Табиғатты қорғау – тағылымды әрекет
Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің өсуі қоршаған ортаға техногендік әсер етеді. Бүгінгі таңда 17 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінен атмосфераға шығарылатын шығарындылар – ең өткір экологиялық проблема. 2019 жылдың қорытындысы бойынша олардың жалпы көлемі 587 мың тоннаны құрады. Соңғы бес жылдағы (зи янды шығарындылар 23 мың тоннаға тө мендеген) оң динамикаға қарамастан, атмосфералық ауаның ластануы әлі де өзекті мәселе болып қала береді.
«Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шаралар туралы кешенді жоспар» шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындарында табиғатты қорғау ісшаралары қарастырылған. Онда шығарындыларды азайту, қалдықтарды басқару және су ресурстарын қорғау шаралары ескерілді. Экологиялық білім беруге және қоршаған ортаның жайкүйіне қоғам дық мониторинг жүргізуге көп көңіл бөлінген.
Жоспар бойынша барлығы 57 ісшараны іске асыру қарастырылған, оның 22сі аяқталды, 35і атқарылу үстінде.
Барлық шығарындылардың 80 %дан ас тамы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарына тиесілі. Сондықтан аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту дәл осы компаниялардың табиғатты қорғау ісшараларын жүргізулеріне байланысты.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының табиғатты қорғау ісшаралары – 2030 жылға дейін кәсіпорындарды жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 3 жылда табиғатты қорғау ісшараларына 60 млрд. теңге қаржы бағыттау жоспарланып отыр. Бұл 2023 жылға дейін кәсіпорындардан шығатын шаң шығарындыларын 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.
«Қазақмыс» компаниясының Жезқазған комбинатында ұзақ уақыт жұмыс істемеген екінші пеш іске қосылды. Осыған байланысты зиянды заттарды азайту үшін 2022 жылға қарай күкірт қышқылы өндірісін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл күкірт диок сиді шығарындыларын 98%ға дейін шегеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, энергия тасымалдаушыларға батарея эмульгаторларын орнату арқылы күлдің шығарындылары 9 мың тоннаға азайды.
Балқаш зауытында ЛЭДэкранға шығаратын атмосфералық ауаны мониторингілеу жүйесі орнатылды. Осылайша, компания артық шығарындыларды бақылайды.
Атмосфералық ауаны бақылау және заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету қоршаған ортаны жақсартуға көмектеседі. Өткен жылы кәсіпорындардың табиғат қорғау шараларына салған инвестициясының көлемі шамамен 18 млрд. теңгені құрады.
Кешенді жоспар шеңберінде ірі қалалардың дендрологиялық жоспарларын әзірлеу қарастырылған. Бұл тізімде Теміртау мен Қарағанды қалалары бар. Жоспар бойынша жыл сайын 20 мың түп ағаш пен бұта отырғызылады.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен Теміртау қаласының әуе бассейнінің ластануын экологиялықгеохимиялық карталау бойынша жобалар әзірленді.
Сондайақ, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларының шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томын әзірлеу күн тәртібіне қойылып, іске асу сатысында тұр. Бұл құжаттар қоршаған ортаға әсер ететін жаңа нысандардың құрылысын жоспарлау кезінде бастапқы нүкте болады.
Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау үшін Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған сияқты қалаларда пилоттық режимде 10 газ анализаторы жұмыс істейді. Ағымдағы жылы тағы 20 осындай датчиктер орнатылады. Бұл онлайн режимде осы қалаларда ауаның ластану жағдайын қадағалауға және уақытылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Екінші мәселе кәріздіктазарту құрылыстарының жағдайы болып табылады. Мәселені шешу үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде тазарту құрылыстарын қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргізілуде.
«Тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ қазіргі уақытта кәріздік тазарту құрылыстарын салу мен қайта жаңартудың бірыңғай ТЭН әзірлеуді жүргізуде. Жоба Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында жүзеге асырылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстары – тұрақты назарда. Көму көлемін азайту, қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесінің ұлғаюы, сондайақ рұқсат етілмеген полигондарды жою мәселелері әлі де өзекті. Облыста «20182022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, ҚТҚ қазіргі заманғы кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі шаралар кешені» әзірленді. Облысты дамыту бағдарламасына біріктірілген нысаналы индикаторлар белгіленді.
Жыл сайын Қарағанды өңірінде 600 мың тонна ҚТҚ қалыптасады. Жинау, әкету және көмуді 26 мамандандырылған ұйымдар мен кәсіпорындар жүзеге асырады. Бүгінгі күні облыс халқының 74%ы ҚТҚ шығару қызметімен қамтамасыз етілген, оның ішінде: қалалық – 80%, ауылдық жерлерде 54%ды құрайды. Өңірде барлығы 16 мыңнан астам контейнер орнатылған. Оның 1200і қалдықтарды бөлек жинауға арналған, 66 контейнер құрамында сынап бар аспаптарды жинауға бағытталған. 2030 жылға дейін ҚТҚ шығару қызметімен қала халқын 100% және ауыл халқының 80%ын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Өңірде ҚТҚ бөлек жинау және өңдеу 2015 жылдан бастап жүргізіледі. Негізінен, Қарағанды және Теміртау қалаларында қарастырылған. Үш жыл аралығында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу көлемі олардың пайда болуының жалпы көлеміне қарағанда 2ден 16%ға дейін ұлғайды. Бұл көрсеткішті 20%ға жеткізу – осы жылдың міндеті.
Бұдан басқа, өңірде 30дан астам кәсіпорын қатты қалдықтардан дайын өнім шығарумен айналысады. Шлакоблоктар, темірбетон бұйымдар, канализациялық және су құбырлары люктеріне арналған полимерліқұмды қақпақтар өндіреді. ҚТҚ бөлек жинау туралы жыл сайын халыққа және кәсіпкерлерге хабарланып, ақпарат беріледі. «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» акция сы өткізіледі.
Су ресурстарын қорғау – облыс үшін маңызды мәселелердің бірі. Облыстық коммуналдық меншіктегі 31 гидро техникалық құрылыста ағымдағы жөндеуқалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондайақ, Абай ауданындағы Тихоновка және Топар бөгеттерін күрделі жөндеуге 2 жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен, өткен жылдан бастап кезеңкезеңімен бөгеттер қауіпсіздігінің декларациясы басталды.
Осы жылы апатты гидротехникалық құрылыстарды (Топар, Тихоновка) күрделі жөндеуден өткізіп, сондайақ оларды паспорттау мен декларациялауды бастаймыз. Бұл жұмысты кезеңкезеңімен жалғастырамыз.
Табиғат қорғау ісшаралары аясында биыл ШерубайНұра және Топар өзендерін санациялау жұмыстары жүргізіледі. Облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл су нысандарының санитарлық жағдайын жақсартады және су тасқыны жағдайын азайтады.
Биоәртүрлілікті сақтау және арттыру мақсатында 2019 жылы 431,2 гектар алқапқа орман дақылдары отырғызылды, жоспар – 420 гектарға жеткізу. 1,5 миллион дана қатты ағаш көшеттері отырғызылды. Жасыл желектерді егу Қарағанды (26 гектар), Шахтинск (300 гектар), Теміртау (53,7 гектар) мемлекеттік орман қоры аумағында, сондайақ Ақтоғай (30 гектар), Егіндібұлақ (20 гектар) және Жаңаарқа (27,5 гектар) елді мекендерінде жүргізілді. Ағымдағы жылға жоспар – 426 гектар.
Облыстың балық қорында жергілікті маңызы бар 127 балық шаруашылығы мен су айдындары бар. 44 пайдаланушылар үшін жануарлар әлеміне 72 су қоймасы, 55 резервтік қорда орналасқан.
Сондайақ, 138 аңшылық алқаптары бар, 43 пайдаланушыға 98 және 40 аңшылық алқаптары – резервтік қорда.
2019 жылы конкурс қорытындысы бойынша 10 су қоймасы мен 11 аңшылық шаруашылығы бекітілді.
Бес жыл бойы резервуарлар мен аңшылық алқаптарды қорғау мәселесі шешілмей қалды. Екі орманды қорғау мекемесінің оңтайландырылуына байланысты ақпан айында оларды қорғауды қамтамасыз ететін жедел жасақ құрылады.
Өткен жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен алғаш рет Федоров су қоймасын балықтандыру шарасы жүргізілді, сондайақ жергілікті маңызы бар 8 балық шаруашылығы су айдындарын паспорттау іске асырылды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасатын болады.
Коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуге қатысты 2019 жылға арналған барлық су және орман шаруашылығы саласында нысаналы индикаторларға басқарма тарапынан қол жеткізілді.
2020 жылы біз қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмаймыз. Соның аясында Қарағанды өңіріндегі экологиялық жағдайды одан әрі жақсартуды жоспарлап отырмыз. Біздің қалалар мен аудандарда жасыл желектер санын арттыруды, өсіп келе жатқан ағаштарды сақтап қалуды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырып, іске асырамыз.
Біз барлық күшімізбен жануарлар әлемін қорғаймыз, балық шаруашылығын дамытамыз, сондайақ су ресурстарын дұрыс пайдаланатындай жағдайға әкелеміз.
Бұдан тысқары, басқарма аймақ тұрғындарының қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлу мәдениетін қалыптастырып, оны кәсіпорындардың ұтымды және тиімді пайдалана білуіне барлық мүмкіндігі мен күшжігерін бағыттайтын болады.
Руслан ТӨЛЕПБАЕВ,
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.