Тәуелсіздік жылнамасын жырлаған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы – тұтас бір дәуірдің тарихын қамтыған құнды шығарма. Тәуелсіз тарихымыздың 26 жылында еліміз тың жаңашыл өзгерістерімен әлем халқына таныла бастады. Ұлы дала елі өз алдына тәуелсіз ел болып қалыптасты. Сондықтан, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы шын мәнінде тарихи естеліктерге толы халқымыздың ұлы тарихының шежіресі деуге болады. «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттау арқылы жасөспірімге тәуелсіздіктің шежіресін толығынан қамтуға мүмкіндік ашыла түсті.
Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында түрлі шаралар жалғасын табуда. Шығарманы жастар арасында насихаттау мақсатында оқу орнының кітапханасында арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, таныстырылым жасалды. оқушылармен таныстырылым өткізіліп тұрады.
Президентіміздің бұл еңбегі бұрынғы еңбектерінен өзгеше. Ол – Елбасының тәуелсіздік туралы ой-толғамдарының жиынтығы. Мұнда қазақ халқының тәуелсіздік жылдарындағы тарихы қамтылған. Бұл еңбекте тарихымыз жүйеленіп, барлық сала бойынша әр кезеңге бөлініп берілген. Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады. Олар «Мемлекеттің дүниеге келуі», «Ұлы бетбұрыс», «Қияға құлаш сермеу» және «Қалыптасқан мемлекет» деп аталады. Кезең-кезеңімен сипатталатын дәуірде жаңғырудың үш бірдей толқыны кеңінен сипатталған. Қазақстанның жаңа тарихынан сыр шертетін туынды уақыт өте келе ел жөніндегі таптырмас танымдық оқу құралына айналары сөзсіз.
С.БАЙЖҰМАНОВА,
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-
гимназиясының
кітапхана меңгерушісі.
БАЛҚАШ қаласы.