Архивы Ерсін МҰСАБЕКОВ - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Аға лебізі
Міне, осындай кескілескен кескекті сайыста шаңға көміліп, соңда қалмай, суырылып алға шыға білген Мэлс, Кәрима, Алтынгүл, Ерсін, Ермектердің табысында ешқандай көтерме, қоспа болуы мүмкін емес деп білемін. Бесеуі де болайын деп тұрған емес, болып тұрған сайыскерлер.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ең кенжелері Ерсіннің өзінде қаншалықты тапқырлық, сөз аңғарып, алыстан шалатын қырағылық, не мінезінде, не сөзінде көзге оғаш көрініп, құлаққа олақ естілетін еш кінәраты жоқ ерекше шынайылық жатыр. Ерсіндер күні ертең-ақ жұрт соңына ермей, жұртты соңынан ертетін өрен жүйрік болып жатса, таң қалатын ештеңе жоқ.

Әбіш КЕКІЛБАЙ,

«Қазақ әдебиеті» газеті, 1990 жыл, қыркүйек.

Сообщение Аға лебізі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Алар асулары алда
Арқаға барсам, арсалаңдап алдымнан шығатын ақкөйлек бауырларым көп. Солардың бірі, әрі бірегейі – қазіргі Арқа баспасөзінің ақ туын биік желбіретіп отырған облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Ерсін Мұсабеков.

Сурет кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ерсінмен жүзбе-жүз танысқаныма бірнеше жылдар өтіпті. Мені онымен таныстырған «Орталық Қазақстанды» ұзақ жылдар басқарған, алпамсадай тұлғалы, елімізге кең танылған журналист, аға досым Мағауия Сембай болатын. Бір сапарда Мағаш ағам Қарағанды әуежайынан тосып алды. Қасында тығыршықтай, балуан денелі, жанарынан мейірім шуағы шашыраған жігітпен таныстырды. «Бұл – Ерсін деген бауырың, Жаңаарқаның тумасы. Осы өңірдегі бас бармақтай журналист. Жезқазғанда біраз уақыт теледидарда, облыстық, қалалық газеттерде қызмет істеген. Қазір – менің оң қолым. 16 жасында айтысқа қатысып топ жарған, кейіннен жазба поэзияда да із тастап, кітап та шығарды. Ақын бауырың», – деді Мағаш. Мағаш ағам көп адамға пейілі түсе бермейтін, тек шын талантты азаматтармен табыс­тырғанда ғана, ернеуінен асып-төгіліп тұрып мақтап беретін. Соған қарағанда, Ерсінім осал болмады.

Қарағандыға жиі барамын. Өйткені, Теміртауда етжақын, ең жақын туыстарым Рахметолла Серкесанов (Жақыпұрпағы) ағатайымның отбасы тұрады. Екіншіден, Қарағанды Мемлекеттік университетіне алғаш 2001 жылы Мемлекеттік Емтихан комиссиясының төрағасы болып шақырылдым. Шақырған Зарқын Тайшыбай ағам. Бөкетов университетінің журналистика кафедрасында ол кезде жалғыз ғылыми дәрежесі бар тек Зақаң ғана. Сол бірінші барғанымда, үш оқытушының диссертациялық тақырыбын бекітіп, келер жылында өзім ғылыми жетекші болып, Қойлыбай Асанов, Қуандық Шамақайұлы, Вера Әбішева сияқты үш оқытушының кандидаттық диссертацияларын, кейін екеуінің докторлық диссертацияларын қорғаттым. Үшіншіден, Арқаның ардакүрең ақыны Ғалым Жайлыбай досым Қарағандыда бір әдеби шара өте қалса, мені бірге ерте жүретін. Ал Қарағандының қазақ әдебиетіне қосқан үлесін айтып тауысу мүмкін емес.

Осы сапарлардың қай-қайсысына барсам да, алдымнан алып құшағын ашып Мағауия Сембай шығатын. Және «Ақмылтығым» деп еркелете ат қойып, Ерсін бауырды ерте жүретін.

Сөйтіп, Ерсін өзімнің туған інімдей болып кетті.

