Жаңалықтар

Тәуелсіздік – тірегім

     Биыл № 40 негізгі орта мектебі Тәуелсіздікке арналған «25 жұлдызды күн» шаралар жоспары бойынша 5-9 сыныптар арасында қазақ әдебиеті пәнінен мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

     Сайыстар ұлы тұлға Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай ақындардың шығармалары мен өлеңдерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

    «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбындағы шығармалар сайысы,үздік жазба жұмысы, тарих пәнінен «Желтоқсан құрбандары»деген тақырыптағы дөңгелек үстелге жалғасты. Оқушыларға тарихи мағлұматтар берілді. Олардың қолөнерлерінен, салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған ашық сынып сағаттары жоғары деңгейде өтті.

      Жалпы, № 40 негізгі мектептің оқушылары білімді әрі тәрбиелі. Мектебімізде жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Білім ресурсын кеңінен пайдалануда ұстаздар мен оқушыларға барлық жағдай жасалынған. Мектепте «Балбөбек» шағын орталығы жұмыс істейді. Мектеп «Костенко» атындағы кенішпен тығыз қарым-қатынаста және кеніш ұжымы мектепке өз көмектерін барынша көрсетуде. Кәсіптік бағдар алу үшін мектеп оқушылары «Костенко» кенішіне барып, саяхаттады. Мектеп жанынан көпсалалы корд ашылып, онда салауатты өмір салтын қолдайтын оқушылар жаз айында доп ойнап, қыста мұз айдынында конькимен сырғанайды. Мектепте тәуелсіздік жылдарында қазақ сыныптары ашылды. Қазір білім алып жатқан 8 қазақ сыныбының оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан республикалық, қалалық, облыстық іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлауда. Бұл жетістіктер біз үшін үлкен қуаныш.

Мейрамгүл МҰҚЫШЕВА,

40 негізгі орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button