Бас тақырып
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Қарағанды көшелері безендірілді
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда патриотизм рухын нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған бірқатар имидждік іс-шаралар жоспарланған.
Облыс орталығының көптеген басты орындарында, қоғамдық орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының бейнелері көрсетілетін плакаттар мен жарықдиодты LED-экрандар орнатылды.
— Тақырыптық құрылымдардың эскиздері жасалды. Қала көшелерінде 10 баннер, 2 500 консольдық ту, 3000 ту элементтері орналастырылған. Жиырма LED-экрандар мен медиабордтарда тақырыптық бейнероликтер көрсетіледі, – дейді Қарағанды қаласының әкімдігі.
Аида РАҚЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz