Архивы Мағжан Жұмабаев - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Ермеков мұрасы – ел назарында
Мағжан ЖҰМАБАЕВ атындағы №39 мектеп-гимназияның ұжымы Отанына мінсіз қызмет етуде жоғары азаматтылықтың үлгісін көрсеткен Әлімхан ЕРМЕКОВКЕ арналған кабинет ашты. Тұңғыш математиктің еңбектері қойылған кабинеттегі басқосу жиыны жоғары деңгейде өтті.

Мектеп ұжымы қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны «Әлімхан Ермеков – қазақтың тұңғыш профессор математигі» атады. Оған қоса математиктің кітабының түпнұсқасы қойылған жеке кабинетке ғалымның кітаптары қойылып, суреттері ілінді. Алдағы уақытта білім ошағынан математиктер оқытып шығаруды мақсат еткен мектеп директоры қатысушыларға жылы лебіз білдірді.

Жангелді БАЗЫЛ, №39 гимназия директоры:

– Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты– ұрпаққа қазақтың тұңғыш профессор математигі Әлімхан Ермековті таныту. Оқу-тәрбие үрдісінде ғалым шығармашылығының құндылығын, тәрбиелік мәнін насихаттау және оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру болатын.

Жиынға қатысушы ғалымдар математик мұрасынан зерделеуде қол жеткен жаңалықтарымен бөлісті. «НұрАлаш» қоғамдық қорының директоры Иран Ермеков: «Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін насихаттау бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Әлімхан мұрасына қатысты қор Астана қаласында, Ақтоғай ауданында бірнеше шаралар өткізді. Алаш қайраткеріне арнап Мағжан атындағы мектепте жиын өткізудің мәні ерекше», – деді. Қалалық мектептердің ұстаздары баяндама оқыды.

ҚарМУ-дың техника ғылымдарының кандидаты, профессор Төлеуғазы Смаилов Әлімханның әкесі «Әбеу халқына қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болды. Былқылдақта Құнанбай сұлтан сайланған кезде Ермек той жасаған. Тойда Абай мен Әбеу кездеседі. Әбеу уезд басшысы сайланғанда Абай Әбеуге қыран бүркіт сыйлайды. Абай мен Әбеудің достығы содан басталады. Әбеу інісі Смайылға беріпті» деген естелікпен бөлісті.

Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қанат Өскембаев Әлімхан Ермековтің өмірі мен еңбегін төрт бағытта қарастыруды алға тартты. Ғалым баяндамасында алдымен, Ермековтің саяси қайраткерлігі қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күресінен танылған деді.Тарихи қысқа мерзімде-ақ, қайраткердің қатысуымен қазақ жерінің тұтастығын сақтау, атап айтқанда: Батыс Қазақстан өңіріндегі Каспий жағалауларының, Семей, Ақмола облыстары мен Алтай өңіріне кірген қазақтар тығыз орналасқан Коростелов даласының Қазақстанға қайтарылуы жүргенін атады.

– Губревком, кейін Қазревком мүшесі, әрі коллегия төрағасы, жоспарлау басқармасы мен өнеркәсіп саласындағы қызметтерінде жүріп, Кеңес үкіметі мекемелерін жергілікті халықтардың өмір жағдайына бейімдеу арқылы жергілікті халықтың жағдайын орыс шаруаларының жағдайымен теңестіруге талпынды. Екіншіден, жергілікті халықтардың мемлекет өміріне белсене араласуына кең мүмкіндіктер, орыс шаруалары мен орыс-казактарының қолындағы көшпелі халықтардың ата қоныс мекендерін қайтару үшін үлкен жұмыс жасады, – деді Қ.Өскембаев.

Конференцияның екінші бөлімі оқу-ағарту ісіне арналды. Бұл ретте ғалымның жастардың білім алуына ұйтқы болуы, 1958 жылы қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің математика кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып жүргенде зейнеткерлікке шыққаны айтылды. Сондықтан, Ермековтің оқытушылық қызметіне байланысты көп деректер осы ҚарМТУ мұрағатында «№2767 ОК-9 Әлімхан Ермеков жеке ісі» папкада және оның баласы ғалым-геолог, геология-минерология ғылымдарының докторы, марқұм Мағауия Әлімханұлының (1921-2006 жж.) жеке мұрағатындағы материалдарда сақталған екен.

Онда ғалымның Қарқаралы, Ұлытау, Балқаш, Баян өлкесінің жастарының білім алуына ұйтқы болуы, осы жылдары Кентте, Қызыларай өңірінде (бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданының территориясы) бастауыш мектептер ашуға үлкен еңбек сіңіріп, жастарды өнер-білімге тартқаны жөнінде деректер қамтылған.

Ұстаздар жиынның үшінші бөлімінде ғалымның математика бойынша дайындаған оқулықтарын талқылады. Қ.Өскембаевтың айтуынша, Ермековтің ғылыми-ағартушылық қызметі ХХ ғасырдың 20 жылдарында басталды. Сол жылдары ол республикадағы орта және жоғары оқу орындарының ашылуына ұйтқы болып, математика курсынан қазақ тілінде тұңғыш ғылыми еңбектер жазды. Мысалы: 1935 жылы, оның әуел баста екі кітап болып жоспарланған «Ұлы математика курсы» кітабының 1-бөлімі «Қазақстан» баспасында жарық көрді. Редакторы Құдайберген Жұбанов. 10 мың дана. 180 бет және 80 сызбадан тұрады. 1936 жылы 26 беттік «Математика басылымдарындағы ғылыми терминдер», ал 1937 жылы «Детерминанттар теориясының негіздері» атты еңбектері математика тарихында өшпес мұра болды. Сол ұстаздардың игіліне жараған оқу құралының бірі – қазір М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияда сақтаулы.

Сөйтіп, жиынға қатысушы жастар Ермеков мұрасымен толық танысты. Олар 18 жылдан астам өмірін Кеңес үкіметінің жазалау органдарының қудалауында өткізсе де адамгершілік қасиетінен, ұлтжандылық ұстанымынан танбаған Ермеков мұрасын сақтауға уәделесті.

Аяулым СОВЕТ

Сообщение Ермеков  мұрасы – ел назарында появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Салтанатты той, сауапты қадам
«Қазақ Жаңа жылы күн мен түннің теңелген күні болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Қазақ Жаңа жылын «Наурыз» дейді. Сондықтан қазақтың Наурызы – дін мейрамы емес, халықтық мейрам. Бұл мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып, қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл, адамдармен ұйымдастыратын мейрам ету керек» деп Мағжан ЖҰМАБАЕВ айтқандай, осы бір айтулы мерекені Қарқаралы қаласының жұртшылығы да ерекше сән-салтанатымен атап өтті.

Қарқаралыда мереке сауапты шарадан басталды. Қарқаралы өзенінің Қарала көпірден өтетін суағарының арнасы қар мен мұздан аршылып, тазаланды. Қала басындағы мекеме ұжымдары мен қоғамдық жұмыстағылар бірлесіп атқарған жұмысқа аудан басшысы Халел Мақсұтов қатысты. «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деген баталы сөздерден өз бастауын алатын мейрамның игілігі мен қуанышы ерекше. Тамырын тереңге жайған осынау мереке тазалық пен татулықтың, береке мен бірліктің тұғырын нығайтып, адамдарды шаттық пен қуанышқа кенелтеді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған салтанатты мереке аудандық мәдениет үйінің алдында қаламыздағы «Қайран жастық» ардагерлер ансамблінің ақ жаулықты аналарының наурыз көже, бауырсақ сияқты дәм-тұз таратуынан бастау алып, аудандық мәдени-сауық орталығының әншісі Д.Ахметжанованың «Наурызға шашу» әніне ұласты. Әдемі мерекелік жөн-жоралғы, ән-шашудан кейін Халел Мақсұтов:

«Халық арасында достық пен татулықты насихаттайтын осынау мерекенің мән-мағынасы өте зор. Киелі Тәуелсiздігімізбен қайта оралған Наурыз мейрамы бiрлiгiмiз бен татулығымыздың, салт-дәстүрiмiздiң, тiлiмiз бен дiнiмiздiң дамуына себепшi ұлы мерекеге айналып отыр. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың бiрлiгi мен татулығы нығайып, елiмiздiң көк байрағы биiктерден көрiне берсін! Бақ пен дәулеттің мерекесi Наурыз мейрамы әр отбасына ырыс-ынтымақ сыйласын!», – деп ізгі тілегін жеткізді.

