – Президентіміздің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы болса, екіншісі – Ұлттық Құрылтай отырысы. Екеуінде де еліміздің өткені сараланып, ертеңі салмақталады. Әсіресе, қарапайым халықтың баянды бастамалар мен тың идеялар алаңына айналған Ұлттық Құрылтай отырысынан күтері көп.

Karaganda Buketov University Басқарма Төрағасы-Ректоры, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековпен сұхбат барысында Ұлттық Құрылтайдың алдағы отырыстарында, сонымен бірге, ғылым мен жоғары білім беру саласында өзі көтеруге ниет еткен бастамалары мен ұсыныстары туралы әңгіме болды.

Сурет Н.Дулатбековтың жеке мұрағатынан

– Ұлттық Құрылтай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазақстандық қоғамды біріктіру және диалог мақсатында құрылған бірегей алаң. Нұрлан Орынбасарұлы, Сіз Ұлттық Құрылтайдың мүшесісіз, Қарағанды облысындағы ғылым мен білім саласының өкілі болып табыласыз. Құрылтай отырыстарында қандай бастамалар көтеріп, ұсыныстар жасайсыз?

– Ұлттық Құрылтай отырыстарындағы басым бағыттардың бірі – ғылым мен білім беруді дамыту мәселелері. Құрылтай шеңберінде біз жұмыс органымен өзара тұрақты іс-қимыл жасасып отырмыз. Бұл бізге білім беру және ғылыми зерттеулер жүйесін жақсартуға бағытталған күш-жігерімізді тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

– Нұрлан Орынбасарұлы, алдағы Құрылтай отырысында талқылау үшін қандай мәселелер мен бастамаларды басым орында деп санайсыз?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты іс-шарада: «Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс», – деп атап көрсетті. Біздің мәдениетіміз бен руханиятымыздың алтын діңгегі болып саналатын қазақтың күй өнері жөніндегі маңызды бір мәселе бар. Қазақ халқының күй өнері екі үлкен мектепке бөлінетіндігі белгілі. Дәстүрлі аспаптық музыканың асқар шыңы қасиетті өнеріміздің басында тұрған төкпе күй мектебінің атасы Құрманғазы мен шертпе күй өнерінің негіздеушісі Тәттімбет – еліміздің әлемдік өркениетке қосқан есімдері, ұлт мақтаныштары. Төкпе күй өнері Батыс Қазақстан мен Маңғыстау аймағында, шертпе күй өнері Арқа, Алтай-Тарбағатай, Қаратау, Жетісу өңірінде қалыптасқан. Күй атасы, композитор Құрманғазы мен оның шәкірттері орындаған төкпе күй өнері бүгінде ұлттық өнеріміздің шыңына айналды. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік оркестрінің орындауындағы төкпе күйлер халқымыздың рухын көтеріп, тарихи жадысын шыңдап келеді.

Биыл – ұлы композитор, шертпе күй өнерінің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығы. Осы орайда Күй күмбезінің ұлы есімін қайта жаңғырту арқылы, ұлттық руханиятымыз бен құндылықтарымызды сақтауға, зерделеуге жол ашады. Мәңгілік мұрамыз күй өнерін дәріптеу, насихаттау және ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолданудан біздің ұтарымыз мол болмақ. Менің ойымша, биылғы мерекелі жылы, еліміздің бас қаласы Астанадағы өнер, мәдениет саласы мамандарын даярлайтын оқу орындарының біріне халқымыздың біртуар тұлғасы, композитор Тәттімбет Қазанғапұлының есімін берсе құба-құп болар еді. Алматыда – Құрманғазы, Астанада – Тәттімбет, домбыраның қос ішегіндей – төкпе күй мен шертпе күй шебер сабақтасып, жақсы жарасым табар еді.

– Жалпы Сіздің беделді заңгер ретінде цифрлық әділеттілікті дамыту жөніндегі ұсыныстарыңыз сот саласындағы реформалардың ілгері жылжуына оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз. Осы тұрғыдан алғанда, цифрлық технологияларды сот төрелігіне біріктіру азаматтар мен сот жүйесі арасындағы өзара іс жүргізу іс-қимылына қаншалықты оң әсерін тигізеді деп ойлайсыз?

– Мен заңгер ретінде көтергім келетін екінші мәселе – цифрлық әділеттілікті дамыту. Цифрлық сот төрелігінің белсенді дамуы байқалады, онда сот қызметін цифрландыру процестері сот процестерін электрондық басқаруға ықпал етеді, бұл сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстың инновациялық әдістерін енгізуді қамтиды. Алайда, ел халқы үшін сот төрелігінің қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалануды жандандыру қажеттілігі туындайды, бұл азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады. Мәселен, 2014 жылдан бастап Қазақстанда «Сот кабинеті» жүйесі жұмыс істейді, ол сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай «терезесі» болып табылады, бұл халыққа интернет арқылы қашықтық режимінде соттарға жүгінуге мүмкіндік береді. Цифрлық технологияларды сот төрелігіне біріктіру азаматтар мен сот жүйесі арасындағы өзара іс жүргізу іс-қимылын жеңілдетіп қоймайды, сонымен қатар, құқықтық информатика саласындағы ғылыми зерттеулерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұдан бөлек, Қазақстанда «Е-татуласу», «Онлайн-әңгіме», «Сот істерін іздеу», «Өтініштердің онлайн-конструкторы» және «Сот актілерінің банкі» сияқты түрлі электрондық сервистер табысты жұмыс істеуде. «Төрелік» жүйесі сот процесінің қолжетімділігі мен ашықтығын жақсартуда да маңызды рөл атқарады. «Е-қылмыстық іс» жобасы аясында барлық қылмыстық істердің 74%-ы ендігі уақытта соттарға электрондық форматта келіп түсуде. Мұның бәрі цифрлық технологияларды қылмыстық сот ісін жүргізуге интеграциялаудың айтарлықтай ілгерілеуін көрсетеді, бұл өз кезегінде сот органдарының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қылмыстық істерді жедел және тиімді шешуге ықпал етеді. Қол жеткізілген табыстарға қарамастан, келесі проблемаларды бөліп айтар едім, мысалы: жасанды интеллектті қолдану арқылы халықтың құқықтық көмек алуға қолжетімділігінің болмауы; қолданыстағы цифрлық сервистер негізінен заң қызметтерін көрсететін мемлекеттік органдар мен мекемелердің пайдалануына арналған; халыққа уақытылы алынатын заң көмегінің болмауы есебінен елдегі сот істерінің ұлғаюы, осыған байланысты қоғамдағы жанжалдың өсуі. Осы тұрғыда істің кезеңдік сатылары туралы ақпарат беру, сот практикасын зерделеу, сондай-ақ оны қазақ және орыс тілдерінде жалпылау жолымен халыққа сот талқылауына дайындалуға көмектесуді қамтамасыз ететін сот істеріне дайындық бойынша автоматтандырылған жүйе құруды; қазақ және орыс тілдеріндегі жасанды интеллект және деректерді талдау құралдарын пайдалана отырып, халықтың сот шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз етуге арналған сот процестерін қаржыландыру бойынша цифрлық сервис құруды; қазақ және орыс тілдерінде практикалық қолдану ерекшелігін ескере отырып, мәтіндік сұрау салу негізінде жасанды интеллектті пайдалана отырып сот құжаттарының конструкторын әзірлеуді; ҚР Сот әкімшілігімен, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, ҚР Әділет министрлігімен ынтымақтастық орнатып, Меморандумдар жасасуды ұсынамын.

– Сіз ғылым мен жоғары білім беру саласында қандай ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырсыз?

– Мен мұнда бірнеше проблемалық аспектілерді бөліп айтар едім. Біріншіден, бүгінде Қазақстан қарқынды демографиялық өсуді бастан кешуде. 2024 жылы мектеп түлектерінің саны шамамен 190 000 адамды құрады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіштің одан әрі артуы күтілуде. Түлектердің басым көпшілігі ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр. Демографиялық өсімнің айқын позитивті жақтарына қарамастан, баспанаға мұқтаж басқа қалалық студенттер санының үнемі өсіп отыратындығына байланысты белгілі бір тәуекелдер де бар. Сонымен қатар, студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету білім беру қызметтерін сапалы ұсынудың ажырамас бөлігі болып табылады. Астананың жоғары білім беру мекемелері дәстүрлі түрде Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген мектеп түлектері үшін тартымды орын болып табылады. Сондықтан Астана жатақханаларындағы төсек- орындардың жетіспеушілігі жылдан-жылға өзектілігін сақтап отыр. Астана өңіріндегі жатақханаларда орын тапшылығы мәселесі толық шешілген жоқ. Демографиялық өсімге байланысты 2025 жылы мектеп түлектерінің саны күрт өсетінін, сондай-ақ, жаңа жатақханалар салу үшін бос жер учаскелерінің тапшылығын ескере отырып, Астананың жоғары оқу орындарында басқа қалалық студенттер үшін төсек-орындардың тапшылығы ұлғаятын болады. Менің ойымша, бұл мәселені шешудің бір жолы еліміздің орталық өңірлерінің бірінде, мысалы, Қарағанды облысында академиялық қалашықтар салу болмақ, бұл астаналық жоғары оқу орындардың жүгін жеңілдетуге көмектеседі. Мұндай жоба Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері үшін дамыған инфрақұрылымы бар кампустар салынатын Қонаев қаласында басталды.

Мен көтеруді жоспарлап отырған білім беру саласындағы екінші мәселе, бұл шекаралас мемлекеттердегі қазақстандық университеттер филиалдарының санын ұлғайту және Орталық Азиядағы білім беру орталығы ретінде Қазақстан Республикасының тартымдылығын арттыру. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды қоса алғанда, басқа елдермен байланысты белсенді дамытуда. Мұндай практика жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру және жаһандандыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының халықаралық білім беру аренасында өз позицияларын нығайтуға ұмтылысы аясында барған сайын танымал бола түсуде. Алайда, шетелде ашылған қазақстандық университеттер филиалдарының саны жеткіліксіз, бұл қазақстандық жоғары білім беруді халықаралық тұрғыда таныту деңгейін арттыруға кедергі болып отыр. Шекаралас мемлекеттерде қарқынды демографиялық өсім бар екенін ескеру қажет, бұл өз кезегінде сапалы білім алуға сұраныстың артуына әкеледі.

Тағы бір маңызды мәселе – отандық жоғары оқу орындарының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда республиканың жоғары оқу орындарының көпшілігінде КСРО кезінен қалған оқу корпустары мен басқа да инфрақұрылым нысандары бар. Шындығында, білім берудің шекарасы жоқ, оны әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында қашықтықтан алуға болады. Университетке оқуға түсе отырып, студенттер оқу ортасын таңдайды, ал егер біз олардың ең үздіктері бізде қалып, оқығанын қаласақ, онда олар үшін әлемдік стандарттар деңгейінде қолайлы жағдай жасау керек. Оқу және зертханалық корпустарды (GLP халықаралық стандарттары бойынша), студенттердің бос уақытын өткізу орталықтарын, спорт ғимараттарын және т.б. салуды және реконструкциялауды қоса алғанда, университеттердің қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасын қалыптастыру стратегиялық бастама болуы тиіс.

– Жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі – докторантураға түсу барысындағы күрделі процестерді заманның талабы мен ағымына ыңғайлы етіп жеңілдету турасындағы ой-пікіріңізді білсек…

– Иә, жоғары білім беру саласындағы шешімін таппай келе жатқан тағы бір мәселе ретінде докторантураға түсу кезіндегі көптеген формалды талаптар мен рәсімдерді атауға болады. Қазіргі жағдайда докторантураға түсу көптеген формалды талаптармен және рәсімдермен байланысты күрделі процеске айналды, бұл үнемі аса қабілетті және ынталы кандидаттарды анықтауға ықпал ете бермейді. Осыған байланысты академиялық еркіндік қағидаттары шеңберінде докторанттарды іріктеу процесін университеттердің қарамағына беру ұсынылады. Мұндай қадам университеттерге өздерінің бірегей білім беру және ғылыми басымдықтарына сүйене отырып, іріктеу критерийлері мен тетіктерін дербес анықтауға мүмкіндік береді. Тиімді мысал ретінде батыстық университеттердің тәжірибесін айтуға болады, онда докторантураға түсу профессор-оқытушылар құрамы бағалайтын зерттеу ұсынысын (research proposal) дайындауға және қорғауға негізделген. Әрбір профессор немесе ғылыми жетекші кандидаттарды өздерінің ғылыми қызығушылықтары мен жобаларының ғылыми жұмыстың міндеттеріне сәйкестігі негізінде дербес таңдайды. Мұндай тетік жеке білім беру траекторияларын құруға, докторанттарды зерттеу процесіне тереңірек тартуға ықпал етеді, сондай-ақ университеттердің ғылыми дайындық сапасы үшін жауапкершілігін қалыптастырады. Қазақстанда бұл тәсілді іске асыру докторантураға түсу рәсімін жеңілдетіп қана қоймай, процесті неғұрлым икемді ету арқылы ғылым қажеттіліктеріне бағдарлай және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкестендіре отырып, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

– Нұрлан Орынбасарұлы, уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңіз үшін көп рақмет. Сіздің ұсыныстарыңыз бен идеяларыңыз біздің қоғамның оң өзгерістерге және дамуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Сұхбаттасқан Қайрат ӘБІЛДА

Сообщение Ұлттық Құрылтай:  ұлы мұратқа ұмтылыс появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Buketov university – үздік ондықта
Қарағанды университетінің абыройы қандай қиын-қыстау кезде де бір мысқал төменшіктеп көрген жоқ. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жоғары оқу орындар арасында ойып орын алатын дәстүрін үзбеді. Оқу орны қазіргідей білімнің қатаң бәсекесінде талаптың үдесінен шығып келеді. Мысалы, биыл университет ұлттық рейтингтегі жетекші позициясын тағы да растады. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінің 2022 жылдың қорытындысы бойынша университет Қазақстанның жетекші көпбейінді жоғары оқу орындарының арасында III орынды және еліміздің көпбейінді өңірлік жоғары оқу орындарының арасында II орынды иеленді. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің нұсқасында Қазақстанның көпбейінді өңірлік жоғары оқу орындары арасында I орынды және жалпы рейтингте ұлттық университеттерге жол бере отырып, IVорынды иеленді. «Атамекен» палатасы рейтингінде университет – еліміздің үздік университеттерінің ондығында. Бұл туралы Қарағанды университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков ғылыми кеңесте есеп беру кезінде мәлімдеді. Студенттер де қатысқан кеңес отырысында университетте атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар да айтылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

«Білім беру қызметтері сапасының халықаралық стандарттарына сәйкестігін ресми растау аккредиттеу болып табылады. 2021-2022 оқу жылында 12 білім беру бағдарламасы аккредиттеу рәсімінен сәтті өтіп, 5 жыл мерзімге аккредиттелді», – деді Нұрлан Дулатбеков.

Биыл университетке 4108 студент оқуға түскен. Оның 3750-і – бакалавриат. Бұл 2022 жылғы шығарылған түлектердің санынан артық. Яғни, 2022 жылы 3640 түлек университет қабырғасынан түлесе, оның орнына 4108 студент қабылданыпты. Деректер жылдан-жылға университетке келуші студенттердің қатары көбейіп келе жатқанын көрсетеді.

«Өткен жылы университетке 4594 білім алушы қабылданды. Оның ішінде, бакалавриатқа 4128 адам, магистратураға – 418 адам, докторантураға – 48 адам. Атқарылған кешенді жұмыс аясында, соңғы жылдары университетте білім алушылар контингентінің өсуі байқалады. Мәселен, 2017 жылы университетте білім алушылар контингенті 10688 адамды құраса, 2022 жылы 13672 адамға көбейді. Соңғы жылы білім алушылар контингенті 21,8 пайызға өсті», – дейді ректор.

