Архивы Гогольатындағыкітапхана - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Сиқырлы кітап әлеміне саяхат
Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дәстүрлі «Қарағандының алғашқы кітапханасы» атты ашық есік күнін өткізді. Шара кітапхананың талғампаз оқырмандарын көбейту, оларды бөлімдер ұсынатын қызметтер мен жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатын көздеді.

Суреттер кітапхананың мұрағатынан

Студенттер таңертеңнен бастап, қызықты және танымдық бірнеше алаңда бір уақытта өтіп жатқан «Таныс және бейтаныс кітапхана» ақпараттық минутына, тақырыптық кітап көрмелерге, шолулар мен блиц-сауалнамаларға, зияткерлік-танымдық ойындарға һәм фотосессияға қатыс­ты.

Фойедегі ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі дайындаған стендте «Бізге – 90 жыл!» тілек бұрышы ұсынылды. Келушілер оған кітапханаға деген құттықтауын, тілегін, алғысын және ескертулерін жазып қалдырды.

Бұдан бөлек, кітапханаға жазылғысы келетіндерге оқырман билетін тегін рәсімдеу мүмкіндігі берілді. «Менің кітапханам» атты қызықты блиц-сауалнаманы, «Таныс және бейтаныс кітапхана» ақпараттық сағатын және «Буккроссинг – еркін кітап аймағы» қызықты буккроссингін құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі дайындаған.

Олар келушілерге көрсетілетін қызметтер мен кітапхана қорлары, каталогтар, оның ішінде, электронды каталог, кітапхана сайты мен блогы, кітапхананың әлеуметтік желілердегі белсенділігі туралы кеңінен ақпарат берді.

Ал, кітап сақтау бөлімінің қыз­меткерлері ұсынған Әл-Джами Абдурахманның «Араб тілінің грамматикасы» (1491 жыл), орыс және шетел әдебиеті классиктерінің XIX-XX ғасырдағы Фолианттар (алыптар): «Азия Ресейінің атласы» (1914 жыл), Джон Милтонның «Жоғалған және қайтарылған жұмақ» (1895 жыл) кітаптары және «Титаник», «Египтология», «Айдаһартану», «Мумиялардың жұмбақтары», «Жауынгерлер» атты еңбектер жұрттың қызығушылығын туғыз­ды.

Көрменің көрігін факсимильді және миниатюралық басылымдар қыздырды. Өлкетану әдебиеті бөлімінің қызметкерлері студенттерге Қарағанды қаласының құрылуы мен даму тарихы жайлы экскурсия өткізді. Балалардың назарына кеншілер шаһары туралы сирек кездесетін және бірегей кітаптар, жазушылар мен ақындардың қолтаңбалары қойылған туындылар ұсынылды.

Студенттер үшін «Ойла, ойна, жең» викторина ойыны өткізіліп, онда қала тарихы туралы көптеген сұрақ қойылып, балалар аймақтың тарихын ерекше білетіндігін байқатты. Экскурсиядан соң студенттер өлкетану әдебиеті бөлімінің ішінде құрылған жастарға арналған «Ой орда» пікірталас клубының жұмысына қатысты.

Шараның халықаралық кітап бөлімінде «Халықаралық кітап бөлімінің тілдік панорамасы» атты сұхбат өткізілді. Ашық есік күніне келген Орталық Қазақстан Академиясының шетел филология­сы және аударма ісі факультетінің студенттері белсенділік танытты.

Студенттер мен оқушылар үшін халықаралық кітаптар топтамасының бай қорымен танысуға, сондай-ақ, әлемнің түрлі тілдері мен мәдениеттері туралы білуге тамаша мүмкіндік болды. Әңгімелесу барысында ұсынылған әлемдік әдебиет, мәдениет және тілдер саласындағы әдеби викторина қызықты ойын түрінде өрбіді.

Одан бөлек, Америка бұрышының үйлестірушісі бұрышта өткізілетін қызықты іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Speaking Club, Sign language және басқалары сияқты ымдау тілі сабақтарынан жұрт назарына үзінді ұсынылды.

Өнер туралы әдебиеттер бөлімі «Шеберлер клубы» қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесін өткізіп, осы клубтың қызметі мен іс-шаралары туралы баяндады. «Шығармашылықтың сиқырлы әлемі» атты қолдан жасалған бұйымдардың көрмесі қонақтардың көңілінен шықты. Балалар өнер бағытындағы кітап және альбомдармен, бірегей «Ретро пластинкалар коллекциясымен» танысты. Өткен ғасырдағы В.Цойдың, «Дос Мұқасан» ансамблінің орындауындағы әндер, классикалық музыка студенттерге ерекше әсер сыйлады.

Абонемент бөлімі жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін өз жұмыстарымен таныс­тырып, «Ұлы даланың тарихи тұлғалары», «Көркем шығарма шебері», «Ақынның тағдыры мен шығармашылығы» атты көрмелер бойынша шолу өткізді. Кітап­хана қорына келіп түскен «Ой маржаны – кітап» атты жаңа әдебиеттер топтамасын таныстырды. Қарағанды машина жасау колледжінің I курс және Қарағанды медициналық колледжінің емдеу ісі факультетінің 1-Ф3-9 тобының студенттеріне «Көп оқитын адам көп біледі!», «Әдебиет және кино» викториналары ұсынылды. Студенттер сұрақтарға жауап беріп, көптеген қызықты ақпарат алды.

Экскурсияға келген балалар оқу залы бөлімінің жұмысымен «Танысайық» атты алаңмен және Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған көрмемен мұқият танысты.

Ашық есік күні аясында «Кешірілген кітап апталығы» акциясы жарияланып, оқырмандар үйге оқуға алып, уақытылы тапсырмаған кітаптарын айыппұл төлемей кітапханаға қайтару мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, ауқымды ашық есік күні аясында өткен қызықты әрі танымдық шаралар кітапхана оқырмандарына, қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады.

– Шара ауқымды түрде ұйымдастырылған екен. Кітапхананың барлық бөлімін аралап шықтық. Кітапханашылардың еңбегі шынымен де орасан екен. Көптеген тың дерекпен таныстық. «Кітапханашылар кітап оқып отырады» деген сөздің бекер екеніне көз жеткіздік. Студенттер және мұғалімдер кітапханаға жазылды. Енді тұрақты түрде келіп тұрамыз. – дейді «Болашақ» жоғарғы колледжінің оқытушысы Қайрат Иманбек.

Өз тілшімізден.

Сообщение Сиқырлы кітап әлеміне саяхат появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Рухани құндылықтың қарашаңырағы
Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тарихы тым әріде. Сонау жылдары екі мыңға жуық кітап қорымен басталған кітапханада қазір 400 мыңнан астам кітап бар. Талай жастың таным көкжиегін кеңейтіп, рухани нәр берген қарашаңырақ бүгінде заман ағымымен қатар жұмыс істеп келеді. Биыл сол кітапханаға – 90 жыл.

Облыстық мәдениет және құжаттама басқармасының мұрындық болуымен кітапхана тойы дүркіреп өтті. 90 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар екі күнге жоспарланып, жақын шетелдерден кітапхана басшылары мен мамандары арнайы шақыртылған. Одан бөлек, аймақтағы күллі кітапхана басшыларымен қатар, Астана, Алматы қаласынан да келді. Мерейтойға ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы да келіп, ұжымға жылы лебізін білдірді.

Мерейтой аясында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық одағының төрағасы Бақытжамал Оспанова облыстық әмбебап кітапхана директоры Айнұр Шаймұханбетованы «Қазақстанның үздік кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Қарашоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Шара басы «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk брифингімен басталды. Бұл бөлімде келген қонақтарға арнайы сөз беріп, сый-сияпат көрсетті. Шара шымылдығын басқарма басшысы Еркебұлан Жұмакенов түріп, әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады.

– Бұл рухани орда облысымыз­дың бас кітапханасына айналды. Жылдан-жылға кітапхана өз қызметін кеңейтіп, әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және білім беру орталығы ретінде дамып келеді. Бұл мереке тек біздің облыстың мәдениеті үшін ғана емес, республика үшін де маңызды және айтулы дата екені сөзсіз. Сондықтан, баршаңызды осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын, – деді.

Бүгінде кітапхана қорында 400 мыңнан астам кітап қоры бар десек, оның 70 мыңы мемлекеттік тілдегі кітаптар. Солардың қатарында XVII ғасырдың соңынан бастап жарыққа шыққан екі мыңнан астамы сирек кітаптар қоры бар. Қазіргі таңда олар арнайы қорда сақталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайтынын» баса айтқан болатын. Осындай құнды дүниелерді халыққа ұсыну мақсатында кітап қоры бірыңғай сандық форматқа көшірілуде. Ал, кітапхана оқырмандарының басым бөлігі – жастар. Мамандардың сөзіне сүйенсек, жылына 23 мыңнан астам оқырман тіркелетін көрінеді.

Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет кітапхананың «Жыр жауһар» поэзия клубының белді мүшесі болған. Өзі осы шараға арнайы келіп, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын жеткізді.