Мәдениет үйінің фойесінде қала басындағы мекемелер әр ұлттың киімдерін киіп, астарын даярлап та әкелген. Қазақ, украин, түркімен, орыс, өзбек, грузин, татар халқының ұлттық тағамдарын, психоневрологиялық медицина әлеуметтік мекемесі, мұрағат, Азиялық несие қоры, №2 орта мектеп, М.Әдекенов атындағы ауыл шаруашылық колледжі, орталық аурухана, «Жастерек», №44 орта мектеп, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мекемелері дәмді астарын жиналған қауымға ұсынды. Ұлттық киім киген ата-әжелерден құрылған «Қайран жастық» ардагерлер ансамблі мүшелері мерекенің көрігін қыздырып, халық әндерін шырқады. А.Шанин атындағы халық театрының өнерпаздары мен «Салтанат» ансамблінің, «Аңыз» бишілер ұжымы да өз өнерлерін тарту етті. Сонымен қатар, жылдағы жақсы дәстүр бойынша мекеме кәсіпорындардың дайындаған мәнді де мағыналы бағдарламалары көрермендерге ұсынылды. Саз мектебі, «Жастерек» және «Еркетай» балабақшасы, №1, 44 орта мектептері, психоневрологиялық медицина әлеуметтік мекемесі, балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымдары арасында өткен «Әз Наурыз – ырыс нұры, ұлыс күні» атты фестиваль көрікті көктемнің көңілді мерекесінің сәнін келтірді. Қарағанды қаласынан арнайы келген «Хайдакъ» ансамблінің мың бұралған бишілері тау халықтарының бірнеше биін билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Сонымен қатар, қала басындағы көптеген мекемелер өз ұжымдарында Наурыз мейрамын зор ықыласпен қарсы алды.

Ұлттық өнерді айрықша қадір тұтқан бұл күні жастар мен ересектер арасында халқымыздың ежелден бері келе жатқан қол күресі, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қой көтеру, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өткізіліп, білек сыбанған мықтылар өзара бәсекеге түсіп, бақ сынасты.

Сағыныш ӘБІЛОВА

Қарқаралы ауданы.

Сообщение Салтанатты той, сауапты қадам появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Шәкірттері шабыты
Ақын Мағжан Жұмабаев бір сөзінде «Алты Алаштың баласы бас қосқанда, төр – мұғалімдікі» деген екен. Жас ұрпақтың бойына білім мен тәрбие нәрін сіңірген ұстазға төрден төмен орын бар ма? Мұғалім болып мұратына жеткен сондай ардақтылардың бірі – Несіпбай БОЛҒАНБАЕВ.

Киелі Ақтоғай өңірі ұлыларға кенде емес. Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермековтің кіндік қаны тамған қасиетті топырақтан Несіпбай Нығметоллаұлының да қанат қағуы таңқаларлық дүние дей қою – қиын. Несіпбай ағамыз бар өмірін ұстаздық қызметке арнады. Соған да, міне, 40 жылдың мұғдары екен. Осы уақыт аралығында қаншама шәкіртін қанаттандырды. Сөйте жүріп, самайын ақ қырау шалды. Ақ қырау шала жүріп, асқарлы 60 жасқа аяқ басты.

«Әке – балаға сыншы». Несіпбай ағамыздың әкесі Нығметолла ақсақал да жарты ғасыр ғұмырын бала оқытуға арнапты. Қанмен келген қасиет кейіпкерімізді 1974 жылы мектеп бітірісімен-ақ Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетіне жетелеп әкелді. Бұл мамандықты таңдаудың тағы бір себебі – осы әулеттен шыққан Әсет Болғанбаев, Жеңіс Қашқынов сынды ғалымдардың ықпалы еді. Себебі, Несіпбай Нығметоллаұлы жастайынан осы азаматтардың ақылын тыңдап, еңбектерін оқып өсті.

