Түркияда топ жарды
Шығыс халықтарының Ұлы мерекесі Наурыздың қарсаңында бауырлас Түрік елінен қуанышты хабар жетті.

Осында өтіп жатқан “Алаш аманаты” халықаралық байқауында Бұқар жырау ауданының тумасы Ақжан Шыныбек “Дәстүрлі ән” байқауында топ жарып, жүлделі екінші орынды қанжығасына байлаған.
Ақжан өнерлі отбасынан шығып,жасынан жыр, терме, ән айтып, қазір Евней Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің филология факультетінде оқиды. Оның әкесі Қалиасқар Шыныбектегі де филолог, облыс пен республикаға танымал әуесқой сазгер, дәстүрлі әнші, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы болса, анасы Құралай Ахметова аудандық “Бұқар жырау жаршысы” газетінде тілші болып еңбек етеді. Осындай өнерлі, өнегелі шаңырақта туып-өсіп, тәрбие көрген Ақжанның алар асулары алда.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы