Бас тақырып

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң күшіне енді

Биыл 15 сәуірде Мемлекет басшысы әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойған еді. Кеше осы заң күшіне енді. Жаңа құжаттағы түзетулер мен өзгертулердің жартысынан көбі балаларға бағытталған.

Сурет maqat-tynysy.kz

Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі:

– Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар, немесе 50 тәулікке дейін қамау

– Адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.

Сондай-ақ, 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button