Ерсін 1991 жылы мектепті «Алтын медальмен» тәмамдап, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. 1999 жылдан журналистік жолға түсіп, ширек ғасыр қаламы қолынан түспей, түрлі қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Ол журналистік қызметтің барлық сатысынан өтті. Қысқаша айтқанда, осы жылдар ішінде мол тәжірибе жинақтады. Егер санамалап шығатын болсақ, Жезқазған қалалық «Дидар» телеарнасында редактор, аймақтық «Сарыарқа» газетінде тілші, шолушы, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, телеарна директорының кеңесшісі, Қаражал қалалық «Қазыналы өңір» газетінің бас редакторы, «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың бірінші орынбасары, 2020 жылдың наурыз айынан бастап басылымның бас редакторы. Қарап отырсақ, ол – өзінің еңбекқорлығымен, қалам қарымымен көзге түсіп, біртіндеп, сатылап өскен азамат. Мұндай жігіттердің қазығы мықты, жазған дүниелері оқырман ойын баурап алатын, өмірдің өз айнасындай шығармаларымен ерекшеленетіндігі көңіл қуантады.

Көп жылдар бойғы адал еңбек, маңдай терінің арқасында Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» (2009), «Тіл майталманы» (2017) сыйлықтарын иеленіп, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (2014) лауреаты атанды. БҰҰ жанындағы «Бейбітшілік әлемі» шығармашылық бірлестігінің «Ұлт мақтанышы» медалінің (2014), «ҚР Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен екі мәрте (2011ж., 2016ж.), ҚР Президентінің Жарлығымен 2017 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, ҚР Конституция­сына – 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы Қазақстан Журналистер одағының «Алтын медалімен» марапатталды. Осының бәрі – ердің жасы елуге толып отырған Ерсін Мұсабековтің еңбегінің жемісі.

Осыдан біраз жыл бұрын Жезқазғанда өткен «Дидар» телеарнасының 60 жылдық мерейтой салтанатына сонда қызмет атқаратын Мақпал Орынбетова қарындасым арнайы шақырып еді. Сол сапарға Алматыдан Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, танымал тележурналистер Серік Жанболат, Арман Сқабылұлы төртеуміз бардық. Қарағандыдан Ерсін Мұсабеков, Сағат Батырханова келіпті. Бәріміз бір қонақ үйге орналастық. Орталық журналистикасының серкесі Мағауия Сембай ағамыздың дүниеден мезгілсіз озғанына көп уақыт өте қоймаған. Салтанатты шаралардан кейін қонақ үйге келген кезімізде, Ерсін бауырым Мағаш ағасы туралы ашыла естелік айтып, жоқтап, ағыл-тегіл жыласын бір. Сағат апайым екеуіміз екі жақтап жұбатып, әрең тоқтаттық. Сонда Ерсін бауырымның дос­қа деген адал пейілін өз көзіммен көріп, бұрынғыдан да жақсы көріп кеттім. Ол Мағауия Сембайды өзінің журналистикадағы ұстазы санады.

Ерсіннің бірнеше қыры бар. Соның ең бастысы – оның журналистік, публицистік, редакторлық қыры. Оның қаламынан туған сұхбаттары бір төбе. «Орталық Қазақстанда» «Ақ сөйледім ақиқат алаңында» атты айдармен жарық көрген Қабдеш Жұмаділовпен, Темірхан Медетбекпен, Тоқтар Әубәкіровпен, Серік Ақсұңқарұлымен ашық әңгімелерінен қоғамның небір өзекті мәселелерін шынайы аша білгендігі көрінеді. Ол – «Топжарған» (2009), «Жалын-ғұмыр» (2011), «Қарсақбайлық қайсар ұл» (2012), «Ақ сөйледім ақиқат алаңында» (2014), «Толағай – тектілер тұғыры» (2015), «Ақиқат пен ақтаңдақ» (2020) публицистикалық жинақтардың авторы. Ал 2021 жылы жарық көрген «Ораза күнделігі» танымдық кітабының жөні бір бөлек. Оның осы кітабын оқыған әр оқырман қаншама дерек-дәйектерге, тың мағлұматтар мен соны пәлсапалық ой-толғамдарға кезігеді. Кітаптағы әр мақаланың төңірегіне иман нұрын шашып, автордың өзінің азаматтығы мен біліктілігін, мол білімін көрсететіндігін байқадым.

