Жаңалықтар

Тағы да боран болуы ықтимал

Қарағанды облысында 6-8 ақпан аралығында тағы да ауа райы күрт бұзылады. Дәлірек айтқанда, қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы филиалы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Нұрбаев облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде мәлімдеді.

  • Ақпанның 6-8 аралығында қар жауып, жел күшейеді деп күтілуде. Желдің ұйытқуы секундына 15-20 метр болады деп болжануда, – дейді Ерлан Нұрбаев.

Осыған орай қала, аудан әкімдеріне жағдайды бақылауда ұстау жөнінде облыс басшылығы тарапынан қатаң тапсырылды.

Қызғалдақ АЙТЖАН

Басқа материалдар

Back to top button