Жаңалықтар

Тағылымға толы туынды

Марат Түсіптің туған ауылы Ақбауырға арналған кезекті «Тоқатай баба және оның ұрпақтары» тарихи шежірелі кітабы көп жыл жинақталып, 2024 жылы жазылып, жарыққа шықты.

Көлемді тарихи деректерді зерттеуге арналып, «Сөзбасы» аталған тарауында «Тоқатай баба және оның ұрпақтары» кітабының «Қарқаралы кезеңінен» басталып, «Шет кезеңі» хақында архив көздерімен аяқталғаны жөнінде хабар береді.

Келесі, «Сөз соңы немесе Сыр­ласу», «Зерттеулер, ойлар» тарауында өзімен қатар төрт автордың мақалаларын жинақтап жазған. Олар – Кәріғұл Нұғманұлы, Совет Қабылдин, Танас Нұғымановтың шығармалары ертерек жарық көргенін білдіреді. Осы жақын ағайындылардың қаламы ұштасып, баба ұрпақтарына әлі күнге тамыз­дық болып келеді.

Көрген жанның көзі тоятындай етіп безендірілген кітапта түрлі-түсті форматтағы фотогалерея да туған жердегі жер-су атаулары, сұлу орындар көрініс тапқан.

Ал, келесі бөлімді әке-аналарға, аға мен апаларға арнап, «Үлкендер, сіздерге кім жетер?» – деп атапты.
«Атақоныс – құтты ырыс, рухани мұра әрі қазына», «Өмірдеректер» атты энциклопедиялық бөлімінде ауыл азаматтары, Тоқатай бабадан тараған ата ұрпақтарымен (ата атаулары – «Баян ата», «Тілеуғабыл ата», «Жанғабыл ата», «Дөңгелек ата» тармақтарының) қатар шежіре түрінде жүйелі көрсетіліп, белгіленген.
Кітап авторы Марат Исабекұлы, кейінгі он жылда Ақбауырға, яғни, туған өлкесіне деген перзенттік сезімін бір емес, бірнеше ісімен дәлелдеді.

Ол 2015 жылы Ақбауырдың 100 жылдығына арнап, «Ғасыр ғұмырлы Ақбауыр» атты (2015 ж.) алғаш өлкетану тақырыбында кітап жазды. Осы мерей­той аясында біршама шаруа тындырып, үлкендердің батасын алып, соңына ерген бауырларына үлгі бола білді.

Кейін автордың шығарма­шылық ойы кең өріс алып, үш әде­би-танымдық, философия­лық ой пысықтаған «Ғұмыр­жаз­ба – өткенге саяхат», «Хадис, тәмсіл – ғибраты кәміл» (2018 ж.) сынды қос әңгіме-жырын төкті. Ол кітаптар жүздеген данамен басылып, таралған. Абайтану жолында қажымас еңбек етіп, «Абай сөзі – даналық көзі» философиялық-танымдық еңбек шығармасын да жарыққа (2020 ж.) шығарды.

Ал, «Тоқатай баба және оның ұрпақтары» атауымен 250 бет болып шыққан қолыңыз­дағы кітап, 300-ден астам баба ұрпақтарының отбасыларына таратылды.

Серік МҰСТАФИН,
Саран қаласының тұрғыны

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button