– Кітапханашылардың еңбегі ерен! Облыстық кітапханашы құрамының ізденісі мен бастамасы, қажымас еңбегі – зор құрметке лайық. Кітапхана ұжымына толағай табыс, шығармашылық жетістік, баянды бастама тілейміз. Облыстың мәдени, тарихи мұрасын сақтау және дамыту жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!, – делінген құттықтау хатта.

AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков те ізгі тілегін жаудырып кетті.

– Оқырман сұранысын толық қанағаттандырып, өзінің құндылығын жоғалтпай, заманға сай жаңғырып, оқырманмен біте қайнасып, қызметін жаңа жүйемен жалғастырып келеді. Киелі орданың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтарды адамзат бойына сіңіруге себепкер болып отырған кітапханашылардың еңбегі қашан да мәртебелі дер едім. Көзге көрінбей халықтың рухын көтеріп келе жатқан кітапханашы еңбегі нағыз насихат құралы, идеологиялық құрал екенін көпшілігі ескере бермейді. Осының бәрі сіздердің еңбектеріңіз, құрметті кітапханашылар. Біздің өңірде, мәдениет саласында – үлкен той. Шаң жұтып жүріп елге ең құнды дүниесін ұсынып жүрген сіздер – мен үшін де, ел үшін де әулиесіздер, – деді Бекзат Қомарұлы.

Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы да шараға арнайы қатысып, одақ төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хатын табыстады. Онда:

– Бұл кітапхана – Қазақстандағы өзге кітапхана мен ұйымдары үшін шабыт көзі. Қарағандының қарашаңырағы атанған кітапхана – Арқа баспасының абыройы, парасат тұнған ордасы. Қала мен дала тарихының әр сәті кітап­қа таңбаланып, тасқа басылып, қағазға көшіп, кітапханалар қыз­меті арқылы ғасырдан-ғасырға мирас боп сақталып келеді. Кітапхана – ғылым жұмағы. Облыстық кітапхана замана толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Арқа өңірі сөз өнері шеберлерінің таңдаулы туындыларының «Сарыарқа кітап­ханасы» атты көптомдық серия­сы аясында жарыққа шығаруды ұсынып, оған қолдау көрсеткен еңбектеріңіз үшін Алғыс білдіремін, – делінген.

Шара соңы дөңгелек үстел жиынына жалғасты. Онда «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» тақырыбында мәселе қозғалды. Оқырмандарды қазіргі әдебиеттегі қандай тенденциялар мен кітаптар қызықтыратыны туралы ұсыныс айтылды.

– Кітапханаға келген барлық жастағы жан тек оқу үшін ғана емес, қарым-қатынас пен өзін-өзі дамыту үшін келеді. Кітапхана, кітапхана келбеті, функциялары мен қызметі де өзгеру үстінде. Сонымен қатар, қазіргі оқырмандар қызықтыратын ақпараттарын жедел алғысы келеді. Яғни, кітапханаға оқырман тарапынан қойылатын талаптар саны жыл өткен сайын артып келеді. Оқыр­мандарды тарту үшін оларға пайдасы тиюі, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жасауымыз қажет. Кітапхананың оқырман талабына сай болмауына құқығы жоқ. Айта кету керек, қазіргі оқырман кітапханадан абонементтер де және оқу залдарында көрсетілетін көмек түрін бұрынғысынша емес, жаңа заманауи құралдар арқылы алғысы келеді. Ал, бәріміз осы мәселелер үшін күресуіміз қажет, – деді Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының директоры Баршагүл Байжанова.

Қазақстандық Кітапханалық одағының төрағасы Бақытжамал Оспанова өз сөзінде:

– ​Біз кітапханалар жұмысын насихаттап, тақырыптық дәріс­терден бастап бұқаралық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізіп келеміз. Бірақ, алуандылық болу үшін кітапханалардың ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық қарым-қатынас­та болуы қажет. Яғни, кітапхана жұмысының тиімділігі, сапалық және сандық көрсеткішке аса мән беру – басты талап. Осы мақсатта әлі де бірқатар жұмыстар атқарылуы керек. Бұл – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Егер біз азаматтарға қажетті дүниелерін тауып бере алмасақ, кітапхана әлеуетінің қандай екені көрінеді. Бүгінгі таңда «кітапхана өткеннің еншісінде қалған дүние» деген пікірлерді көп естіп жатамыз. Ия, қазір компьютер, интернет бар. Бірақ, бұлар кітапхананың орнын баса алмайды. Керісінше, кітапхана жұмысын жаңа қырынан көрсетеді. Жалпы, кітапхана өз-өзін дамыту орталығына айналдыру қажет, – деді.

