Жаңалықтар

Түркиядағы ұшақ апаты: Президент Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты.

Сурет prokadry.kz

Айта кетейік, Әзербайжаннан Түркияға ұшып бара жатқан түрік әскери-транспорттық C-130 ұшағы 11 қараша күні Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында апатқа ұшыраған еді. Түркия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында экипаж мүшелерінен бөлек 20 әскери болған. Олардың барлығы апатта қаза тапты. Қазір грузиялық құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Түркиялық құтқарушылар да апат аймағына қарай жолға шықты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ аспаннан бөлшектеліп құлаған. Әзірге апаттың нақты себебі белгісіз.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button