Руханият

Түркияны тәнті етті

Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің жас вокалисі Әли Тілеубеков Түркияның Стамбул қаласында өткен ALASH STAR халықаралық байқауда бірінші орынға ие болып, аймағымыздың мерейін тасытты.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Әли – Ботақарадағы С.Торайғыров атын­дағы тірек мектебінің 6 сынып оқушысы, 12 жаста. «Руханият» қосымша білім беру орталығының және Vocal Karaganda вокалдық студиясының шәкірті. Музыкамен айналыса бастағанына небары екі жыл бол­ған. Бірақ, осы қысқа уақытта бірқатар жетістікке жетіп үлгерді.

– Вокал бойынша екі ұстазым бар – Тәттігүл Сағындықова мен Еламан Маженов. «Руханият» орталығында жұмыс күндері, ал, вокалдық студияда демалыс күндері айналысамын. Қарқынды дайындықтың арқасында екі айда ALASH STAR байқауына қатысатындай тәжірибе жинадым. Байқауда «Атамекен» әнін әуелетіп, топ жардым, – дейді Әли.

Кейіпкеріміз бұдан бөлек, жас жырау­лар үйірмесінде жыршылықты, «Мейрам» балалар киностудиясында актерлік шеберлікті бойына сіңіріп жүр. Атап айт­сақ, осыған дейін «Өтірікші», «Жалған ақша», «Тілек», «М.А.К», «Ойында таныстық» атты фильмдерге түскен.

– Әли – жан-жақты бала. Бұрын спорт­пен айналысқан. Денсаулығына бай­ланысты ол спорттан кетті. Біз оның шығармашылық әлеуетін ашуға күш салып, даму бағытын өзгертуге көмектес­тік. Негізінде, бала кезінен музыкаға әуес, – дейді анасы Айгүл Балықова.

Әлидің болашаққа жоспарлары көп. Әнші, актер және блогер ретінде дамып, танымал болып, табыс тауып, еліне пайдасын тигізуді қалайды. Осы қарқынынан таймаса, әлі талай ірі халықаралық байқауларда елін әлемге танытарына сенім бек.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button