Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ

ЖАДЫНАМА

ІРІ АЗЫҚ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСТЫҚ ЖИНАУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

ЖЕМ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЕГІН ЖИНАУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ

ӨРТТІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:

І. Дала жұмыстарына дайындалу кезінде
1. Жем дайындау және егін жинаудың алдында
а) жинау машиналарды және агрегаттарды өртке қарсы дайындау, механизаторларға өртке қарсы нұсқау беруді ұйымдастыру және жем дайындау және егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін ауыл шаруашылығы кәсіпорынның басшысы жауапты адамдарды тағайындау керек;
б) жем дайындау және егін жинауға қатысатын трактористтер, комбайнерлер, олардың көмекшілері және басқа механизаторлар арнайы бағдарлама бойынша өртке қарсы нұсқауды өту керек;
в) егін жинау жұмыстарына бөлінген адамдар да өрт қаупсіздігінің негізгі шаралары бойынша нұсқау алу керек;
г) егін піскен кезінде егістікті күзету үшін шолғыншылар және егістік қызметкерлер болу керек;
д) егін массивтеріне және пішендік қоныстарға жинау машиналарын және тракторларды шығару алдында оларды жөн ұшқын сөндірушілермен жабдықтау керек, жем тасымалдайтын автокөліктерді алдыңғы буферға шығарылған заводта жасалған жөн сөндіргіштермен жабдықтау керек;
е) жинау агрегаттарды және егін жинау жұмыстарына лайықталған ауыл шаруашылық техниканы бірінші өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау керек (2 өрт сөндіргіш, 2 күрек, 2 сыпырғыш, өлшемі 1,5х1,5м киіз немесе брезент);
ж) жинау жұмыстарына техниканың өртке қарсы жағынан дайындығы әр ауылшаруашылық кәсіпорында құрылатын арнайы комиссиялармен тексерілу керек;
з) өрт сөндіру көліктерінің, мотопомпалардың және өрт сөндіруге лайықталған техниканың техникалық жағдайын тексеріп, оларды жанармай-майлайтын материалдар қорымен жабдықтау керек; ЕӨСҚ жауынгерлік есептерді толықтыру және жүргізушілердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ету қажет.
ІІ. Дала қостары орналасқан орындарда
1. Уақытша дала қостарын егін массивтеріне, мехқырмандарына, маяларға және т.б. 100 метрден жақын орналастырмау керек. Дала қостарына, жанармай қоймаларына және көліктердің уақытша далалық тұрақтарына белгіленген алаңдарда ені 4 метрден кем емес жол жыртылады.
2. Дала қостарын өрт сөндіру үшін су қорымен, өрт сөндіргіштерімен, күректермен және сыпырғыштармен қамтамасыз ету керек.
3. Асхана ошақтарын әртүрлі салуларға 30 метрден жақын емес және егін массивтеріне 100 метрден жақын емес орналастыру қажет. Осы ошақтарды ені 6 метрден кем емес жыртылған жолмен қоршау керек.
4. Егін массивтерінде және оның жанында ашық отты пайдаланатын жұмыстарға, темекі тартуға рұқсат етпеу керек.
5. Дала қостарында, қырмандарда және пішен мен сабан маялайтын учаскелерінде темекі тартуға жабдықталған “Темекі тартатын орын” деген жазуымен орындар бөліну керек.

Басқа материалдар

Back to top button