Ректордың айтуынша, 2021 жылмен салыстырғанда жалпы конкурс аясында грантқа түскен студенттер саны артып отыр. Конкурспен грантты 816 студент иеленсе, «Серпін» квотасымен 748 студент қабылданған. Ал 2022 жылы жалпы конкурс бойынша 1115 адам оқуға түскен. «Серпін» Атырау, Маңғыстау квоталарымен 324 студент оқуға келді. Сонымен, конкурспен түскен студенттер саны 26 пайызға көбейді.

Бұдан бөлек, басым құқықты иеленуші студенттер қатары да жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәлім етілген деректер университетке өткен жылы 103 «Алтын белгі» иегері оқуға келгенін айтада. Биыл ол көрсеткіш 118-ге жеткен. Республикалық пән олимпиадасының 1 жүлдегері болса былтырғы жылы, биыл олардың саны 13-ті құрап отыр. Халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жеңімпаздары да Қарағанды университетін таңдағанын атап өткен жөн. Осы жылы ондай жеңімпаздың 9-ы Қарағанды университетіне келген. Былтыр мұндай көрсеткіш болған жоқ.

Университеттің алға қойған тағы бір мақсаты – жекелеген бағдарламаларды ағылшын тілінде оқытуға көшу. Осы орайда, биылдан үш білім беру бағдарламасы толығымен ағылшын тілінде жүргізілуде. Олар – «Химия» докторантурасы және «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы»магистратура бағдарламалары.

– Сонымен қатар, шетелдік білім алушылар үшін білім беру бағдарламаларын тартымды ету мақсатында білім берудің барлық деңгейлерінде ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының тізбесін кеңейтіп, шет тілдерін тиісті деңгейде меңгерген сертификатталған оқытушыларды даярлауды жалғастыру қажет, – деді ректор.

Университет 150 шетелдік жоғары оқу орнымен және ұйымдармен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. 2021 жылғы қыркүйек пен 2022 жылғы тамыз аралығында университет АҚШ, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Венгрия, Словакия және өзге де елдердің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 24 келісімге отырған.

«2021-2022 оқу жылының күзгі семестрінде 7 студент республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропаның жоғары оқу орындарында білім алды. Қазіргі таңда Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан университетімізге осы оқу жылына бөлген қаражаты есебінен 18 студенттің шетелге баруы жоспарлануда.

Сыртқы шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университеттің 185 студенті Еуропа және басқа шет елдердің жоғары оқу орындарында білім алды.

Біздің университеттің 5 студенті Ұлы Витаутас университетінде (Литва) ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу үшін ай сайын 460 еуро мөлшерінде төленіп тұратын Литва мемлекеттік стипендиясын жеңіп алды. Жалпы, әртүрлі елдерден келген студенттерге небәрі 20 грант бөлінгенін айта кеткен жөн», – деді Нұрлан Орынбасарұлы.

Кеңес отырысында университеттің барлық бағыттағы қызметі толық жария етілді. Білім берудегі аса қажетті мәселелердің барлығы кеңінен сөз болды.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Сообщение Buketov university – үздік ондықта появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бөкетов университетінің студенттер қалашығында қайырымдылық акциясы өтті
Бөкетов университетінің студенттер қалашығында Қарағанды облысындағы «Жусан Банк» АҚ филиалының өкілдері қатысуымен қайырымдылық акциясы өтті. Студенттер үйінде тұратын білім алушыларға 3 азық-түлік себеті мен азық-түлік салынған 172 қорап таратылды.

Суреттер университеттің баспасөз қызметінен

Игі іс-шарада сөз алған Қарағанды облысындағы «Жусан Банкі» АҚ филиалының басшысы, университетіміздің түлегі Қайрат Әлімқұлов білім адамды ақылды, күшті және мейірімді етеді дей келе, өзі басқарып отырған ұжым қайырымдылық шараларға қатысуды ұйғарғанын айтып кетті. Қайырымдылық – асыл қасиет екенін негізге ала отырып, ел болашағы жастарға қолдау таныту алдағы уақытта да банктің бір ұстанымы болып қалатынын жеткізді.

Алдыңғы оқу жылында банктің қолдауымен студенттер үйінің аумағына тал егілген болатын. Түлеп ұшқан қара шаңырағын қасиет тұтып жүрген түлекке университет басшысы Нұрлан Дулатбеков ерекше ризашылық білдіріп, алғыс хат табыстады.

Сообщение Бөкетов университетінің студенттер қалашығында қайырымдылық акциясы өтті появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Білім сапасы күн тәртібінен түспеуі тиіс
Білім – баға жетпес үлкен рухани күш, сонымен қатар, аса зор өндіргіш құрал. Сол себепті де бүкіләлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Сондықтан да, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан білімге үлкен басымдық беріп отыр.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты, ҰҒА корреспондент-мүшесі,

заң ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында: «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», деп атап өткен болатын.