Институт қабырғасында да осал ұстаз кезікпепті. Серік Қирабаев, Нығмет Ғабдуллин, Асқат Әбілқаев, Нұржамал Оралбаев сынды қазақтың кіл марғасқаларынан дәріс алды. 1979 жылы оқуын тәмамдаған жас маман еңбек жолын Ақтоғай ауданынан шалғай «Калинин» ауылындағы сегіз жылдық мектепте директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып бастады. Қызметке кіріскен бойда бала оқыту, шәкірт тәрбиелеу ісіне ерекше ден қойып, оқу-әдістемелік жаңашылдығын да ала келді. Ең бастысы – берген білімі шәкіртіне өмірлік азық болса екен деген қағидасынан айнымады. Бар білімін, өмірлік мол тәжірибесін шәкірттерінің сапалы білім алуына арнады. Бұл аз десеңіз, 1979-1980 жылдары Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде жауапты хатшы қызметін де атқарды. Одан әрі 1981-1983 жылдары сол аудандағы «Кеңшоқы» орта мектебінде директордың орынбасары, 1983-1984 жылдары Кеңес Одағының батыры Қ.Нұржанов атындағы орта мектепте мұғалім, 1984-1999 жылдары Ж.Ақбаев атындағы орта мектепте директордың оқу, әрі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерінде болды. 2000 жылдан бері Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әрі, әдістемелік бірлестіктің жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Ұлағатты ұстаз қазақ ұлыларының өмір жолын, шығармашылық мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа насихаттаудан бір жалыққан емес. Сабағын халық ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, ұлы ғұламалардың қанатты сөздерімен сабақтастыру үрдісін қалыптастырған. Әр дәрісі ұлттық тәлім мен тәрбиенің түпсіз тұнығы десе де болады. Себебі, жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілетті болуы – сапалы біліммен қатар, төл тәрбиеміздің ұрпақ жадына сіңірілуімен де өлшенетіні белгілі. Сондықтан болар, өз шәкірттеріне талап қоя білу, нәтижеге жету жолында тайсалмай тер төгу – ұстаздың басты қағидасына айналған.

Несіпбай ағамыздың тағы бір ерекшелігі – өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына да ерекше мән беруінде. Сабақ барысында оқушылардың бойынан қабілеттің ұшқынын байқаса, сол оқушының дарынын аша түсуге бар ықыласымен кіріседі. Бұдан қала берді, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған түрлі шараларды ұйымдастырады. Шәкірттері қалалық, облыстық олимпиадалардан топ жарып, республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Республикалық «Абай оқуларына» он жыл қатарынан шәкірт дайындап, шәкірттері жүлделі орындардан көрініп келеді. Оқушылары «Мұқағали оқулары», «Мағжан оқулары», «Бауыржан оқулары» сынды республикалық байқаулардан да қанжығасы майланбай қайтқан емес.

Несіпбай ағамыз ұстаздық қызметімен қатар, облыстың қоғамдық өміріне да белсене ат салысып келеді. Еңбегі еленіп, аудандық, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жүрегі шәкірт деп соққан ұстаз отбасының ұйытқысы, аяулы жар, қадірлі әке. Жары Бибігүл Әбдірахманқызы да облыс көлеміне танымал тарих пәнінің мұғалімі. Екі ұл тәрбиелеп өсірген қадірлі ата-ана. Ұлдарын ұяға қондырып, төрт немере сүйіп отыр.

Несіпбай Нығметоллаұлы – жоғары санатты мұғалім. Солай бола тұра, қарапайымдылығы адам таңғалдырады. Сонысымен де әріптестеріне сыйлы, шәкірттеріне – үлгі. Қайткен күнде де, «Ұстаз болу – жүректің батырлығы».

Жеңіс ҚОШАНОВ,

Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан»

мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сообщение Шәкірттері шабыты появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қазақ жыры – Испанияда
Қазақстандағы әдеби орта гу-гу етеді. Ақындардың арасындағы сөз – тұңғыш рет Испан тіліне аударылған қазақ поэзиясы антологиясының қалай шыққаны жөнінде. Аталған антологияның тұсауы жақында Испанияның астанасы Мадрид қаласында кесілді. Абайдан басталатын қазақ ақындарының Испан тіліндегі антологиясына Қарағандыдағы атайы ақын Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ және жас ақын Қуаныш МЕДЕУБАЕВ енгенін сүйіншілегіміз келіп отыр.

