Архивы ардагерлер - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Жеңіске жеткізгендер ардақталды
Биыл – екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 79 жыл. Қазақстаннан, оның ішінде Қарағандыдан сан мыңдаған адам соғысқа аттанып, көбісі ерлікпен қаза тапты. Бүгінде облыста санаулы ғана соғыс ардагері бар. Мереке қарсаңында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ел азаматтарымен бірге Қарағандыдағы «Ариста» салтанат сарайында соғыс және тыл ардагерлерін құттықтады. Ал, қонақтарды Талғат Бигельдинов атындағы Қарағанды рес­публикалық әскери мектептің тәрбиеленушілері қарсы алды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Шара басында қатарымызда жоқ ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, бабалар рухына тағзым етілді.

Алдымен сөз алған аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Жеңістің 79 жылдығымен құттықтап, жерлестеріміздің жанкешті ерліктері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес өнеге болып қала беретінін жеткізді.

– Бұл – қан майданда парыз бен намысты жоғары қойған, елі мен жерінің бостандығы үшін жан аямай, жауға төтеп берген, табанды да қайсар мінезді жауынгерлер ерлігінің, биік рухының мерекесі. Сіздер бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түстіңіздер, адам төзбес ауыртпалық көрдіңіздер. Бірақ, Сіздер бәрін де жеңдіңіздер. Ел намысын қорғаған, қан майданнан оралмаған батыр жерлестеріміздің рухына тағзым етеміз, олардың есімдерін әрдайым жүрегімізде сақтаймыз. Осынау айтулы мерекеде Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт пен шаттық тілейміз, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Шараға 102 жастағы соғыс ардагері Сұңғат Саттығұлов қатысты. Ол 1941 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1942 жылы «Сталинград шайқасына» қатысқан.

– Құрметті менің қарағандылық жерлестерім! Еліміз соғыстан кейін де қиын кезеңді бастан өткерді. Қара алтын өндірген Қарағандының жұмысшы табы Қазақстанның абыройын асқақтатты. Сол абырой биігінен түспеңдер! Сіздерге бейбіт күн мен ашық аспан тілеймін. Кейінгі ұрпақ соғыстың не екенін білмесін! – деді Сұңғат Смағұлұлы.

Ал, 89 жастағы тыл ардагері Ғайникамал Ибраева соғыс басталғанда небары бес жаста болған. Алты жасынан еңбекке араласқан ардагер қиын кезеңдерді басынан өткергенін еске алады.

– Соғысқа кеткен әкелеріміздің, ағаларымыздың орнын біздер бастық. Баламыз деген жоқпыз, үлкендермен қатар жұмыс істедік. Сол кезде үлкен көкөніс базасы бар-тын. Көкөністі тазалап, көлікке тиеп, майданға жібереміз. Қиын болғаны сондай, тазаланған көкөністі салып таситын ыдыс та болған жоқ. Көйлегіміздің етегіне салып, көлікке дейін апаратынбыз. Бір минутқа да тоқтап қалуға болмайды. Ал, жеті жасқа толғанда, таңғы сегізден түске дейін сабақ оқып, түстен түнгі он екіге дейін жұмыс істедік, – дейді Ғайникамал Байзықанқызы.

Ғайникамал Ибраева 1945 жылы соғыс аяқталған соң «Бәрі де майдан үшін!» деп, еңбек еткен балаларды жинап, алғыс айтқанын есіне алады.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин да қонақтарды құттықтап, мықты денсаулық тіледі.

– Сіздер – ерекше шыңдалған адамсыздар. Сұрапыл соғысты өткеріп, одан кейін халық шаруашылығын қалпына келтірдіңіздер. Өздеріңізге деген құрмет те ерекше. Қадірлі ардагерлер, әулеттеріңізге бақ-береке, ырыс кетпесін! – деді Оралды Тұрсынұлы.

Шара соңында №58 жалпы орта білім беру мектебі кадет сыныбының оқушылары соғыс және тыл ардагерлері алдында әскери игілік бен қатал тәртіпте тәрбиеленген, елінің болашақ қорғау­шы­лары мен патриоттары ретінде ант береді.

Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысының 11 ардагері тұрады. Олар – Николай Рассказимов, Иван Скрипников, Григорий Степенко, Виктор Шелудяков, Мария Шинкевич, Александр Балабас, Сұңғат Саттығұлов, Николай Куриленко, Өтелбай Орымбаев, Вера Шаповалова, Анна Котова.

Салтанат ІЛИЯШ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Сообщение Жеңіске жеткізгендер ардақталды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Ардагерлер азайып бара жатыр…»
Шындығында, сұрапыл соғыстың не екені кейінгі буынға беймәлім ғой. Біз үшін сол майданды кешкендер – баһадүрлер. Соғыс – адамды тәубесіне келтіретін бір белгі ғана. Күнделікті көріп жүрген кинодрамадағы қантөгіс емес – бұл. Көркем шығармаға да жатпайды. Ол өмірдің – өзі. Осы бес әріптен тұратын суық сөзді есту – өте ауыр. Ал, оны басынан өткізген, толарсақтан саз кешіп, құрбан болған, ардың туын жықпай, биік ұстаған қайран бабалар қандай күйде болды екен? Бір сәтке көз алдымызға елестетіп көрейікші…

Биыл Ұлы Отан соғысының Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толып отыр. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 1418 күн мен түн бойы созылды. Қарағанды облысынан майданға 60 мыңға жуық адам аттанып, 34 мыңнан астамы аман-есен оралса, 25 мыңға жуығы қаза болды. 9400-ге жуық адам хабар-ошарсыз кеткен. 6600-дей жерлесіміз майданда ерлік көрсеткені үшін ордендер және медальдармен марапатталды, 34 адам Кеңес Одағының Батыры атанса, 13 адам – Даңқ орденінің толық иегері.

Ұшты-күйлі жоғалғандардың бірі – жерлесіміз Жұматай Жұмағұлұлы. Оның қиын тағдыры жайлы Жайық Бектұров атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына барғанда, аяқасты білдік. Ағамыздың немере қарындасы Мейрамгүл Төлеуғазықызы кітапханашы болып жұмыс істейді.

Соғысқа Семей өңірінен аттанған. Ұрпақтары кейін Қарағанды облысы аумағына көшіп келді. Жұматай – менің әкемнің туған ағасы. Тегі басқаша жазылған. Осы кезге дейін қанша жыл сабыла іздеу салсақ та, табылмап еді. Ресейдің арнайы іздеу орталығы тауып берді. Биыл мамыр айында хабар келді. 1942 жылы соғысқа аттанған. «Беларусь майданына кіргелі тұрмыз» деп хат келіпті. Содан кейін хабар болмаған. Минск қаласында тұтқынға түсіп, Штатлаг 316 түрмесінде қайтыс болған. Деректерге сүйенсек, «азиат» деп, ауыр жұмыс істеткен. Суықта ашық аспан астында аш-жалаңаш ұстапты. Азапты көтере алмай бақилық болған. Жеңістің 75 жылдығында табылғанына шүкір! – дейді Мейрамгүл Жұмағұлова.

Соғыс ардагерлерінің табанды ерліктері ескеріліп, облыс бойынша осы уақытқа дейін 145 ескерткіш, монумент, мүсін және ескерткіш тақталар орнатылған. Кейінгі жылдары Ақтоғай ауданындағы Сәуле ауылында Қазыбек Нұржановтың 100 жылдығына орай ескерткіш орнатылып, «Батыр гүлзары» ашылса, Нұра ауданында Кеңес Одағының батыры Семен Лебедевке, Даңқ орденінің толық иегері Мұташ Сүлейменовке ескерткіш орнатылды. Былтыр Ақтоғайда Нұркен Әбдіровке де ескерткіш қойылды. Облысымыздан соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлерден – Бүркіт Есжанов, Василий Волокин, Серафима Пономарева, Нина Сорокина сияқты көзі тірі батырлардың есімін мақтынышпен атаймыз. Тылда аянбай еңбек еткендер – Жұмабек Әбдіраманов, Раиса Базанова, Боранқұл Ысқақов пен Социалистік Еңбек Ері – Сайлау Біләлов және басқаларының ерен еңбектері жеңіске жетуімізге үлкен көмек болғанын ұмытпауымыз керек.

Соғысқа қатысып, Ұлы Жеңіске қол жеткізген ардагерлер қатары сиреп барады. Олар – соғысты өз көзімен көрген көзі тірі батырлар. Биыл Жеңістің 75 жылдығына да біршама іс-шаралар жоспарлап қойдық. Отан үшін от кешкен жерлес батырларымызға арнап кітап шығармақшымыз, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Жазыкен Томпиев.

Ардагерлер кеңесінің мәліметінше, Қарағанды облысында Ұлы Жеңістің 75-ші мерейтойын 76 майдангер қарсы алуы тиіс. Олардың 8-і қазақ. Қалғаны – өзге ұлт өкілдері. 15-і – көмекке мұқтаж жандар. Сонымен қатар, олардан өзге концлагерде болғандар – 80 адам. Ленинградты қорғауға 14 адам қатысқан болса, қаза тапқан батырлардың жарлары – 28 адам.

Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңген зейнеткерлер – 9 болса, әлеуметтік еңбек ардагерлері – 7 адам екен.

Бүгінгі таңда майдангер Нина Сорокина – 101 жаста. Облысымызда соғыс жылдарында тылда еңбек еткен 9 мыңнан астам азамат тұрады.

Ақтоғай және Нұра, Ұлытау аудандары мен Қаражал, Приозерск қалаларында көзі тірі бірде-бір майдангер қалмаған екен. Шет, Қарқаралы ауданы мен Сәтбаев қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан бір-бірден, Шахтинск, Абай, Балқаш қалалары мен Жаңаарқа, Бұқар жырау аудандарында екі ардагерден бар. Қарағандыда – 35, Теміртауда – 13, Жезқазғанда – 4, Осакаров ауданында – 5, Саран қаласында – 6 ардагер тұрады.

Аудандар мен қалалардағы ардагерлер кеңестері ынтымақтаса жұмыс атқарады. Олар Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойының алдын ала жылдық жоспарын бекітіп, жүзеге асыруға белсене кірісті.

Бала күнімде оқыған соғыс тақырыбындағы бір шығарманың мына сюжеті есімде сақталып қалыпты.

Бір топ солдат су іздеп шығады. Су алатын орын неміс фашистері орналасқан жерге жақын еді. Су алып жатқанда байқап қалып, немістер қуа жөнеледі. Оларға тапсырылған міндет шелектегі суды төкпей жеткізу. Ну орманда, аптап ыстықта шөлдеп, әбден титықтаған солдаттар суды күтіп отыр. Межелі жерге жеткенше бәрі оққа ұшып, Егор деген жауынгер тірі қалады. Ол бар пәрменімен жүгіріп келіп, ортайып қалған суы бар шелегімен арғы жағында үзеңгілестері күтіп отырған төбеге ұмтыла бергенде оқ тиіп, қаза болады. Қолындағы суды төбеден асырып, беріп үлгереді. Суды ішіп, шамалы тыныққан достары ашуға мініп, жауды жайратып салады.

Осы сурет әлі көз алдымда, авторы есімде жоқ.

Соғыс біздің санамызға осындай ерліктермен орнықты. Ол туралы айтылса көз алдыма сол Егордың тағдыры және 15 республиканың түпкір-түпкірінен барып, бір үйдің баласындай ел қорғаған жауынгерлер көз алдыма келеді, рух береді…

Сөз соңында айтарым, көзі тірі соғыс ардагерлерін көрсем, сол Егордың суын ішіп, аман қалған солдаттар сияқты елестейді маған. Егордың қолымен берілген жарты шелек су, жарым-жарты көңіліме үнемі медеу. Сол суды жеткізу арқылы аталарымыз бізге осы бейбіт күнді, тату өмірді, ашық аспанды, тәуелсізсіздікті сыйлағандай…

Жәлел ШАЛҚАР.

Сообщение «Ардагерлер азайып бара жатыр…» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Ардагерлер ұйымы – өнеге бастауы
Өңірімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің басын қосатын үлкен облыстық ұйым, оның құрамында, қалалық, оның құрамында аудандық ұйымдар бар. Олардың жұмысын ұйымдастырып, әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасап отыратын кеңестер құрылған. Кеңестің мүшелері — ардагерлер, өмірдің ыстықсуығына төзіп, талай сыннан сүрінбей өткен арда ерлер. Осындай қоғамдық ұйымның бірі – қаламыздағы Октябрь аудандық ардагерлер кеңесі.

Мазмұнды, жүйелі түрде ауқымды іс-шаралар өткізіп, облыстық, қалалық кеңестер тарапынан оң бағаға ие болып жүрген Октябрь ауданы ардагерлер кеңесінің іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында облыстық ардагерлер ұйымы президиумының отырысы осы ауданда өткізілді. Оған Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай кеңестерінің төрағалары қатысты. Облыстық ардагерлер ұйымы президиумының Октябрь ауданында өтуі біз үшін мақтаныш әрі үлкен қолдау деп есептейміз. Ал, шынында өткен жыл жетістіктерге толы жемісті болды.

Ардагерлеріміз қаладағы қоғамдық жұмыстарға, әсіресе, қазіргі буын-жастарға қашанда жол көрсетіп, ұлттық болмыс пен құндылықты бойына сіңіре отырып, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өмірлік тәжірибесі мен бөлісіп, үнемі ақыл-кеңес беруден жалыққан емес. Осындай шаралардың бірі тоқсан жылдан астам тарихы бар Жамбыл атындағы мектептің ардагерлер бастауыш ұйымымен бірлесе өткізген «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы сырсұхбат шарасы жоғары деңгейде өтті. Мектептегі «Жас мұғалімдер» клубының қатысуымен пікірталас ұйымдастырылды. Тәжірибелі ардагер ұстаздар кеңестерін айтып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде ашық әңгіме өткізді.

Сол сияқты қаламыздағы әскеритехникалық мектепте аудан ардагерлері мен мектеп курсанттары арасында Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраевтың туған күніне орай шахмат жарысы ұйымдастырылды. Ардагерлеріміз тоғыз құмалақтан да әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатыса бастады.

Дойбы жарыстары да атаулы күндері өткізіліп тұрды. Осындай спорттықсауықтыру ойындарын бұдан былай да жиі ұйымдастырып тұрмақшымыз.

Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне орай, дәстүрлі ардагерлер хор ұжымдарының байқауы өткізілді. Жеңімпаздарға арнаулы сыйлықтар тапсырылды. Ауданда мектеп ардагерлері ұйымымен бірге мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту әрі туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Менің кіші Отаным», «Менің туған қалам», «Менің туған ауылым» тақырыптарында эссе жұмыстарының байқауы өткізілді.

Мектеп мұражайларының тәрбие берудегі және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу мақсатындағы жұмыстарын бағалау мақсатында конкурс ұйымдастырылды.

Аудандағы әрбір ардагер назардан тыс қалған емес. Әрқайсысы есепке алынған, бастауыш ұйымның есебіне тіркелген. Әрбір ардагерге көңіл бөліп, назар аударған соң олар да белсенділіктерін арттыра бастайтыны белгілі. Жұмыс жүйеленген.

Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласа бастады. Мектептерде, колледждерде кездесулер жиі ұйымдастырылуда. Қарттар күніне және ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай, Октябрь ауданы ардагерлер кеңесінің бастамасымен №95 мектеп-гимназияда ардагер ұстаздармен мерекелік кездесу өткізілді.

Ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің мерейтойлары да назардан тыс қалмайды. Бүркіт Есжановтың, Алпан Итжановтың 95 жылдық мерейтойлары жоғары дәрежеде өтті. Нина Николаевна Сорокинаның 100 жылдық мерейтойына ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық әкімдіктердің өкілдері, қоғамдық ұйымдар басшылары қатысты.

Ардагерлер Кеңесінің мүшелерін қызықтырған тағы бір мәселе – латын графикасын үйрену. Осы мақсатта арнаулы сабақтар өткізілді. Латын әліпбиімен танысып, жазу жазып, жаттыға бастадық. Бұл да бір жетістік. Немерелеріміздің не жазғанын оқи алатын дәрежеге жетсек деген ұмтылыс бар. «Ал, өзіміз жазып, немерелерімізге үйрете алсақ, немесе бірге үйренсек – бұл да өнеге көрсеткеніміз емес пе?!» – дейді ардагерлер.

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

Сообщение Ардагерлер ұйымы – өнеге бастауы появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Тұрақтылық – бейбітшілік кепілі
Бүгін Мемлекет басшысының үндеуін тыңдадым. 9 маусымда мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтетіні белгілі болды. Бұл тарихи оқиғаны өз басым жылы қабылдадым.

Биылғы жыл жалпы еліміз үшін тарихи оқиғаларға толы болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өз өкілеттілігін тоқтатты. Мұндай шешім қабылдау екінің бірінің қолынан келмейді. Елбасы қысқа уақыт ішінде қаншама жұмыстар атқарды. Қазақстанды қазір әлем таниды. Ел астанасын Арқа төсіне көшіру, жаңа қала тұрғызу сұңғыла саясаткердің ғана қолынан келетін іс.

Өкілеттілігін тоқтатқан сәттен бастап, ҚР Конституциясында көрсетілгендей Президенттің міндетін уақытша атқару Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді. Біз оны сауатты саясаткер, іскер азамат ретінде жақсы білеміз. Бүгінде өз міндетін жоғары деңгейде атқарып жүр. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның бірнеше өңірін аралап, еліміздің әл-ауқатын арттыру жолында батыл қадамдар да жасап үлгерді. Көңілімз толып, сүйсініп отырамыз.

Ал, енді осы наурыз айында Елбасының тарихи шешімінінен бастау алған тарихи сәттердің жалғасы ретінде Президент сайлауы уақытынан бұрын 9 маусымда өткелі отыр.

Еліміз үшін өте маңызды тарихи оқиға. Барша қазақстандықтардың көңілінде жүрген алаңдаушылыққа нүкте қойып, әрі қарай нық қадам басу – міндетіміз. Нарықтық экономика дәуірінде шетелдік инвестиция құюшылардың да, өтпелі билік жағдайына алаңдауы сөзсіз. Қауқарлы экономикамызды қуатын арттыру мен елдегі бірлікті, тұтастықты сақтау үшін бұл сайлаудың маңызы зор. Өте құптарлық жайт.

Мен Тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осы сайлауға қатысып, лайықты деген үміткерге дауыс беремін. Өйткені, елімнің ертеңіне қатысы бар тарихи оқиға мені бей-жай қалдырмайды. Тұрақтылық бар жерде – бейбітшілік бар.

Оралды ТӨРЕҒОЖИН,

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Сообщение Тұрақтылық – бейбітшілік кепілі появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Қарттар ұмыт қалмайды
Майқұдықтағы «Ақ Отау» мейрамханасында зейнеткерлерге мерекелік дастархан жайылды. Ескі таныстарымен кездесіп, жас таланттардың өнерін тамашалаған қариялар өткен күннің естеліктерін еске алып, ұйымдастырушылар алқасына риясыз алғыстарын жеткізді.

Қарттар күні мерекесі қарсаңында зейнеткерлерге арнап ақ дастархан жаю бастамасын Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі ұйымдастырған.

– Қарттар күні қарсаңында «Ақ Отау» мейрамханасының басшылығы бізге өз залдарын ұсынды. Зейнеткерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шараға 70 адам шақырылып отыр. Олардың барлығы – жастық шағында аянбай еңбек етіп, қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтар. Былайғы уақытта да қарттарды ұмыт қалдырмай, көмек көрсетіп келеміз. Үй жағдайында әлеуметтік көмек алатын зейнеткерлеріміз де бар,– дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытнұр Талипова.

«Ақ Отау» төрінде бас қосқан қарттарымыздың жүздері жарқын, көптен көрмей сағынысып қалған ескі таныстар хал сұрасып, арқа-жарқа болып қалысты. Таяққа сүйеніп, қозғалысы қиындаған әр зейнеткердің қасында қолтығынан демеп жүрген бір-бір көмекшісі бар. Кейін білдік. Бұлар әлеуметтік көмек бөлімінің мамандары екен. Асты-үстіне түсіп, көңілін табуға тырысып жүрген мамандарға зейнеткерлердің ықыласы да ерекше. Кейбірі, тіпті, туған баласындай болып кеткен.

– Қарт адамға көп нәрсенің керегі жоқ екен. Уақытылы дәрімізді ішіп, бір уақыт таза ауада серуендеп тұрсақ, соның өзі көңіл қуантады. Жергілікті әкімдіктен келіп, бізге қарайласып тұратын қыздарым бар. Солардың арқасында бүгін осында келдім. Әйтпесе, үйден қарға адым жер ұзап шығу мұң болды ғой, мына жаста. Әлеуметтік көмек бөлімі қызметкерлеріне рахмет, қайда жүрсе де аман болсын,– дейді зейнеткер Антонина Алексеевна.

Мейрамхана төрінде отырған қарттардың бәрі бір кездері жастық жалынмен құлшына еңбек еткен азаматтар. Барлығы да – өз заманының белді де беделді мамандары. Біреулері шахтада көмір өндірсе, келесілері зауыт-фабрикада еңбек еткен. Шәкірт тәрбиелеп, өзінен кейінгі жастардың білімді болып жетілуіне үлес қосқандар да жеткілікті.

– Бұқар жырау ауданындағы Керней ауылында техникум болған еді. Сол жерде сабақ беріп, жас мамандарды тәрбиеледім. Зейнетке шыққан соң Қарағанды қаласына көшіп келдік. Құдайға шүкір, жағдайымыз жаман емес. Әкімдік тарапынан түрлі жеңілдіктер бар. Әлеуметтік көмек үзілмейді. Әр мереке сайын құттықтап, елеп-ескеріп жатқандарына рахмет. Мұның бәрі бірінші кезекте Елбасымыз бен үкіметіміздің арқасы ғой. Қарттарды ұмытпай, қадірлей білгендері қуантады,– дейді зейнеткер ұстаз Виктор Зевский.

Дәл осы күні, кеншілер қаласының өзге аудандарында да қайырымдылық шаралары өткізіліп, зейнеткерлер мейрамхана төріне шақырылды. Октябрь ауданы әкімдігінің үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметіне жүгінетін 720 адамның барлығы мерекелік акцияның шарапатын көрді. Бөлім қызметкерлері ардагерлерді үйлеріне барып құттықтап, сый-сыяпаттарын ұсынды, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

«Орталық Қазақстан»

Сообщение Қарттар ұмыт қалмайды появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

«Мәңгілік полк»
Осылай аталатын халықаралық акция аясында 8 мамырда орталық алаңда шеру өткенін хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Оған тыл және еңбек ардагер­лері, Қазақстан мен Ресей қарулы күштері әскерилері, қала кәсіп­орындары мен мекемелері өкілдері, жастар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты. Шеруге қа­тысушылар соғыс кезіндегі әндер­ді шырқады. Соғыста шейіт болғандарды бір сәт еске түсірді.

Мерекелік шараның соңында бейбітшілікке байланысты игі тілектер жазылған шарлар ұшырылды.

«Мәңгілік полк» шеруі келесі күні Ұлы Отан Соғысының 73 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға ұласты. Оған ҚР ҚМ және РФ ҚМ әскери бөлімдері қатысты.

Қала әкімі Қ.Камзин және ҚР ҚМ, РФ ҚМ гарнизон командирлері ҰОС ардагерлерінің және Са­рышаған полигонының бірінші командирі С.Дороховтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Салтанаттан кейінгі іс-шара ардагерлерге, қала тұрғындарына арналаған мерекелік бағдарламаға ұласты.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Сообщение «Мәңгілік полк» появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.