Осыған байланысты экономиканы, соған сәйкес Білім және ғылым министрлігінің міндеттерін жаңғырту жолында білім беру жүйесінің рөлін қайта бір ой елегінен өткізудің маңызы ерекше. Біз бұл мақаламызда білім саласында жеткен жетістіктерімізді емес, қордаланған өзекті мәселелерге тоқталу мақсатын қойдық. Олардың біразын тізбектеп кетсек: жоғары оқу орындарында профессорлық-оқытушылар құрамы тұрақталмаған; білім беру бағдарламаларының мазмұны нарық талаптарына сай қамтылмаған; үш тілді білім беру бағдарламалары толыққанды енгізілмеген; жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімсіз пайдаланылады, университеттік ғылыми көрсеткіштер өте төмен; профильдік докторантурада кадрларды дайындауға грант бөлінбейді; постдокторантура жоқ; мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі шешілмеген; инновациялық құрылымды қолдаудың институттық нысандары толық дамымаған; өркениетті елдермен салыстырсақ, біздің ғылыми зерттеулер үлесіміз он есе төмен; қаржыландырылатын ғылыми-зерттеулік жобалардың 0,1% ғана коммерцияландырады; инновациялық парктер, стартап аймақтар және конструкторлық бюролар инфрақұрылымдары дамымаған; жатақханаларда студенттерге орын жетіспейді; университеттік ғылымды бизнес құлықсыз қаржыландырады, өндіріспен тиімсіз жұмыс жүргізіледі; ведомствоаралық кедергілер, сондай-ақ жеке секторда экономикалық ынталандыру шараларының болмағандығынан білім, ғылым және өнеркәсіп салалары тиімді біріге алмай жатыр…

Білім беру сапасының критерийі оқу орындары түлектерінің білімін аттестаттау емес, олардың еңбек нарығындағы кәсіптік қажеттілігі болуы шарт. Сонда ғана білім беру саласындағы өкілетті органның рөлі білім беру субъектілерінің қызметін бақылаумен ғана шектелмей, осы бағыттағы бірлескен күш-қимылдарды үйлестіруді, оларға қолдау көрсету және озық үлгілі идеялар мен технологияларды дайындап шығаруды қамтитын болады.

Барлық жоғары оқу орындарының дербестігі мен теңдігін заңдық тұрғыда бекіткен жөн. Шет елдердің тәжірибесі білім берудің сапасы сандық емес, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, оқыту, ресурстармен қамтамасыз ету, оқытушылар құрамының кәсіптік құзыреті және халықаралық қызметті ұйымдастыру деңгейлеріне, сондай-ақ, аккредиттеуден өтуі және басқа осы сияқты сапалық факторларға тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Егер жоғары оқу орындарын лицензиялау жайында сөз етер болсақ, бұл ретте оқу орындарында мамандықтардың қайталануы және кадрларды ЖОО-ның өз профильдеріне сай емес мамандық бойынша даярлауына назар аударғым келеді. ЖОО-ның арасындағы бәсекелестіктің де қалыпты емес екенін айта кеткен жөн. Жоғары оқу орындарын мамандықтар бойынша емес, даярлау бағыттары бойынша лицензиялауға көшетін кез келді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар: жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, даярлықтың бағыттарының ішінде, өз беттерінше әзірлеп шығарады.

Мұндай жағдайда жоғары оқу орындары қоғам алдында кадрлар даярлаудың сапасы үшін әлеуметтік жауаптылықта болады. Жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен нақтылы кадрлар даярлау жүзеге асырылады. Бұл жоғары оқу орындары студенттерінің білім беру бағдарламалары бойынша контингентін олардың бәсекелестігі және еңбек нарығының сұранысы негізінде құрап шығаруға алып келеді.

Білім сапасы тек кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатылған және қоғам алдында жауапты болған жағдайда ғана қамтамасыз етіледі. ЖОО қызметінің тиімділігі, ең алдымен, оның қаржылық тұрақтылығына негізделеді. ЖОО-ның тұрақты қаржылық жағдайы ғана оның сапалы академиялық, зерттеу және басқа да бағыттарын қамтамасыз ете алады. Бұл жерде ЖОО қызметін экономикалық реттеу тетіктерін енгізу мәселесін қарастырудың маңызы ерекше деп білемін. Атап айтқанда, ЖОО-ның жеке меншік (жарғылық) капиталына талапты күшейту және айыппұл санкцияларын енгізу қажет.

Қазақстанда PhD докторы дәрежесін Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет береді. Бұл ЖОО ғалымдарына сенімнің жоқтығын білдіреді. Соған қарамастан ғалымдардың басым бөлігі жоғары оқу орындарында шоғырланғаны белгілі. ЖОО ғылымына қолдау жасау керек және ғылыми дәрежелер беру мәселесін ЖОО құзырына берген жөн.

Профессор-оқытушылар құрамының беделін көтеру мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізуді ұсынамыз.

Ғалымдардың нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда жариялауға тиіс ғылыми еңбектеріне қойылатын талаптарды да қайта қарау керек, өйткені барлығы бірдей жарияланымдардың санын толтыруға ұмтылады, ал сапасы жақсарта түсуді қажет етеді.

Отандық ғалымдар еңбектерінің қазақстандық ғылыми метрикалық базасын құру қажеттігі пісіп-жетілді. Бізге отандық ғалымдар еңбектерінің беделін шетелдік ғылыми метрикалық мәліметтеріне қарамастан көтеру керек.

Біз министрліктің білім беру гранттарының санын тек жоғары білімге ғана емес, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге де көбейту жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, ол қазақстандық жастардың шетелдерге кетуі проблемасын шешудің бір жолы болып табылады.

Жоғары оқу орындарына түсудің шекті деңгейін сақтауға байланысты жас түлектердің қомақты бөлігінің шет елдерге кетіп қалуы орын алып отыр, шет елде қазақстандықтарға мұндай талаптар қойылмайды. Біздің азаматтардың бұл жағдайда жұмсайтын қаржысы шаш-етектен. Бұл жерде де мәселеге мемлекеттік тұрғыдан қарамау көрініс береді.

