Ресми

Тәуелсіздікке орай 187 шара өтеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста іс-шаралар жоспары құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыста осы жылда атқарылатын 187 шара бар. Оның арасында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі шаралар да аз емес. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан ҚҰСАЙЫН мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, жоспарда өзге де айтулы шаралармен қатар халықаралық деңгейде 5, республикалық деңгейде 6, облыс көоемінде 13 шараны іске асыру көзделген.

«Жоспарды іске асырудың барлық кезеңіне 2021 жылы халықаралық деңгейде 5 іс-шара, республикалық деңгейде 6 іс-шара, облыстық деңгейде 13 іс-шара, қалалық және аудандық деңгейде 163 іс-шара жоспарланған. Жалпы, жыл басынан оқиғалар қатары әр ай бойынша 12 тақырыптық бағытты қамтиды. Сонымен қатар облыстық «Ордалы отыз іс» іс-шаралар жоспары құрылып, бүгінгі күнге жұмыстар атқарылуда.

Басты мақсат қоғам үшін оқиғалардың мәнділігі мен тиімділігіне баса назар аудару және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға арналған шараларға басымдық беру», деді Ерлан Құсайын.

Басқа материалдар

Back to top button