Бас тақырыпРесми

Төтенше жағдайлар министрі Қарағанды облысына келді

9-10 наурыз күндері Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.

Суреттер: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Сапар барысында министр өңірдің құтқару бөлімшелерінің қызметі мен тұрмыс жағдайымен танысты. Екі күн ішінде өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару бөлімшелеріне, Матақ трассалық медициналық-құтқару пунктіне, ТЖ департаментіне, 52859 әскери бөліміне барды. Министр құтқарушылардың күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, гарнизонның жеке құрамымен кездесті.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірлесе отырып, «Qarmet» АҚ-ға барып, АҚ басшылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жай-күйі, мәселелері мен қабылданып жатқан шаралары туралы тыңдау ұйымдастырды.

Кездесу барысында «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басин көмір шахталарында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша мәселелерді шешу жолдары, атап айтқанда, көмір қабаттарын жер бетінен плазмалық-импульстік газсыздандыру әдістерін тәжірибелік қолдану, сондай-ақ болат департаментінде жаңғырту барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, сапар барысында өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығына, гидротехникалық құрылыстардың су тасқынын апатсыз өткізуге дайындығына назар аударылды.

«Қазсушаруашылығы» РМК филиалының басшылығы 2023 жылдың жазғы – күзгі кезеңінде су қоймаларында өткізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, Самарқанд және Жартас су қоймаларының су торабын тексеру жүзеге асырылды.

ТЖ министрінің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button