Жиынға қатысушы ақын-­жазушылар цифрлық оқу дәуірінде «жазушы – оқырман» диалогы қалай дамитыны және оқырман пікірлері жайында өз ойларымен бөлісті. Атап өтсек, белгілі жазушы Өмір Кәріптегі автордың шығарған кітабына билік, ақпараттық кеңістік жағынан ешқандай қолдау, насихат жұмыстарының жүргізілмейтіндігі жөнінде айтты. Одан бөлек, қазіргі уақытта кітапхана қорында шет ел әдебиетінен аударылған дүниелердің аздығы да сөз болды. Аудармашылардың мәселесі де осы жерде пысықталды.

– Кітапхана ішінен құрылған «Жыр жауһар» клубына да 20 жылға жуықтады. Жастардың бұл клубы Қарағанды руханиятына, шығармашылыққа зор ықпал етті. Қазір сол шығармашылық ортадан шыққан жастар үлкен қызмет орындарында отыр. Жалпы, Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың есімін беру қажет. Және Қарағандыдағы кейіннен ашылған «Қасым үйінен» кітапхананың филиалын ашу керек, – деді Серік Ақсұңқарұлы.

Одан кейін кітапхана ғимаратында экскурсия өтті. Экскурсия барысында қонақтарға сирек кездесетін кітап қорын көрсетті. Жұмыс барысымен таныстырып, кітапхана қорынан аз-кем мағлұмат берді. Соңғы күні шетелдік әріптестермен шығармашылық байланысты нығайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды.

– Қарағанды – танымал қала. Осы жиынның алдында Теміртау қаласындағы музейге барып қайттық. Тұнып тұрған тарих. Ал, Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап кітапханасы Халықаралық дәрежедегі кітапхана. Көптеген Халықаралық көрмелерге қатысып келеді. кітапханаға кірсеңіз, жаныңыз жай табады екен. Аурасы керемет. Әрі қоры да мол. Меморандум аясында тәжірибе алмасып, бар білгенімізбен бөлісеміз. Достығымыз одан әрі нығая берсін, – деді Ресей жасөспірім мемлекеттік кітапханасының директоры Ирина Михнова.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Сообщение Рухани құндылықтың қарашаңырағы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бізді азамат еткен – кітапхана
Көрнекті қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаев: «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен – кітапхана» десе, мен «Бізді азамат етіп шығарған да – кітапхана» деп қосар едім.

Суретті түсірген  Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мен 1959 жылдың күз айында Қарағандыдағы №2 қазақ мектеп-интернатының 8-сыныбына оқуға түскенде Ленин көшесінің екінші жағында бүгінде құрылғанына 90 жыл толғалы отырған Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана орналасқан еді. Бізді бала деп бетімізден қаққан жоқ. Оқырманы боп жазылып, түрлі әдебиетпен таныса бастадық. Сол кездегі «Октябрь» кинотеатры (қазіргі «Шалқыма» концерт залы) алдындағы скверде витриналар қатары болатын. Содан тәуліктің кез келген уақытында одақтық «Правда», «Известия», «Труд» газеттерін, республикалық және өзіміздің облыстық «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» басылымдарын оқып тұрушы едік. Біздің сыныптағы ер балалардың басым көпшілігі шахмат өнерімен әуестеніп, мен біраз тәуір нәтижелерге жеткендіктен, арнайы әдебиеттер іздей бастадым. Керегімді осы кітапханадан таптым. Бірақ жаңағы витринадағы газеттердің де пайдасы зор болды. Неге дейсіздер ғой?

1960, 1961 жылдары шахматтан әлем чемпионы атағы үшін совет гроссмейстерлері Ботвинник пен Таль арасында екі матч және 1963 жылы Ботвинник пен Петросян арасында жекпе-жек болып өтті. Одақтық газеттер олардың партияларын жедел жариялап, комментарий беріп жататын. Қызыға қараймын, кейде жыртып алып, интернатқа әкеліп, өзімше талдаймын.

Кітапхананың, оның мерзімді баспасөз және өлкетану бөлімдерімен байланысым газет редакциясында қызмет істеген жылдары өте тығыз болды. Сол жылдары кітапхананың әмбебап қызметінің мән-жайын да ұға бастадым. Газетке материал дайындау барысында болашақ кейіпкерің немесе жазайын деген нысан туралы бұрын не жазылды екен, сонымен танысу қажет болады. Осы жерде библиографияның көмегі орасан зор екен. Сол кездегі қолмен толтырылған картотекалардың өзі неге тұрушы еді?! Ал қазіргі оқырманға, газет-журнал тілшісі мен диссертация қорғаймын деген ізденушіге кітапхананың электронды каталогы баға жетпес темірқазық емес пе? Сол каталогты жасаған оқырмандар дән риза шығар.