Педагог мамандардың еңбегіне ақы төлеу өте өзекті мәселелердің бірі болып қалып отыр. Еліміздегі білім саласы қыз­меткерлерінің орташа еңбекақысы Қазақстан бойынша орташа еңбекақының 62 пайызын құрайды. Ал педагогтер арасында барынша аз алатындар – мектепке дейінгі білім педагогтері – 41%. Жоғары оқу орындарының орташа еңбекақысы жөнінде айтар болсақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін елдердегіден әлдеқайда төмен. Мысалға, Латвияда оқытушылар шамамен 1112 АҚШ доллары мөлшерінде еңбекақы алады, бұл дегеніңіз, біздегіден 3 еседей артық. Қазақстан білім беру жүйесінің жағдайы және оны одан әрі дамыту жөніндегі Ұлттық баяндамада аталып өткендей, педагогтердің біліктілік деңгейін және еңбекақысын көтеру үшін олардың қызметтік өсуінің жаңа жүйесін қалыптас­тыру қажет. Педагогикалық қоғамдастық ұсынып отыр­ғандай, мұғалімдерге 25-30 жыл еңбек сіңірген қызмет өтілін қайтару және зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігі туралы мәселені қарастыру қажет. Педагог үшін 63 жаста зейнеткерлікке шығу – педагогикалық кәсіп бойынша өте азапты, ауыр жол. Кез келген психолог бұл кезеңде кәсіптік «тоқырау» өріс алатынын айтады. Өзіңіз алаңда балаларды қуалап, олармен түрлі қимыл-қозғалысқа түсетін ойындар ойнап жүрген 63 жастағы балалар бақшасының тәрбиешісін көзіңізге елестетіп көріңізші. Тағы бір маңызды мәселе, мектеп мұғалімдерінің дені әйелдер болып отырғандығы. Қазіргі таңда еліміздің білім беру мекемелерінде еңбек ететін қызметкерлердің, нақтырақ айтсақ, ұстаздардың 80-85 пайызы әйелдер. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қызметінде де әйел мұғалімдердің қарасы қалыңдап келеді. Тіпті, денешынықтыру, әскери тәрбие пәндерінен де қыз-келіншектер сабақ беретініне етіміз үйреніп қалды. Міне, осы үрдіс енді жоғары оқу орындарына да ауыса бастаған сияқты. Себеп белгілі – еңбекақы аз, ынталандыру мардымсыз. Әлбетте, балалар үшін әке қандай қажет болса, ер мұғалімдердің де сондай маңызы бар. Жастарымыздың бойында еркекке тән өжеттік, мәрттік, батылдық рухы әлсіреп бара жатқаны туралы пікірлер жиі айтылады. Осыған орай білім беру жүйесінде еңбек ететін ер-азаматтардың үлес салмағын көбейтуге қатысты іс-шаралар кешенін жасап, жүзеге асыруға да мемлекеттік маңыз беретін уақыт жеткен сыңайлы.

Қорыта келгенде, экономиканы жаңғырту жолындағы білім беру жүйесінің рөлі барынша арта, маңыздана түскені көзге ұрып тұр. Бұл ретте, кадрлар даярлаудың сапасына, сондай-ақ салалық министрліктер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері де жауап беретінін есте ұстауымыз керек. Мысалға, «Болашақ» стипендиясын беру рәсіміне айқындық беру үшін үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына ірі ұлттық компаниялардың, холдинг, кәсіпорындардың өкілдерін енгізу керек. Өйткені, нақ солар әлеуетті жұмыс берушілер болып табылады.

Бүгінде ел игілігі үшін тер төгіп жүрген «Болашақ» түлектері көп. Дегенмен, солардың барлығы дерлік мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықты, артылған сенімді ақтады ма? Меніңше, жоқ. Мәселен, мемлекет қаржысы есебінен шетелдерде оқып, елге қайтпай қалғандар да жетіп-артылады. Алдағы уақытта бұл бірегей жобаны да ұдайы назарда ұстап, «Болашақ» үшін жұмсалған қаржы-қаражатты еселеп қайтарып алудың тетіктерін жан-жақты ойластырған жөн.

«Ертеңін ойламаған ел азады», дейді халық даналығы. Барын бағалап, жоғын саралап отыратын, өскелең ұрпағына талапқа сай байыпты білім, қалыпты тәрбие бере білетін ел озады. Сол тұрғыда қазақстандық жоғары білім жүйесі де бәсекелестікке қабілетті болуы шарт. Өйткені, бәсекеге қабілетті білім бәрін жеңеді.

(«Егемен Қазақстан» газетінен).

Сообщение Білім сапасы күн тәртібінен түспеуі тиіс появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қараның ханы, Даланың заңы да – Өзі
Өткен апта соңында Қарағандыда Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Ұлттық руханият және Қаздауысты Қазыбек би мұрасы» атты республикалық конференция өтті. Онда еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі ғалымдар мен зерттеушілер келіп, баяндамалар жасады.

Конференцияны Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған екен. Білуімізше, бұл – ел көлемінде тойлануы тиіс Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған тұңғыш шара. Қарағанды бірінші бастап отыр. Тағылымды жиынның ұйымдастырылуында кем жоқ. Еліміздің әр өңірінен 120-дан астам мақала келіп түссе керек. Солардың ішінен ғылыми сипаты бар таңдаулы 76 мақала топтастырылған жинақ қолымызға тиді. Бір қызығы, конференциядан Жамбыл Артықбаев пен Темірғали Аршабековтен басқа тарихшы ғалым көрмедік. Баяндама жасаған ғалымдардың дені филологтар мен тіл мамандары һәм философтар. Ғылыми мақалалар топтастырылған жинақта тарихшы ғалымдардан Ханкелді Әбжанов пен Темірғали Аршабековтің мақаласы ғана бар. Бұл – ұйымдастырушы тараптың кемшілігі емес, әрине. Анығында, Қазыбек би бабамыз тарихи тұлға емес пе еді? Қазіргіше айтса, мемлекет және қоғам қайраткері, оратор-шешен, теңдессіз мәмілегер тұлға ғана емес, философ десе болады. Әдеби мұрасы өз алдына бөлек әңгіме. Ол туралы филологтар айтқанымен, қарадан хан шыққан Қазыбек бабамыздың Қазақ хандығындағы орны жайлы нақты ғылыми тұжырым қайда? Тарихта (қазір де) хан мен хан, би мен би, көсем мен көсем ғана тең дәрежеде сөйлессе керек-ті. Осы тұрғыдан алғанда, қалмақтың ханы – қонтайшыны тұқыртып, Абылай ханды тұтқыннан босатып алған Қазыбек бидің бағасын бере алып жүрміз бе деген заңды сауал туады көкейде? Жоғарыда қараның ханы деуімнің бір сыры – сонда.

Республикалық деңгейдегі рухани шара қаладағы Қаздауысты Қазыбек би ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. «Нұр Отан» партиясы ғимаратындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев жүргізіп отырды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков алқа мәжілісінде алғашқы болып «Қаздауысты Қазыбек би және билер соты» тақырыбында баяндама жасады. Ол кісі: «Заң саласында «мемлекет және құқық» деген пән бар. Осы пәннің оқулығы бізде 90-100 беттік. Онда Қазақ хандығының «Жеті жарғы», Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы сияқты мемлекеттік заңдары жеке тақырып ретінде қамтылған. Ал, біз 1992 жылдары Түркияға барғанда, аталған пәннің оқулығы 900 беттей екен. Соның ішінде Түркі халықтарының заң-жарғылары деген тарауда әз Тәукенің басшылығымен Қазыбек, Төле, Әйтеке билер құрастырған «Жеті жарғы» заңдар жинағына тұтас бір бөлім арнап, 90-100 бет талдау жасаған», – дейді. Сондай-ақ, Нұрлан Орынбасарұлы бұрнағы жылдары осы Қарағанды ғалымдарының құрастыруымен «Болашақ» университеті Қазыбек бидің энциклопедиясын шығарғанын тілге тиек етті.

Алқа мәжілісінде Нұрлан Дулатбековпен қатар, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің «Қазақ мәдениеті тарихындағы Қаздауысты Қазыбек би тұлғасы», тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың «Қазақ хандығының басқару жүйесі және Қаздауысты Қазыбек би», филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыпов­тың «Қаздауысты Қазыбек би сөзінің күші (тіл суггестиясын пайымдау)», филология ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Жұмағұловтың «Қазақ би-шешендер мұрасының зерттелуі», филология ғылымдарының докторы, профессор Берік Рахымовтың «Қаздауысты Қазыбек бидің шешендік өнер шежіресі», Мұрат Нұрақышевтің «Ұлыс биі Қаздауысты Қазыбек және Арқада қалыптасқан билік жүйесі» атты баяндамалары тыңдалды. Осылардың ішінен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жантас Жақыповтың баяндамасына бөлек тоқталуға болады. Онда мынадай мәселелер қарастырылған:

«Қазыбек би туралы бір тарихи әңгімеде қалмақ ханы қонтажының қазақтардың талабын орындауы – бала Қазыбек сөзінің ықпалы екені айтылады: «Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып «тыпыр етші, көрейін» деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен, маған көрінді. Менің енді бұған айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп, алдына салып беріңдер», – деген шешімге келіпті қалмақ ханы. Яғни, мұнда қонтажы бітімге қаймыққаннан келген жоқ, елшілердің айтқанын істемеймін десе, оның әскери қуаты да, өзінің айбары мен ақылы да жетіп тұрған болатын. Оның сөзінен байқап тұрғанымыздай, бұл – сөз күшінің әсері, ықпалы. Сөздің мұндай қасиетін психолингвистиканың сөз қабылдау (восприятие речи) саласында сөз суггестиясы дейтін тармағы зерттейді. Жалпы тіл білімінде психолингвистика аясында кейінгі кезде зерттеле бастаған «суггестия» термині қазақ ұғымында сену, илану дегенді білдіреді. Сондықтан, суггестия – сананы билеуші, болмыстағы сенімді қалыптастыратын, реттейтін ұғым, адамның алдына мақсат қою жолына жетер биігі. Ал, тілдік суггестия осы сенім көздерін сөз арқылы бейнелеп, адамның өзін-өзі сендіруін, сөз құдіретіне табынуын білдіреді. Бір қарағанда, бұл аса маңызды құбылыс болып сезілмейді. Себебі, біздің көбіміз – материалиспіз. Оның сырын ұғу үшін терең түйсік керек. Суггестияға сөздің көркемдігі де қатты әсер етеді. Мәселен, Қазыбектің «Сен – темір де, біз – көмір, Еріткелі келгенбіз» дегенін «сен темір сияқтысың, мен көмір сияқтымын, мен жансам, сені ерітемін» десе ешқандай әсер болмаушы еді. Мұндағы әсер – метафора. Жай ғана көркемдеуіш құрал емес – бұл. Қазіргі ғылым концептуалды метафора – адамның танымына әсер ететінін дәлелдеп жатқанын білеміз. Сондықтан, Қазыбек би сөзінің күші суггестиясымен қатар, осындай көркемдігінде жатса керек.