«Ораза күнделігінің» алғысөзін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының найб-мүфтиі Ершат Оңғар жазып:

«…Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы жанындағы сараптау комиссиясы қолжазбаны мұқият қарап, оң қорытынды беруінің өзі кітаптың тәрбиелік мәні мен рухани жаңғыру тұрғысындағы маңызын ашып көрсетсе керек.

Бұл кітаптың ораза ұстаушыларға берер пайдасы мол. Еңбекте «Онлайн 30 сәресі» мен «Онлайн 30 ауызашар» тақырыбындағы рухани әңгіменің жаңашыл үлгісі ұсынылған. Мұндағы өмірлік тәжірибе, рухани, діни дидактикаға, қазақ фольклорындағы ғибраты мол эстетикалық тәрбиеге, ойшылдардың ұлағатты сөздеріне негізделген көркем әңгімелер оқырманды баурап алады», – деген екен.

Кітапты парақтағанда, әр сәресі мен әр ауызашарда авторды толғандырған тақырыптардың әрқайсысының жан-жақты мән-мағынасы ашылып, бүгінгі күнгі өмірімізден шынайы мысалдар келтіріліп, сол ойлары қасиетті Құранның сүрелеріндегі тұжырымдармен, ғұламаларымыздың асыл ойларымен бекітіледі. Көп адамның көзін ашатын ойларды жазған менің Ерсін бауырым екеніне бек қуандым.

Формалық жаңа бір ізденіспен жазылған тұтас дүние екен. Өз басым, бас­тан-аяқ оқып шығып, Ерсін публицистің қалам қайратына ырза болдым.

Ерсіннің екінші бір қыры – ақындығы. Тоқсаныншы жылдары республикалық айтысқа небәрі 16 жасында қатысқан оған дуалы ауыз ғұлама, екі ғасырдың Абызы Әбіш Кекілбай ағамыз «Қазақ әдебиеті» газетінің бетіндегі айтыс туралы мақаласында болашағынан зор үміт күттіретін жастардың қатарында Ерсін Мұсабеков есімін атаған. Кейіннен Ерсін жазба поэзия­ға ауысып, 2011 жылы «Бұлт астында сәуле бар» атты өлең кітабын жарыққа шығарды. Оған жезқазғандық талантты қаламгер, ақын, ғалым, білікті аудармашы, Ұлттық «Айбоз» сыйлығының лауреаты Кенжебай Ахметов алғысөз жазыпты. Ол: «Ақындық өнердің қадір-киесін жанымен сезіне білгендіктен де, Ерсін ақын өз өлеңдеріне арқау болған жәйттердің қай-қайсын да жүрегінен өткере жырлау­ға ұмтылады. Қай шығармасында болса да, шындықты айтуды мұрат етеді. Қоғам жайына үңілсе де, әлеумет тірлігіне көз салса да, өзінің жан дүниесіне бойласа да, танып-білгенін, сезіп-түйсінгенін бұқпантай-бүкпентайсыз ашық айтуды, шынайы бейнелеуді хош көреді. Ерсін жырларының артықшылығы да – шыншылдығында», – деп баға берген екен. Ерсін өлеңдерімен танысқаннан кейінгі менің ойым – ол аз жазса да, саз жазады. Әр жырына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Өлеңіммен өмір жасап келемін,

Қорлығымен қорқыта алмас мені өлім.

Адал жанның аманатын арқалап,

Менен ұзақ жасайсың-ау, өлеңім…

Өлең-өмір, өлең-бұлақ, бал тұнба,

Мәртебелі мұра болар мәрт ұлға.

Көрмейтұғын қызығыма өкінбен,

Өлмейтұғын өлең қалса артымда! Осы өлең жолдары Ерсіннің жас кезіндегі алау­лаған сертіне де, ақындық кредосына да ұқсайды.