Кітапхана мен оның өлкетану бөлімі маған әсіресе «Қарағанды. Қарағанды облысы» энциклопедияларын (1986, 2008 жж. – орыс тілінде; 1990, 2006 жж. – қазақ тілінде) шығару барысында зор көмек көрсетті. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттарын, Қазақ КСР-інің Құрметті атақтарын алған азаматтардың тізімін жасау қияметтің қияметі болды. Облыстық архивтен, кәсіпорындар мен мекемелерден сұратқан едік, бірақ ешқайсысында толық мәлімет болмай шықты. Сондықтан мерзімді баспасөз беттерінен, «Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің ведомосты» деген ресми ведомстволық журналдан іздедік. Оның өзі бізде (облыстық және ҚарМУ кітапханасында) түгел болмай шығып, Алматының бірнеше кітапханасынан іздеуге тура келді. Оларды іздеу барысында өлкетану бөлімі жалғыз маған ғана жұмыс істеді. Бөлім іші газет-журналдардың тігінділеріне аузы-мұрны лық толды. Ешкім қабақ шытқан жоқ. Бөлім меңгерушісі марқұм Галина Петровна Долженко сонда «Аман Жагданович заполонил весь отдел» деп айтыпты.

Энциклопедияның кейінгі басылымдарын шығарғанда да бұл бөлімнің пайдасын көрдік. Өйткені әр басылым сайын өзгерістер мен толықтырулар немесе түзетулер енгізіп отырдық.

Мұнан кейін де кітапханамен, оның бөлімдерімен байланысым үзілген жоқ. Жұрт мені танымал журналист, өлкетанушы, тіпті, энциклопедист деп атап кетті. Жалғыз «гоголевка» емес, басқа кітапханаларда үнемі шараларға шақырады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына, «Мәңгілік өмірді» жырлаған Саттар Ерубаевқа, шежіре жазушы Жайық Бектұровқа, үзеңгілес журналист Марал Хасенов, Сүйіндік Жанысбай, тағы басқаларға арналған кештерде сөз сөйледім, олар таспаға жазылып, кітапхананың алтын қорында сақталып қалған шығар.

Өлкетану әдебиеттері бөлі­мінің басшысы Сандуғаш Орынбайқызы қояр да қоймай жүріп менің өзім туралы бір-екі сюжет жазып алды.

Әлі күнге дейін тарихи тақырып­қа мақала жазар алдында Гоголь кітапханасына бір кіріп шығып, электронды каталогын шолып шығу, қажет болса шаң басқан газет тігінділеріне тапсырыс беру қанға сіңген әдет болып кетті. Кітапханашы қыздар сондай әдепті, іздеген әдебиетті қолма-қол, тауып береді. Сол үшін рахметімді жаудырып жатамын.

Айтпақшы, кітапхана әкімшілігі маған бұдан бірнеше жыл бұрын ерекше жасалған №3732 «Құрметті оқырман билетін» толтырып берді. Сонда оқырманы болғаныма табаны күректей 60 жыл толған екен. Кітап­хана дәлізінен өткенде соны көрсетсем болды, қыздарым тік тұрып сәлем береді. Мәз болып қалам.

Құтты болсын мерейтойың, сүйікті кітапханам!

Аман ЖАНҒОЖИН,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

Сообщение Бізді азамат еткен – кітапхана появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бәрі де оралады
Елде Кәмендір Абақов деген ағамыз болды. Ел тізгінін ұстаған азаматтардың бірі еді. Сол кісі денсаушылығына байланысты қалаға көшетін болады. Содан баласына хабар жібереді. Көлік жібер деп. Баласы жібереді. Кешінде тосып алады. Бір КамАЗ кітап дейді. Амал жақ, тағы жібереді. Тағы да кітап келіп тұр дейді…

Суретті түсірген  Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бұл – кітапқа деген кешегі күннің құрметі.

Сол құрметіміз әлі үзілген жоқ.

Бала күніміздегі сыйлықтың үлкені кітап еді. Сегізінші мартта аналарымызға, әпке-қарындастарымызға кітап сыйлап жатушы едік. Кітап сыйлау бүгін де жалғасын табуда. Шақырған жерге кітаппен бару қазір үйреншікті көрініске айналды.

Кітапқа деген жаулық сонау тоқсаныншы жылдары келді. Ең масқарасы кітап, газет дегендер майлық орнына жүріп жатты. Одан да сорақысы кітап, газеттер кітапханаларда тұрғанның орнына дәретханаларда тұрды.

Тамызыққа қолданғандар еш қымсынбаушы еді. Одан кейінгі уақытта да кітаптың жайы мәз бола қойған жоқ. Ел артық кітаптарын қоқысқа шығарып жатты.

