Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы басталды
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің бақылау-касса машиналарын қолдануын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясын өткізуде. Акцияға кез-келген азамат қатыса алады.
Департамент мамандарының айтуынша, кәсіпкерлердің бақылау-касса машиналарының фискалды чектерін бермеуі және төлем карталары арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартуы – заң бұзушылық. Аталған заң бұзышулық фактілерін App Store немесе Play Market қосымшаларынан «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға болады. Одан бөлек, бұзушылық фактісін растау фото немесе бейне тіркеу арқылы да жасалады.
Облыстың мемлекеттік кірістер департаменті бизнес субъектілеріне бақылау-касса машиналарын қолдану және әр сатып алушыға чекті беру міндеттемесінде белсенді азаматтық ұстанымды көрсетіп, мемлекетті қолдауға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz



