Білім

Тәжірибе алмасты

Жақында Әлихан Бөкейхан атындағы мектепте «Нысаналы мектеп», «Зияткерлік модернизация» жобалары аясында «Ынтымақтасқан, бірлескен орта жаңаша білім берудің кепілі» кәсіби қоғамдастығының тәжірибе алмасу семинары өтті.

Сурет автордан

Семинарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып, орта қалыптастырудағы тиімді тәсілдер бойынша, химия, ағылшын, орыс тілі пәндерінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. Семинарға «Нысаналы мектеп» жобасына қалалық білім бөлімінің маманы Төлеубике Рымханқызы және білім ұйымдарының әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.

«Зияткерлік модернизация» жобасы аясында қатысушылар білім беру үдерісіндегі жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісіп, жобаның нәтижелері мен алдағы жоспарларын талқылады. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары мен ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Семинардың ерекше бөлігі Әлихан Бөкейхан мектебі мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеште мұғалімдер мен оқушылар өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер айтып, Алаш дәуірінен көріністер қойды. Осылайша шығармашылық қабілеттерін паш етті.

Мәдени-рухани кеш ерекше көңіл күй сыйлап, мектеп ұжымының ынтымағы мен шығармашылық әлеуетін айқындады.

Ж. СЕЙТЖАНОВА,
Ә. Бөкейхан атындағы мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button