Алаш әдебиетіндегі бұл құбылыс Қа­зақстан мен Испания арасындағы дипло­матиялық қарым-қатынас орнағанының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Антологияға қазақ поэзиясындағы таңдаулы ақындар тізімін ұсынып, құрастырушы ақ­ындар – Дәурен Берікқажыұлы мен Танагөз Толқынқызы. Шығармалардың Испан тіліне аударылуына да, шараға Қазақстанның Ис­паниядағы елшілігінің назарын бұруға дәнекер болушы да – осы екі ақын.

Испанияның астанасы Мадрид қала­сында өткен тұсаукесер рәсіміне Испан “Пен” клубының бас хатшысы, Неополитан және Малларме Париж академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа ақындары фестивалінің негізгі құрылтайшысы, аталған антологияның әдеби аудармасын жасаған Хусто Хорхе Падронның өзі қатысыпты. Хусто Хорхе Падрон Испан тілі Король академиясының «Фастенрат» сыйлығын Фе­дерико Гарсиа Лоркадан кейін алған та­рихтағы екінші ақын.

– Бұл – әлемде таралымы жөнінде төртінші орын алатын испан тіліндегі тұңғыш қазақ поэзиясының антологиясы. Сондықтан бұл күн – қазақ әдебиетінің тарихында алтын әріптермен жазылады. Себебі, бұл тілде жарты әлем сөйлейді. Қазақ поэзиясы 550 млн. халыққа жол тартты. Ол өзге кең тараған тілдерге жол ашты. Мысалы, француз, ағылшын тілдеріне қазақ поэзиясы осы испан тіліндегі нұсқасы арқылы аударылуы мүмкін.

– Испанияның Қазақстандағы елшісі Бақыт Дүйсенбаевқа алғысым шексіз. Ол жобаның жүзеге асуы үшін Испанияның Қазақстанда жұмыс істейтін компанияларынан демеуші таба білді. Хусто Хорхе Падрон қазақ поэзиясына терең талдау жасады. Абай мен Міржақыпты, Қасымның өлеңдерін испан тілінде ерекше шабытпен оқыды. Әсіресе, ол Міржақыптың өлеңін испан тілінде арқаланып оқығанда, менің көзіме жас келді. Қазақ ұлты үшін жанын пида еткен Алаш арысының аруағы бір аунап түскен болар, – дейді Танагөз Толқынқызы.

1500 данамен шыққан антологияға Абай­дан бастап Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Серік Ақсұңқарұлы, Күләш Ахметова, Аққұштап Бақтыгереевамен қатар, Жанат Әскербек, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Әнуар Бимағамбет, Қуаныш Медеубаев сияқты жас ақындардың да жырлары топтастырылыпты.

“Каса де Лектор” жазушылар сарайында өтетін тұсаукесер рәсімінде антологияға енген Оңайгүл Тұржанова, Алмас Ахметбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Танакөз Толқынқызы, Дәурен Берікқажыұлы, Сағыныш Намазшамева, Жанар Әбсадық, Анар Шамшадинова, Бақытгүл Бабаш, Жанар Айлашева өлеңдерін қазақ және испан тілдерінде оқыпты. Қазақ поэзиясына шолу жасаған Падрон: «Мені қатты қайран қалдырған жағдай – қазақтың жас ақындарының қаламы қарымды екен. Мысалы, Қуаныш Медеубаев деген ақын бар екен. Оның «Қара жәшік» деген өлеңі қандай керемет. Бақытгүл Бабаш та, Анар Шамшадинова да жақсы жазады. Дәулеткерей де ғажап ақын екен. Өлеңдеріне ғашық болдым. Болашақта оның поэзиясын бақылап отыратын боламын» десе керек.

Жәнібек ӘЛИМАН

Сообщение Қазақ жыры –  Испанияда появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.