Ерсіннің туған жерінің өзі – қазақ әдебиетінің құйқалы топырағының бірі. Өйт­кені Жаңаарқа атты киелі өңірде әйгілі Сәкен Сейфуллиннен бастап, Ісләм Жарылғапов, Сейділ Талжанов, Серік Қирабаев, Ақселеу Сейдімбек, Сайлаухан Нәкенов, Алдан Смайыл, Балтабай Әбдіғазиев, Ғалым Жайлыбай сияқты әдебиетіміздің қадау-қадау тұлғалары дүние есігін ашқан. Ерсін өмірден ерте озған дарынды ақын Сайлаухан Нәкеновті өзінің өлеңдегі ұстазы санайды.

Осы кітаптағы «Қара қағаз», «Кертолғау», «Өмір – күрес», «Өлең бер маған», «Ауылды аңсау», «Көбелек ғұмыр», «Түнді жақсы көремін», «Мен өлермін», «Бұлтты көңіл, жіберші нөсерлетіп» сияқты өлеңдер толысқан ақынның қолтаңбасын көрсете алады. Ерсін қаламынан осындай жырлар көбірек туса деген тілегімізді жасыра алмаймыз.

Ерсін Мұсабековтің үшінші бір қыры – қайраткерлігі мен қайырымдылығы. Облыстың қоғамдық өміріне белсене араласатын ол облыстық «Аманат» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңестің белсенді мүшесі, «Мағауия Сембай атындағы журналистерді қолдау қоры» қоғамдық қорының құрылтайшысы әрі төрағасы, сондай-ақ, республикалық «Қазақ меценаттары» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша өкілі.

Өзі де демеушілікпен айналысып, облыстағы қайырымдылық шараларына белсене атсалысып келеді. Мәселен, 2019 жылы туған жері Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына арнап, «90 жылдыққа – 90 қарағай» акциясын ұйымдастырып, өз қаражатына аудан орталығына 90 түп қарағай екті. Қазір ол жер Сәкен Сейфуллин атындағы орталық саябаққа айналды. Сонымен қоса, туған ауылындағы мешіт төңірегін көгалдандырып, 10 түп қарағай көшетін екті. Бұдан басқа да жекелеген меценаттық қызметі ауылдастары тарапынан тек қана алғыс арқалауда.

…Жуық төңіректе екі мәрте Қарағандыға жолым түсті. Бірі – ақын Абзал Бөкеннің 75 жылдық мерейтой кеші, екіншісі – Теміртау қаласында тұратын Күлбаран жеңгемнің 90 жасқа толған тойы. Екі барғанымда да жарқылдап алдымнан Ерсін бауырым шығып, Жаңаарқаның бал қымызын сапырып шығарып салды. Киелі топырақта дүние есігін ашқан, құйқалы топырақтан нәр алып өскен, ұлттық рухтың, салт-дәстүрдің шырақшысындай болып жүрген Ерсінге алдағы алар асуларың биіктей берсін деген тілек айтамын!

Бауыржан ЖАҚЫП,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш»

сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.

Сообщение Алар асулары алда появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Орталықтың» олжасы
Қасиетті Тәуелсіздік күнінде редакциямызға қос бірдей қуанышты жаңалық жетті. Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының Бірінші орынбасары, қарымды қаламгер Ерсін МҰСАБЕКОВ және басылымның ардагері, танымал журналист Амандық РАХҰЛЫ «Ақпарат саласының үздігі» атанды.

Мұндай төсбелгі – Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан берілетін ең жоғары марапат. Қос тарлан да лайық. Екеуі де елдің жүрегінен ойып тұрып орын алған. Өткір пікірі мен жорға жазуы арқылы.

Басылымның басшысы Мағауия Сембаев «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін Ерсін Мұсабековке салтанатты түрде тапсырды.

Дәл осындай рәсімді өткізу үшін Бас редактордың орынбасары Төрехан Майбас Жезқазған қаласына арнайы барды. Төсбелгіні газеттің сол өңірдегі меншікті тілшісі болған Амандық Рахұлының кеудесіне тақты. Рәсім Жезқазған қаласының әкімдігінде өтті. Іс-шараға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы, руханият жанашылары қатысты.

«Орталық» – олжасыз қалмайды. Ормандай оқырманы барда!

Сообщение «Орталықтың» олжасы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.