Бас тақырыпМедицина

Тағы бір құжат электрондық форматқа ауыстырылады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс аясында баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі, деп хабарлайды Ortalyq.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет gov4c.kz

Ата-аналар бұл құжатты балалары бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады. Оны жыл сайын 380 мыңнан астам бала алады.

Баланың денсаулық паспорты – денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат.

– Бұл құжатты қағаз жүзінде жүргізу көбінесе оның жоғалуына немесе өзекті деректерді жоғалтып алуға, емханаларда ұзақ күтуге әкелді. Осы проблемаларға жауап ретінде денсаулық сақтау министрлігі оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыруға кірісті, – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін тестілеу кезінде баланың 72 электрондық денсаулық паспорты (052-2/е нысаны) қалыптастырылды. 2024 жылғы тамызда EGov Mobile-мен электрондық паспортты интеграциялау процесі аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ата-аналар үшін электрондық паспортты енгізу қағазбастылықты азайтуды және eGov Mobile және eDensaulyq электрондық қызметтері арқылы балаларының денсаулығы туралы ақпаратқа ыңғайлы қол жеткізуді білдіреді.

Білім беру мекемелері оқушылардың денсаулық жағдайы туралы өзекті деректерді жедел ала алады, олар емханаларда медициналық қарап-тексеруден кейін автоматты түрде берілетін болады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button