Архивы 1 наурыз - «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті

Өткенге тағзым, бүгінге алғыс!
Тарихтың сан мың қатпарлы парақтарында қарға тамырлы қазақтың бауырмалдығы мен кең жүректілігі алтын әріптермен жазылған. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, жат жұртты да өзекке теппеген ел азапты жылдарда өзгенің қайғысын бөлісіп, пана болды. Бүгінде бізге бейбіт аспан, татулық пен достықтың берік ордасы – аманат. Алғыс айту күні – сол бір тағдырлы жылдардың ұмытылмас белгісі ғана емес, мейірімділік пен адамгершілікті дәріптейтін өнеге. Алғыс – бірлікті бекемдейтін ұлы құндылық. Бұл күні өткенге тағзым етіп, болашаққа ұмтыламыз, шынайы ризашылықтың шырағын жағамыз. Өйткені, қазақ үшін алғыс айту – тек сөз емес, бұл жүректің кеңдігі мен жанның тазалығы!

Коллажды жасаған Айбек Рақымжан

Қазақ халқы ықылым заманнан «Алғыс алған арымас» деген сөзді бекер айтпаған. Алғыс – шынайы ризашылықтың, жүрек жылуының белгісі. Қиын-қыстау кезеңдерде, қилы замандарда қазақ жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарып, өзіне қамқор болғанды да, өзгенің қамын жегенді де ұмытпаған. Бүгінде 1 наурыз – Қазақстанда Алғыс айту күні. Бұл күннің мәні тереңде жатыр. Тарихтың қатпарларына зер салар болсақ, күні кешегі кеңес заманында қазақ жеріне түрлі ұлт өкілі жер аударылды. 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезінде мыңдаған неміс, корей, түрік, шешен, ингуш, балқар, қарашай, грек және басқа да этностар Қазақстанға күштеп қоныстандырылды. Олар туған жерінен үдере көшіріліп, белгісіз мекенге жіберілгенде аштық пен суықтан қажыды. Осындай ауыр сәтте қазақ халқы қолындағы барымен бөлісіп, оларды бауырына басты.

Бір ғана қазыналы да қасиетті Қарағандыға 1930-1950 жылдары кеңес үкіметінің саяси шешімдері негізінде 30-дан астам ұлт пен этнос өкілдері күштеп жер аударылды. Олардың арасында немістер, корейлер, шешендер, ингуштар, түріктер, гректер, поляктар, украиндар, қарашайлар, балқарлар, қырым татарлары, молдовандар және басқа да этностар болды.

Өңір саяси тұрғыдан ерекше болды. Себебі, аймақта Қарлагтың бой көтеруі бұл жерде қуғындалған ұлт пен ұлыстардың кіл қаймақтары шоғырланғандығын айтпай-ақ аңғаруға болатын еді.

Шешен ұлтының ақсақалы Асламбек Аптаев «Қазақтардың кеңдігі болмаса, біз қазір болмас едік» деп терең тебіреніспен еске алады. Немістер де, кәрістер де, басқа да этнос өкілдері қазақтың сол бір ұлы мейіріміне бас иіп, ризашылық білдірді. Міне, 1 наурыз – осындай бауырластықтың, достықтың, шынайы рақымшылықтың күні.

Асламбек Аптаевтың бұл сөзі – бүтін бір халықтың басынан өткен ауыр тағдырдың, сол қиын-қыстау кезеңде қазақ халқының көрсеткен шексіз мейірімі мен адамгершілігінің айғағы.

– 1944 жылы ақпан айында мыңдаған шешен мен ингуш бір түннің ішінде туған жерінен күштеп көшірілді. Жасы да, кәрісі де вагондарға тиеліп, белгісіз бағытқа жөнелтілді. Аштық, ауру, суық – жол бойында қаншама адамның өмірін қиды. Бұл халық үшін нағыз геноцидке тең нәубет еді. Бірақ, олар қазақ жеріне табан тірегенде, бұл далада оларға бауырындай қараған халық бар екенін білді. Қазақ ауылдары шешендерді тек босағасынан аттатқызып қана қойған жоқ, өздерінің соңғы тілім нанын бөліп берді. Сол жылдары қазақтардың өзі аштық пен ауыртпалықты бастан кешіп жатса да, «жетім-жесірді жылатпа» деген ата-баба өсиетін орындады.

Бір ғана мысал, Қарағанды маңындағы кішкентай ауылға жүздеген шешен отбасы жеткізілді. Бейтаныс далада бүрсең қаққан оларды қазақ әйелдері үйлеріне кіргізіп, отбасымен бірге дастарқан басына отырғызды. Қазақ аналары өз балаларына қандай қараса, соларды да сондай мәпеледі. Тіпті, анасының жанында жаурап тұрған кішкентай шешен баланы көріп, қазақ кемпірі өзінің соңғы бір шекпенін шешіп, үстіне жауып, бауырына басқан екен, – деген мәліметтерді алға тартқан сол кезде қазақтардың мейірімін сезінген Асламбек Аптаев пен оның қандастары бұл жақсылықты ешқашан ұмытпайтынын разылықпен жеткізді.

Ал, қазақ халқының кез келген перзенті болса, алдымен ата-анасының алғыс, батасын алуға тырысқан. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген сөз – соның айғағы. Әке – шаңырақтың тірегі, ана – отбасының шуағы. Сол себепті, қазақ үшін ата-ананың алғысын алу жақсы перзенттің көрінісі болған. Қазақ халқы ата-бабасына, ұстазына, досына, елі мен жерін қорғаған батырларға да ағынан жарылып, алғыс айтқан. «Батыр – елге қорған, білімді – елге шуақ» дегендей, ұлт үшін аянбай тер төккен қайраткерлердің еңбегін ешқашан ұмытпаған. Сонымен қатар, қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Сондықтан, тағдыр тәлкегіне түскен, аштық пен соғыстан қашып келген өзге ұлттармен де барын бөліскен. Бүгінде қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілі бейбіт өмір сүріп жатса, бұл – бауырмалдықтың, кеңпейілділіктің, адамгершіліктің көрінісі.

«Алғыс айту күні – бірліктің белгісі» дейміз. Қазіргі таңда 1 наурыз – тек тарихи естеліктерді жаңғырту күні ғана емес, сондай-ақ, адамдардың бір-біріне алғыс білдіру күні. Бұл күн – көпұлтты Қазақстан халқының татулығын, ынтымағын нығайтатын мейрам. Достық пен мейірімділік ұғымдарын жаңғыртатын ерекше күн. Алғыс айту – адамның жан дүниесін байытатын, өмірге деген көзқарасын өзгертетін рухани құндылық. Сондықтан, қазақтың кеңдігі мен дархандығын ұмытпай, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтару – баршамыздың парызымыз. Қазақ жақсыға алғысын жаудырған халық. Ендеше, бүгінгі күні біз де ата-анамызға, туған-туысымызға, достарымызға, бізге қол ұшын созған адамдарға шынайы ризашылығымызды білдірейік. Алғыс айту – жүректен шыққан жылы сөз ғана емес, татулық пен бірліктің белгісі екендігін ұмытпасақ, болғаны.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

«Ortalyq Qazaqstan»

Сообщение Өткенге тағзым, бүгінге алғыс! появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Аймақта Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Елімізде 2016 жылдан бастап 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қарағанды облысында мереке күні концерттер, қайырымдылық акциялары, фестивальдар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. шаралар өтеді.

kaznai.kz

Қарағанды

28 ақпанда сағат 12:00-де Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қолөнер – рухани жан серігің» көрме-жәрмеңкесі ашылады. Ол 28 ақпанда сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ 1 және 2 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 наурызда сағат 10:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Адамгершілік – асыл қасиет» өңірлік форумы басталады. Форумда «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының басталуы ресми түрде жарияланады.

Осы күні сағат 12:00-де қаланың орталық алаңында Тәуелсіздік стелласына гүл қою рәсімі өтеді.

Сағат 14:00-де Достық үйінде «Мэрцишор-2025» XI румын фольклорының фестивалі басталады. Фестивальдің хедлайнері Молдованың еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ болады. Сонымен қатар, гала-концерт, румындардың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тұрмыс заттарының көрсетілімі, кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Кіру тегін.

1 наурызда сағат 12:00 теміржолшылар мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Бір ел – бір халық» халық тұрмысы фестивалі өтеді.

Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында «Рахмет саған – туған ел» концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Теміртау

28 ақпанда сағат 15:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған фестиваль ашылады. Іс-шара қонақтары заманауи Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың тағамдарымен, киімімен, тұрмысымен және дәстүрлерімен интерактивті түрде таныстырылады.

1 наурызда сағат 11:00-де Металлургтер мәдениет сарайында FOLK SYMPHONY этнофолькоркестрінің қатысуымен «Алғысым шексіз еліме» атты мерекелік концерт өтеді.

Саран

1 наурыз күні сағат 11:00-де Мәдениет үйінде «Жақсылық жаса» атты салтанатты концерт өтеді.

1 наурызда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алғыс айту күніне арналған «Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты іскерлік конференция өтеді. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жұмысының қорытындылары талқыланады.

Осы күні қалада «Мың алғыс!» акциясы өтеді.

Шахтинск

1 наурызда «Жүректен жүрекке» меценаттарға құрмет көрсету рәсімі өтеді.

Осы күні «Ақсүйек» спорт клубында ұлттық және үстел ойындарынан жарыстар өтеді.

Сондай-ақ, Алғыс айту күні қалада мұқтаж жандарға қажетті заттар мен азық-түлік жиынтықтарын тарату және жалғыз басты зейнеткерлердің ауласын қардан тазарту бойынша қайырымдылық акциялары өтеді.

Қарқаралы

28 ақпанда Жандарбекова атындағы мәдени-ойын-сауық орталығының сахнасында «Мың алғыс саған, Қазақ елі» атты концерт өтеді.

Сонымен қатар, 1–3 наурыз аралығында Алғыс айту күніне орайластырылған бес асық ойыны, шаңғымен жүгіру және волейбол жарыстары өтеді.

Аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, мерекелік концерттер, жарыстар ұйымдастырылады.

Абай ауданы

28 ақпанда «Достық, бірлік және келісім ою-өрнегі» фестиваль-байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Сондай-ақ, 1 наурызға қарай ауданда көрмелер, қайырымдылық акциялары мен челлендждер өтеді.

Ақтоғай ауданы

28 ақпанда аудандық мәдени-демалыс орталығында Алғыс айту күніне орайластырылған мерекелік концерт өтеді.

Сондай-ақ, аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттер мен қайырымдылық акциялары өтеді.

Нұра ауданы

28 ақпан күні сағат 11:00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдени диалогтың бірегей үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Бұқар жырау ауданы

28 ақпанда «Әртүрліліктегі бірлік» атты дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, мерекеге орай қайырымдылық акциялары мен челлендждер ұйымдастырылады.

Приозерск

1 наурызда қала көшелерінде тұрғындарға ыстық шай таратылады. Сондай-ақ, Алғыс айту күніне орай сурет байқауы өткізіледі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Сообщение Аймақта Алғыс айту күніне орай қандай іс-шаралар өтеді? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Елімізде 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Көктемнің алғашқы күнінен бастап бүкіл республика бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Елімізде наурыздан бастап бірқатар өзгеріс болады.

Сурет: lada.kz

Қазақстан бірыңғай уақытқа ауысты

Бүгіннен бастап бүкіл ел UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Осылайша республиканың 20 өңірінде уақыт теңесті.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытты.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Адам денсаулығы үшін күн сәулесіне, яғни табиғи уақытқа барынша жақын тұрақты уақыт белдеуін қолданған дұрыс.

«Отау» бағдарламасы

1 наурыздан бастап Қазақстанда «Отау» бағдарламасы іске қосылады. Оған Отбасы банк салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатыса алады. Қатысушылардың жас аралығы – 18 бен 63 жас.

Өтінім берген кезде депозитте жиналған сома 1 млн теңгеден кем болмауға тиіс.

«Отау» бағдарламасының шарттары:

алғашқы жарна – 20%-дан басталады;

жылдық мөлшерлеме – 9% (ЖТСМ 9,2% бастап).

несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарламаға қатысуға өтінішті 30 сәуірге дейін Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында беруге болады.

Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.

14 күн демалыс

Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Осы айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және әз-Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады.Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз – демалыс, 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.

Рамазан айы басталады

Биыл қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Шариғат бойынша балиғат жасына келген, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда қасиетті айда ораза тұтуды кей жандарға кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Олар: жолаушылар; науқас адамдар; жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдер.

Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.

Ораза айт 10 сәуірде болады.

Блогерлер онлайн жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

2 наурыздан бастап блогерлер онлайн жарнамаға белгі қоюға міндетті болады.

Онлайн-жарнаманы таңбалау ережелерін бекітетін бұйрық «Әділет» порталында жарияланған болатын. Ережеге сәйкес инфлюенсерлер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнаманы таңбалауға тиіс. Олар жарияланым басында немесе соңында онлайн ортада белсенді қолданылатын төмендегідей тұжырымдардың бірін көрсету керек: «жарнама», «жарнамалық материал», «серіктестік материал», «демеушілік материал», «жарнама құқығында», «демеушімен төленген», «PR құқығында».

Әлеуметтік жарнаманы (қайырымдылық және коммерциялық емес сипаттағы басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған) және жедел хабар алмасу қызметтерінде (мессенджерлер) жарияланатын жарнаманы арнайы белгілеудің қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр шілде айында президент «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Заң Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған.

Наурыздағы ҰБТ

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 10 наурызда аяқталады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіліп жатыр.

Тестілеудің өзі 1-31 наурыз аралығында өтеді.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Әуе рейстері

Қазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы 15 наурыздан Түркістаннан Самарқанға ұша бастайды.

Рейстер аптасына екі рет – жұма және жексенбі күндері орындалады. Жолаушылар De-Havilland Dash 8-Q400 типті ұшақтармен тасымалданады.

Рейстер санының көбеюі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізіледі

1 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл жыл сайын көктем мезгілінде қолға алынатын шара.

Республикалық маңызы бар жолдарды қыстан кейін сақтау және күтіп ұстау үшін бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары «Бесінші жол-климаттық аймаққа» кіреді. Шектеу шаралары 1 сәуірге дейін қолданылады.

Дәл осындай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да енгізіледі.

Алайда жүктерді және жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек, азық-түлік, багаж, дәрі-дәрмек тасымалдайтын, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарымен айналысатын автокөліктерге бұл шектеу қолданылмайды.

Шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмыс режимі өзгереді

Елдің барлық аумағы бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуына байланысты шекарадағы автомобиль өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізілді.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап мына өткізу бекеттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ресей Федерациясымен:

«Найза», Павлодар облысы

«Қоянбай», Абай облысы

«Байтанат», Абай облысы.

Қытаймен:

«Нұр Жолы», Алматы облысы

«Достық», Алматы облысы

«Қолжат», Алматы облысы

«Бақты», Шығыс Қазақстан облысы

«Майқапшағай», Шығыс Қазақстан облысы.

Қырғыз Республикасымен:

«Кеген», Алматы облысы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Сообщение Елімізде 1 наурыздан бастап не өзгереді? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

1 наурыз – алғыс айту күні
Бүгін, 1 наурыз – Алғыс айту күні. Алғыс айту күні 2016 жылдың 1 наурызынан бастап аталып өтеді.

Сурет: Ақорда

Бұл – азаматтардың бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыс айтатын, елді бірлікке шақыратын мереке. Еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі ұлт өкілдері бейбіт өмір сүріп, ел ертеңі үшін еңбек етіп жатыр. Бұл – еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктіретін күн.

Осылайша сол жылдан бастап елімізде «Алғыс айту күні» халық мейрамы ретінде аталып өтеді.

Қазақстан – көптеген ұлт өкілінің басын біріктіріп отырған мемлекет. Алғыс айту күні соның куәсі. Себебі бұл күні қазақстандықтар ұлтына, діні мен жас ерекшелігіне қарамастан бір-біріне алғыс айтады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Сообщение 1 наурыз – алғыс айту күні появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Бірыңғай уақыт белдеуіне қалай үйрену керек?
Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленеді (UTC+5).

Сурет: pexels.com

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.

Айта кетейік, Қазақстанда уақытты есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар Бірыңғай уақыт белдеуін құруды ұсынды.

Жұмыс тобы 2023 жылдың сәуір айында қазақстандықтардың неғұрлым қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше рет өтініштеріне байланысты құрылды. Оған ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары және т. б. кірді.

Жыл бойы медицина, физиология, география, метрология сияқты түрлі бағыттарды ұсынатын жұмыс тобының мүшелері Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.

Жұмыс тобының қатысушылары UTC+5 Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстанның көптеген өңірлері шынайы(табиғи) уақытқа барынша жақын уақытты пайдаланатын ең дұрыс және оңтайлы нұсқа болып табылады деген пікірге келісті.

Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеді, оның барысында бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 елінде қолданылатындығы анықталды, ал бірден көп уақыт белдеуінде небәрі 22 мемлекет тұрады.

Уақыт белдеуінің ауысуына қалай бейімделуге болады?

Алғашқы күндері ағзаға көбірек ұйқы беріп, мүмкіндігінше ұйқының ұзақтығын бір сағатқа ұзартқан дұрыс, сонымен қатар дұрыс тамақтану режимін сақтау керек (майлы, ащы, ысталған тағамдарды, фаст-фудты, тәттілерді алып тастаңыз), дәрумендерге бай тағамдармен байытыңыз. Таза ауада көбірек қозғалу және серуендеу, шамадан тыс жүктемені азайту, әсіресе балалар мен қарт адамдар, осылайша кәсіби және тұрмыстық жүктемені азайту пайдалы болады. Балаларға қатысты балаға көбірек көңіл бөлу және оның қыңырлығына төзімділік таныту. Егде жастағы адамдарға ұйықтар алдында жеңіл серуендеуге, шамадан тыс физикалық белсенділіктен аулақ болуға, қан қысымын бақылауға кеңес беріледі.

1 наурызға дейін жолаушыға нені білу керек?

ҚР Көлік министрлігі көршілес теміржол әкімшіліктерімен және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қатысушы қызметтерімен бірлесіп жолаушылар поездарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізді. Жолаушылар пойыздарының барлық өзгерістері ресми сайттар мен интернет-ресурстарда қол жетімді.

Жолаушыларды уақтылы хабардар ету үшін қызметкерлер арасында ҚР бойынша Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде жолаушылар және қала маңындағы поездардың жүру тәртібі туралы тиісті нұсқамалар жүргізіліп жатыр.

Жолаушылар анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы немесе @KTZH_PP_BOT Telegram ботының көмегімен тегін ала алады.

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін авиакомпаниялар тарапынан авиакомпаниялардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетеді.

Атап айтқанда, Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпаниялары авиабилеттерді сату жүйелеріне барлық қажетті өзгерістер енгізді, сондай-ақ барлық жолаушыларға тиісті хабарламалар жолданды.