Ең құрығанда кітапханаларға сыйлауды да білмеді ғой…

Ауылдық кітапханалардың есігінде қара құлыптар тұрды.

Бірақ әр нәрсенің қайыры бар емес пе?!

Соның бірі – кітапқа деген құрметіміз оралып жатыр!

Оралғаны сол, ел кітапханаға баратын болды. Үйіне кітап алдырып оқитындар шықты. Кітапханаға өз кітабымен баратындарды да көрдік.

Бұрынғы жұрт көшіп-қонғанда жиһаздарын арқалап кетуші еді. Бүгінгі көшіп-қонушылар оларын тіпті, орындарынан қозғамайды.

Тегін кітап алмайтын қазақ баласы бүгінде сатып алатын болды. Кейінгі бір біз көрген жақсы үдеріс ел кітап іздеуді шығарды.. Жақсы кітапты, әрине…

Ал жақсы кітап қашанда кітап­ханаларда болады ғой…Мен өзім жақсы білетін кітапханам – В.Гоголь атындағы Орталық кітапханам. Жақсы көретінім соншалық, мені осы оқу ордасына мыңдап кітап сыйлап жүрмін. Сыйлыққа қашанда жақсы нәрсе жүреді ғой…

Жарты ғасырдан асып кетті – мен соның оқырманымын.

Түстеп айта алмай отырғаным атаулы нәмі жоқ. Осыған дейін Гоголь атындағы деп атаушы едік. Қазір ресми құжаттарда болмаса жұрт Гоголь атауын аузына алмайды. Қасым Аманжолов атындағы атау да түрлі себептермен орнықпай қойды. «Ақселеу Сейдімбек атын берсек қалай болады?» деушілер де бар…

Анық нәрсесі – Орталық кітап­ханамыз.

Сол кітапханамыз өзінің тоқсан жылдығын атап өтіп жатыр.

Той күнгі айтар сөзіміз…

Кітабы жарасқанымен, ғимараты жараспай тұр.

Кітап та тірі ағза сынды ерекше күтімді қажет етеді. Оқырман да бүгінде жаңа өріске шыққан. Шай ішіп отырып кітаппен сырласқысы келеді.

Сол қуанышты күніміз алыстамаса екен дейміз!

Жақсы күндерде кітапханаға деген мұнан да жоғары құрметіміз өз көрінісін табады деп ойлаймын.

Төрехан МАЙБАС,

жазушы

Сообщение Бәрі де оралады появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Мамандыққа адал жандар
Мамандықты дұрыс таңдап, жұмысына шын берілген, оның қыр-сырына тереңірек үңіле білетін жандарды көргенде, қуанамын. Кеншілер өлкесінің рухани ордасы – Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Айнұр Шаймұханбетова­ бастап, Гауһар Умбединова қоштаған іргелі ұжымда осындай мамандығына адал жандар жұмыс істейді. Тоқсан жылдық тарихы бар кітапханада мыңдаған оқырманға қызмет көрсеткен кітапханашылардың еңбегі ерен.

Суреттер автордан

Менде де басында «Кітапхана – кітап алатын орын» деген ұғым болды. «Өз мамандығым бойынша жұмыс тапқанша жүре тұрайын» деп келдім. Ал, қазір осы рухани ордада жұмыс істеп жүргеніме жиырма жыл болыпты. Себебі, осы салаға қызықтыра білген, дұрыс жолды көрсете білген жақсы адамдар кездесті. Кітапханашының қажырлы еңбегі жайында өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліскен Шолпан Баймурзина, Галина Долженко, Фания Тимершина, Валентина Иосифовна сынды білікті мамандарға алғысым шексіз. Олар – менің әрі ұстазым, әрі тәлімгерім.

Кітапханаға ұзақ жылдар басшылық еткен Жанна Шаймұханбетова рухани орданың ақпараттық және мәдени-ағарту орталығы ретінде беделін көтеріп, компьютерлендіру деңгейі бойынша республикадағы көшбасшылар қатарына қосқан. Үздік шетелдік кітапханаларда алған білімі мен дағдысын Қарағанды облысының кітапхана кеңістігінде сәтті жүзеге асырды.

Облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар жұмысының негізгі бағыттарының бірі – өлкетану саласы. 1980 жылдары өлкетану секторынан бастау алған кітапханадағы өлкетану жұмысының статусы 1996 жылы белгіленген. Кітапханаға келгенімде осы өлкетану бөліміне қабылдандым. Мені осы бөлімнің меңгерушісі Г.Долженко қарсы алды. Оның кісінің маған көрсеткен әр қызметінің шынайлығының арқасында осы уақытқа дейін осы бөлімде қызмет етіп жүрмін.

Марқұм Галина Петровна – кітапханалық өлкетану жұмысына кәсіби тұрғыда ерекше көңіл бөлген жан. Ол кісінің авторлығымен «Облыстық кітапхана – аймақтық өлкетану орталығы» бағдарламасы даярланды. Қажырлы еңбегінің арқасында «Өлкетану» клубы құрылып, кітапхана өлкетанушылардың, ақын-жазушылардың, журналистердің, оқытушылардың, студенттердің кездесетін орнына айналды. Көптеген кітапханалық іс-шараның ұйымдастырушысы, кез келген адамның бабын таба білген Галина Петровнаның «Оқырманның сұрағанын тез тауып берсең, жылы жүзбен оқырманға ерекше қызмет көрсетсең, нағыз кітапханашысың» – деген сөзі үнемі жадымда.

Сондай-ақ, кәсіби біліктілігіммен ұжымға сыйлы жандар Шолпан Сейітқалиқызы мен Фания Харисовнаның мен үшін орны бөлек. Бұл кісілерден көп нәрсе үйреніп, тәжірибем жетіле түсті.

Ағылшын-неміс тіліне жетік Шолпан Сейітқалиқызы кітапхананың шет тілдерін насихаттаумен, оқырмандарды әлемдік көркем мәдениет құндылығына баулуға, қазақтың рухани мұрасын дәріптеуге отыз бес жылын арнаған. 2000 жылдары Шолпан Сейітқалиқызының белсене араласуының арқасында «Ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының Орталығы» жобасы жасалып, нәтижесінде, «Сорос-Қазақстан» қорының грантын жеңіп алды. Ол – Қарағанды педагогикалық институтын ұзақ жыл басқарған Сейітқали Баймурзиннің қызы. Әке жолын лайықты жалғау деген – осы.

Кітапхананың негізгі міндетінің бірі – ғылыми-әдістемелік жұмысы. Кітапханамыздың облыс кітап­ханаларына әдістемелік көмек көрсететін кітапхананы дамыту бөлімі бүгінгі таңда республика кітапханалар арасында өте беделге ие. Бөлімнің танымал болуына 1996 жылдан 2013 жылға дейін бөлімді басқарған Ф.Тимершинаның еңбегі орасан. Фаина Харисовна «Атамекен», «Қазақ әдебиетінің әлемі», «Кітап қорының сақталуы» атты бағадарламалары мен «Кітапханаларды дамытуға 10 аймақтық орталық», «Ауыл энциклопедиясы» сияқты көптеген керемет жобаларды әдістемелік қызметтің даму барысын жаңа сапалы деңгейде көтеру жолында барлық мүмкіндіктерді пайдаланып іске асырып, табысты еңбек жасады.

Шын көңілмен, махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Сондай мамандығына адал жандардың бірі – Валентина Пак. Ол 1977 жылдан бастап осы кітапханада табан аудармастан еңбек етіп келеді.

Валентина Иосифовна – кітап­ханада әр жас маманға еңбек жолында кездескен қиындықтарды өткеруге, өзінің кеңесі мен қолдауын аямайтын ақжарқын жанның бірі.

Негізін кітапхананың бұрынғы басшысы Дина Аманжолова қалаған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы бүгінде үлкен орталыққа айналған.

Кітапхананың «Karlib.kz» сайтының жөні бір бөлек…

Өзім қатарлы орта буын өкілдері мен жастар да қажырлы еңбек етуде. «Өнер әдебиеттері» бөлімінің басшысы Балжан Оспанқұлованы ерекше атап айтар едім.

Осындай білікті мамандарға қарап, қоғамда кітапханашы мамандығының беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде танылады деп сенемін.

Сандуғаш ТЕЛПЕКБАЕВА,

өлкетану әдебиеттері бөлімінің басшысы.

Сообщение Мамандыққа адал жандар появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Руханият ордасы
Кітапханалар – бүкіл адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі. Кітапханасыз білімді жетілдіріп, зияткерлік байлық пен жинақталған адамзат тәжірибесін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкін болмас еді.

Кітапханалар әдебиеттің, тарихтың және мәдениеттің қазынасына жол ашып, рухани байлықты дамытуға үлес қосып келеді. Олар адамдардың бойында ізгілік асыл қасиетті, патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал етіп, игі істердің ұйытқысы болуда.

Сурет ken-zhyloi.kz

Қарағанды қаласының құрдасы – Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы әрқашан кітап мұраларын жинақтаушы әрі сақтаушы, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуші руханият ордасы.

Кітапхана өзінің 90 жылдық тарихында әлеуметтік-мәдени, ақпараттық және білім беру орталығы ретіндегі міндетін лайықты атқарып келеді деп нық сеніммен айтуға болады. Облыс тұрғындарына заманауи кітапханалық-ақпараттық қызметтердің толық кешенін, оның ішінде цифрлық технологияларды ұсына отырып, ақпараттық сұранысты жоғары деңгейде орындауда. Оның облыстың орталық кітапханасы ретінде атқаратын міндеті зор. Жаңа ақпараттық кеңістікті құруға белсене қатысып, өңірлік кітапхана саясатын қалыптастырумен кәсіби құзыреттілікті арттырудың тиімді жүйесін құруда.

Н.Гоголь атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кітапхананың еңбек ұжымын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздерге жарқын бастамалар мен оқырман қауымға қызықты жаңа жобаларды іске асыруды тілеймін. Өркениет құндылығын қастерлейтін елеулі еңбектеріңіз әрқашан қоғамда құрметке бөленіп, халықтың жүрегінен лайықты бағасын ала берсін! Алдағы уақытта да еңбекқорлық пен жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз аймақтың зияткерлік және мәдени әлеуетін сақтау мен арттыруға айтарлықтай үлес қоса береді деп сенемін.

Қаламыздағы руханият ордасының 90 жылдық торқалы тойы құтты болсын!

Еркебұлан ЖҰМАКЕНОВ,

облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Сообщение Руханият ордасы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Өнертанушымен өрелі кездесу
Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында күйші, өнертану ғылымдарының кандидаты Базаралы Мүптекеевтің шығармашылығына арналған «Күй ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Сурет ұйымдастырушылардан

Өнерпаздар қазақтың күй өнерінің дамуына үлес қосқан күйшінің ел руханиятына сіңірген еңбегі мен шығармашылығымен қоса, домбыраны насихаттады.

Шарада дәстүрлі әнші, IX Қасым оқуларының бас жүлдегері Саян Бөдесов, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің ІІІ курс студенті Ислан Таңатов және №30 жалпы білім беретін мектептің «Сарыарқа» домбыра үйірмесінің жетекшісі Рая Мейірман, домбырашылар ансамблі өнер көрсетті.

Кешке қатысушылар Б.Мүптекеевтің шығармашылығына арналған «Күй ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасады. «АБАЙ» телестудиясы түсірген «Ұмытпаймыз» бағдарламасына қатысқан, қобызшы Саян Ақмолданың күйші туралы естеліктерінен бейнебаян көрсетілді.

Айта кеткен жөн, Базаралы Мүптекеев күйші, этномузыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты. Юнеско ұйымының Қазақстан бойынша «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау» комитетінің мүшесі, халықаралық деңгейде сараптаушы, сондай-ақ, қазақ руханияты мен мәдениеті жолында тер төккен шертпе күйдің шебері.

Аяулым СОВЕТ,

Ortalyq.kz

Сообщение Өнертанушымен өрелі кездесу появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Сырдан қуат алған ақын жүрек
Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, драматург, әдебиеттанушы Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына арналған «Сырда туған сырбаз ақын» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Сурет ұйымдастырушылардікі

Кеш қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау арқылы ақын шығармаларымен оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат тұтты.

Әбділда Тәжібаев әдебиеттегі алғашқы қадамын 1920 жылдары өлең жазудан бастаған. Қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлері мен дүниежүзілік әдебиеттің үздік үлгілерінен үйрене отырып, 1930 жылдары қалыптаса түседі. Оның өлеңдері сыршыл, ойшыл, шыншыл, оттылығымен ерекшеленеді. Драматургия, әдебиет зерттеу салаларына да сүбелі үлес қосқан.

Кешке Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты А.Қайырбекова қатысып, Ә.Тәжібаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, драматургиясы жайында әңгімелеп, көптеген мағлұмат берді. «Абыл» және «Майра» поэмаларына ерекше тоқталды. Ақынның туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырлаған «Ана», «Кей кезде», «Жолдас Навои», «Кісі ұялар ісіңді, мақтан етпе» сынды өлеңдерін «Білім-инновация» түрік лицей интернатының оқушылары жатқа оқыды. Сыр бойы қазақтарының гимніне айналған «Сырдария» өлеңін банк колледжінің студенті Д.Уахитова нақышына келтіре жырлады.

№23 мектеп оқушылары ­А.Жанатова мен А.Бейбіт ақынның шоқтығын тағы бір биік деңгейге көтерген «Қыз бен солдат» драмалық поэмасынан үзінді көрсетті. Оқырмандар көкейлерінде жүрген сұрағын қойып, жауап алды.

Шара соңында «Ән мен жырдың ақбұлағы» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылды.

Жәлел ШАЛҚАР,

Ortalyq.kz

Сообщение Сырдан қуат алған ақын жүрек появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.