АймақЖаңалықтарШахтинск

Төрт автордың көрмесі

Тәуелсіздік мерекесі аясында «Шахтинск квартетінің» сурет көрмесі Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінде ашылды. Көрме авторлары өз туындыларын көрермен назарына ұсынып, оң бағасын алды.

 

Шара Шахтинск қаласындағы Ә.Ысмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебінің ұстаздары Жанабек Жұмабеков, Натал Сайгушева, Елена Нивиденская, Ерсін Темірғалиевтің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Көрмеге кескіндеме, графика, киіз басу, соус, пастель, линогравюра, граттография, компьютерлік графика техникасында салынған жұмыстар қойылды.

Ұлт тәрбиесінің өзегі, автор мен адамның ішкі жан дүниесін қабыстырып, үлкен туындыға айналдыру асқан талантты қажет етеді. Көңілдегі көрікті ойды сырлы бояумен әрлеу, түрлі түспен қағаз бетіне түсіру суретшінің шеберлігі екені даусыз. Осы көрмеде суретшілер сиқырлы сырлы өнерді көрермендерге жеткізе білді. Өнер шынайы бағаланды.

Қарқаралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрлыбек Ілдебаев, аудандық архив бөлімінің басшысы Манарбек Кәрім, өнер мектебінің басшысы Рымкүл Спабекова, музей басшысы Назым Әбішева, мәдениет бөлімінің бас маманы Дана Әлиевалар аталмыш көрменің берер тәлімі мол екенін жеткізді. Сурет салу өнеріне деген құлшынысы бар таланттардың талабын ұштау мен шабыт беруде маңызы зор екендігін тілге тиек етті. Алдағы уақытта мұндай көрмелер ашық аспан астында, табиғат аясында ұйымдастырылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде көрме авторлары Манарбек Кәрімге Шахтинск қаласындағы Ә.Ысмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебінің алдына Әубәкір Ысмаиловтың тас мүсінін бірлесе салуға ұсыныс жасады.

Сағыныш ӘБІЛ.

ШАХТИНСК

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button