Жаңалықтар

Тәуелсіздік күніне арналған челленджді Қарағанды облысының қалалары қолдады

Қарағанды облысының қалалары «Менің туым. Менің Отаным!» челленджіне үн қосуда. Өңір тұрғындары балкондарына еліміздің Туын іліп, патриоттық сезімін білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Менің туым. Менің Отаным!» челленджіне 16 желтоқсан күні сағат 10.00 де Қарағанды қаласы бастау берді. Қарағанды қаласында «Қарағанды» қонақ үйінің балконына 20-ға жуық Ту ілініп, жастар жалаушаларды алып атаулы челленджді Балқаш қаласына жолдады. Эстафетаны Балқаш қаласымен қоса, Жезқазған, Сәтбаев, Саран, Шахтинск қалалары да жалғастырады.

Қарағанды қаласы әкімдігінің айтуынша, кеншілер шаһарында сыртқы безендіру жұмыстары бойынша 35 баннер, 20 керме, 200 жалаушалар және барлық сауда орталықтарында 10-ға жуық Ту орнатылған.

Сонымен қатар, «Табысқа бастайтын жол» онлайн-челленджі, «Менің туған өлкем. Өркендеу мен табыс серпіні» онлайн марафоны, өңірлердің дамуын қысқаша баяндайтын бейнероликтер, фотоесептер жариялануда. Облысқа Тәуелсіздікті құруға елеулі үлес қосқан көрнекі қазақстандықтардың, еңбек ардагерлерінің, жастардың бейнеқұттықтаулары әлеуметтік желілерде, LED-экрандарда орналастырылуда.

Басқа материалдар

Back to top button