29 ақпаннан 2 наурыз аралығында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің жедел штабының негізінде 8 7172 798214, 8 7172 798213 нөмірлері бойынша «жедел желі» жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, рейстің өзекті мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне және Air Astana авиакомпанияларының Call-орталықтарына келесі нөмірлер бойынша 8 727 244 44 77, 8 7172 58 44 77, 8 702 702 44 77; FlyArystan 8 727 331 1010 (WhatsApp 8 702 702 0227); SCAT 8 7252 99 88 80; Qazaq Air 8 727 356 14 14 жүгінуі керек.

Сағатты ауыстыру кезінде гаджеттер мен техниканы қалай дайындау керек?

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақтылы көшу үшін әмбебап нұсқаулықты ұсынады.

Бұл жаңартуларды алмаған азаматтар олардың жоқтығынан алаңдамауы керек. Құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасын соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.

Автоматты жаңарту, параметрлерде уақытты автоматты түрде анықтау және интернет байланысы қосылған кезде-уақыт автоматты түрде өзгереді, егер жоқ болса – қолмен өзгерту керек.

Жалпы ұсыныстар

1. Интернет байланысын тексеріңіз. Уақытты автоматты түрде жаңарту үшін құрылғы желіге қосылуы керек.

2. Уақытты автоматты түрде жаңартуды қосыңыз. Көптеген құрылғылар желілік уақыт қызметтерін пайдаланып күн мен уақытты автоматты түрде жаңартуға мүмкіндік береді.

3. Құрылғыны өшіріп қайта іске қосыңыз. Кейде өзгерістерді қолдану үшін өшіріп қайта қосу қажет.

Операциялық жүйелер бойынша нұсқаулық

Windows

1. «Басқару тақтасы» > сағат және аймақ > Күн мен уақытты ашыңыз.

2. «Интернеттегі уақыт» қойындысына өтіп, параметрлерді «Өзгерту» түймесін басыңыз.

3. Интернет уақытымен «Синхрондау» опциясы іске қосылғанына көз жеткізіп, «Қазір жаңарту»түймесін басыңыз.

4. Егер автоматты жаңарту жұмыс істемесе, Күн мен уақыт қойындысына өтіп, «Күн мен уақытты өзгерту» түймесін басып, дұрыс уақытты қолмен орнатыңыз.

macOS

1. Жүйе параметрлері > Күн мен уақытты ашыңыз.

2. Күн мен уақытты автоматты түрде реттеу опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.

3. Егер қолмен орнату қажет болса, осы опцияны алып тастаңыз және қажетті өзгертулерді қолмен жасаңыз.

Android

1. Параметрлер > Жүйе > күн мен уақытты ашыңыз.

2. Күн мен уақытты автоматты анықтауды және автоматты уақыт белдеуін қосыңыз.

3. Егер автоматты орнату жұмыс істемесе, осы опцияларды өшіріп, күнді, уақытты және уақыт белдеуін қолмен орнатыңыз.

iOS (iPhone и iPad)

1. Параметрлер > Жалпы > Күн мен уақытқа өтіңіз.

2. Күн мен уақытты орнату опциясы үшін автоматты түрді қосыңыз.

3. Қажет болса, бұл опцияны өшіріп, дұрыс уақыт пен күнді қолмен орнатыңыз.

Қиындықтар туындаған жағдайда

Амалдық жүйенің жаңартуларын тексеріңіз. Құрылғының ОЖ-нің соңғы нұсқасына дейін жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Басқа желілік уақыт қызметіне ауысыңыз. Кейбір операциялық жүйелерде балама уақыт серверлерін таңдауға болады.

Уақыт белдеуінің параметрлерін тексеріңіз. Орналасқан жеріңіз үшін дұрыс уақыт белдеуі таңдалғанына көз жеткізіңіз.

Желі параметрлерін тазалаңыз. Кейбір құрылғыларда желі параметрлерін жаңғырту уақытты автоматты түрде синхрондау мәселелерін шешуге көмектеседі.

Қолдау қызметіне хабарласыңыз. Егер мәселе шешілмесе, кәсіби көмек қажет болуы мүмкін.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Сообщение Бірыңғай уақыт белдеуіне қалай үйрену керек? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.

Уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді?
Қазақстанда еліміздің барлық аумағында 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі. Бұл шешім бастапқыда көптеген пікірталастарды тудырды, бірақ адам денсаулығына әсер ету тұрғысынан биологиялық дұрыс уақыт белдеуі өте маңызды. Денсаулық сақтау министрлігі биологиялық дұрыс уақыт белдеуінің адам ағзасына әсері туралы айтты.

Сурет: total.kz

Адам ағзасы тәулік бойы гормондардың әсеріне ұшырайды және іс жүзінде барлық сергу, ұйқы, белсенділік, стресс, қалпына келтіру процестері және жалпы организмнің жұмысы гормондардың түзілу уақыты мен деңгейіне тікелей байланысты.

Гормондар түзілуінің тәуліктік циклі организмінің тәуліктік ырғақтарымен реттеледі, олар өз кезегінде табиғи, күн уақытымен басталады және синхрондалады. Бұл процесс басқа сыртқы факторларға бағынбайды.

Гормондардың әсерінен организмнің уақтылы қалпына келуі, ұйқының сапасы, ояту және сергу кезеңдері, ақыл-ой белсенділігі, барлық осы процестер белгілі бір гормондардың деңгейімен өте жақсы реттеледі және қатаң режим мен циклге ие.

Сондықтан физиологиялық функциялардың күнделікті ырғағы ең тұрақты болып табылады.

Біздің әрқайсымыз мидың гипоталамус деп аталатын бөлігі басқаратын организмдегі биологиялық сағаттың рөлі қаншалықты маңызды екенін білеміз. Гипоталамус көру нервтерінен жарық пен қараңғылықтың өзгеруі туралы тікелей ақпарат алады және тәуліктік ырғақтың негізгі реттеушісі – мелатонин гормонын шығаруға жауап береді.

Мелатонин, басқаша айтқанда – ұйқы гормоны – бұл біздің ішкі биологиялық сағаттарымызды іске қосу серіппесі. Ол басқа гормондардың (өсу гормоны, пролактин, кортизол) бөлінуін белсенді етеді немесе тежейді.

Өсу гормоны балалық және жасөспірімдік кезеңдегі дененің өсу процестерін анықтайды. Ересек кезеңде ол минералды заттардың, майдың, көмірсулардың, ақуыз алмасуының маңыздылығына ие болады және өте маңызды, қалқанша безі гормондарының бөлінуін, жүрек, бүйрек функцияларын, психологиялық жағдайды реттейді. Таңертең мелатонин концентрациясы төмендегеннен кейін кортизол көбірек болады, ол дене мен ақыл-ойды алдағы күннің белсенділігіне дайындайды (қан тамырларының тонусын жоғарылатады және бұл қысымның жоғарылауына әкеледі, жүректің жұмысын тездетеді, метаболизмді ынталандырады және т.б.).

Қысқа мерзімде режимнің бұзылуы көбінесе иммунитеттің төмендеуіне, қатты шаршауға, ақыл-ой белсенділігі мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне және басқа да көптеген салдарға әкеледі.

Табиғи емес уақыт белдеуінде ұзақ уақыт болу, әрине, дененің бейімделуіне әкеледі, бірақ денсаулыққа ауыр зардаптар әкеледі.

Сондықтан сағаттық уақытқа жақын уақытты практикалық пайдалану ақылға қонымды және ең алдымен жас ұрпақтың денсаулығы үшін қажет.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Сообщение Уақыт белдеуінің өзгеруі денсаулыққа қалай әсер етеді? появились сначала на «ORTALYQ QAZAQSTAN» газеті.