Тарихшы Жамбыл Омарұлы бидің «Қаздауысты» аталуына орай бір жақсы айғақ келтіреді. «Қазақтың қалың ортасында мемлекет пен қоғам өмірінің маңызды деген мәселелері бүкіл ел басшылары мен қарулы азаматтар қатысқан жиында шешіледі. Осы ұлы нөпір жиынды «Қаз» деп атайды. Оның өткізілу салты да, шешетін мәселесі де кеңес пен жүгіністен бөлек. Міне, осындай жерде би-шешеннің шеберлігі, даусының күштілігі сынға түседі. Бүкіл қазақтың жиынын меңгеріп кету оңай емес. Сол себептен, Бұқар жырау Абылай ханды тоқтатқысы келсе:

«Ашуланба, Абылай,

Ашулансаң, Абылай,

Көтерермін, көрермін,

Көтеріп қазға салармын…», – дейді.

… Бабамыздың «Қаздауысты» атануына – ең алдымен, оның бүкіл қазақ қауымы жиналған ұлы дүбірлі жиындарды өзіне бағындырған шешендік қасиеті, ақылмандығы себеп.

Бүгінгі күнмен сабақтастырсақ, Президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңғырудың негізі – ұлттық кодты сақтау деді. Ұлттық код қалай сақталады? Ұлттық код әуелі ұлттың тілі арқылы сақталады. Жоғарыдағы пікірлерді ескере келе, осы ұлттық кодымызды сақтауға әсер ететін бірден бір тұлға – Қаздауысты Қазыбек дер едім», – деді Жантас Алтайұлы.

Алқа мәжілісінен соң конференция жұмысы «Билер философиясы: ұлт дүниетанымы мен руханияты», «Шешендік өнер және тіл мәселесі», «Қаздауысты Қазыбек бидің мемлекет пен құқық тарихындағы орны» тақырыптары бойынша 3 секцияға бөлінді. Онда да алдын ала тағайындалған ғалымдардың жетекшілік етуімен зерттеушілер баяндамаларын қорғап, Қазыбек бидің бай мұрасын жан-жақты насихаттады.

Бұған дейін Түркістан қаласында Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың ескерткішін тұрғызу мақсатында есепшот ашылған болатын («Орталық Қазақстан», 6 сәуір, №37). Есепшот реквизиттерін назарларыңызға қайталап ұсынғанды жөн көрдік.

Жәнібек ӘЛИМАН

<colgroup>
<col width="165" />
<col width="284" /> </colgroup>

Есепшот

номері

Банк

реквизиттері

ИИК KZ6884906KZ001506370

БИН 170240002006

Код 18

КНП 119

«Нұрбанк» АҚ

БИК: NURSKZKX

БИН 001041002569

Шымкент қаласы, Асқаров көшесі, 41-б

Байланыс телефоны: 8 (72-52) 56-39-31 (ішкі байланыс 126, 124,)

Айнұр, Әйгерім.

Сообщение Қараның ханы, Даланың заңы да – Өзі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Колледж мәселесін көтерді
Шертпе күйдің шебері Тәттімбет атындағы колледждің жағдайы адам шошырлық. Талай дарындарды ұясынан ұшырған өнер ордасы орналасқан ғимараттың тозығы жеткен.

Көптің көкейінде жүрген мәселе Қарағанды шеңберінен шығып, Мәжіліске дейін жетті. Халық қалаулысы, ұлт жанашыры Нұрлан Дулатбеков бұл мәселені Мәжілісте өткен Үкімет сағатында көтеріп, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті өнер ордасындағы ахуалды көзбен көруге шақырды.

– Қадыр Мырза-Әлиевтің өлеңі бар: «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген. Күй өнерінде екі мектеп қалыптасқан. Оның біріншісі – төкпе күй. Құрманғазы мектебі. Екіншісі – шертпе күй. Тәттімбет мектебі. Мен бүгін Тәттімбет атындағы колледж туралы айт­қым келіп отыр. Мен сіздердің бірнеше хаттарыңызды алдым. Бірақ, бұл хаттарыңыз маған ұнамайды. «Мәңгілік Ел» дейміз. Егер, біз күй өнерін, оның ішінде, қалыптасқан үлкен бір мектебін жоғалтып алатын болсақ, онда біздің «Мәңгілік Ел», алға қойған мақсаттарымыз қайда қалады? Сізді менімен бірге Қарағандыға барып, сол колледжді көріп қайтуға шақырамын. Шертпе күйдің шежіресі, сол жерде қалыптасып қалған үлкен күй мектебі жойылғалы тұр, – деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбеков.

Сонымен бірге, депутат білім саласына енгізіліп отыр­ған өзгерістер қанша маңызды болғанымен, ежелден бері дәстүрлі өнер мектептерінің жойылуына жол беруге болмайтынын атап өтті.

«Біздің өзіміздің, табиғатымыздан келе жатқан мұраларымызды ұмытып кетер болсақ, біздің реформаларымыздың түкке қажеті болмай қалады», – деді депутат.

Сұлтан ҚАЗИЕВ,

«Болашақ» академиясының студенті.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Сообщение Колледж мәселесін  көтерді появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.