Спорт

Төрт боксшымыз жұдырықтасады

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионстының жетінші күні. Төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Алдымен күндізгі сессияда 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов шаршы алаңға көтеріледі. Оның қарсыласы – үндістандық Дипак Кумар. Одан кейін 57 келіде Серік Теміржанов венгриялық Роланд Верешпен, 75 келіде Нұрқанат Райыс доминикандық Дельгадо де лос Сантоспен жұдырықтасады.

Ал, кешкі сессияда 92 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев сириялық Мохаммед Млайеспен кездеседі.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button