Бас тақырып

Төртінші алтын қоржында

Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер құрама сапында өнер көрсеткен Бекзат Нұрдәулетов, Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай қоржынға үш алтынды салды. Ал, Диас Молжігітов күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатын  төрт алтын, бес күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Ал, жалпы командалық есепте ІІ орынға табан тіреді.

Сурет kazsports.kz

Аса ауыр салмақта (+92 кг) жұдырықтасқан отандасымыз Айбек Оралбай финалда қытайлық боксшы Абудурешити Ремуланы сан соқтырды. Осылайша Айбек екі дүркін Азия чемпионы атанды.

86 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Бекзат Нұрдәулетов шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Жасурбек Юлдошевті жеңді.

92 келіде жұдырықтасқан Сағындық Тоғамбай да ақтық сында Тәжікстан боксшысы Парвиз Каримовтен айласын асырды.

Ал, Диас Молжігітов 75 келіге дейінгі салмақта қолғап түйістіріп, ақтық бәсекеде Өзбекстан боксшысы Джавахир Умматалиевтен айласын асыра алмады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button