Бас тақырыпСпорт
Таэквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таэквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Джунёнды сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



