Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында қандай құжаттарға қол қойылды?
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжатқа қол қойылды.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
1.Астана Актісі;
2.Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
3.Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4.Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
5.Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
6.Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
7.Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
8.6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
9.Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
10.«Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;
11.Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
12.Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА