Жаңалықтар

Тағылымға толы кездесу

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қарағандыдағы филиалының ұйымдастыруымен «Академик Салық ЗИМАНОВ — ғалым, педагог, мемлекет және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми – практикалық онлайн конференциясы өтті. Конференция мемлекет және қоғам қайраткері академик Салық ЗИМАНОВТЫ 100 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Іс шараға университет ректоры Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ пен облыстық сотының төрағасы Нұрсерік ШӘРІПОВ қатысты.

Өз сөзінде Нұрсерік Шәріпов Салық Зимановтың егемен, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы, заң білімі мен ғылымының қалыптасуы мен дамуындағы баға жетпес рөлін атап өтті. 

— Салық Зиманұлының еңбегі мемлекеттілік пен басқаруды қалыптастыру мәселелерінде ғана емес, құқықтың барлық салаларында ғылыми және практикалық ой-толғауларға серпін береді, — деді Нұрсерік Шәріпов.

Жиынға ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Бас прокуратурасының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, Заң жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары, республика соттарының судьялары қатысып,жылы лебіздерін білдірді. Пікір алмасу барысында конференцияға қатысушылар заң ғылымының, ұлттық және халықаралық заңнаманың әртүрлі салаларындағы өзекті мәселелерді талқылады. Соның ішінде академиктің Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуына қатысты құқықтық көзқарастарына талдау жүргізді. Конференция аясында пленарлық баяндамалар мен секциялық отырыстар өтті. Сондай-ақ, студенттер арасында «Ұлттық құқық жүйесі, тәуелсіз Қазақстан — 30 жыл» тақырыбында жазған эссе байқауының қорытындысы жариялады. 

Басқа материалдар

Back to top button