АймақБұқар жырау

Табиғаттағы туристер тартысы

Жаздың шуақты күнінде Бұқар жырау ауданының Центральное селолық округі аумағындағы өзен жағасында  палаткалар тігіліп, жас туристердің аудандық слеті өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

   Табиғат аясында бас қосқан 11 команданың мүшелері өзенді жүзіп өтіп, қайтарда оның үстінен керілген арқан бойымен оралуға тиіс болып, өзара батылдықтары мен ширақтықтарын сынасты. Ол сынға қажет құрал-жабдықтарды аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, жергілікті әкімдік пен Мәдениет үйі қызметкерлері, волонтерлер мен «Жасыл ел»  жасағының жауынгерлері әзірлеген болатын.

  Таза ауада, әсем табиғат аясында өткен тартысты бәсекеде көзге түскендерге грамоталар мен туристік жорықтарға қажет құрал-саймандар табыс етілді. Әсіресе, бірінші орын алған Ғабиден Мұстафин кентінің командасы ерекше ептілік пен шеберлік көрсетті.

   Слетке қатысқан жас туристер ашық аспан астында от жағып,тамақ пісіріп, ән шырқап, би билеп, кешке  дискотека ұйымдастырды.

  Жалпы, мұндай іс-шаралар қоғамдастықтың нығаюына ықпал етіп қана қоймай, табиғатта өмір сүру дағдыларын да қалыптастырады.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button