Спорт

Төрге оздырған төрт алтын

Өскеменде үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 2006 жылы туғандар арасында өткен чемпионатта облысымыздың теннисшілері қоржынға он медаль салды.

Қоржында төрт алтын, үш күміс және үш қола. Оның үшеуін Альбина Жақсылықова жеңіп алды.

I орынды – Альбина Жақсылықова, Виктория Мочалкина, Дарья Фу, Екатерина Охмак және Мария Лукьянова иеленді. Қыздар арасында жеке разрядта Альбина Жақсылықова үздік атанды. Қыздар арасындағы жұптық сайыста Виктория Мочалкина мен Дарья Фу да қарсылас шақ келтірмеді. Аралас жұптық разрядта Мария Лукьянова мен Қыдырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы) жеңіске жетті.

II орында – Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков, Асылхан Мағзұмбеков, Арсен Қабдулов, Райымбек Келбуғановтар.

Қыздар арасындағы жұптық сайыста Альбина Жақсылықова мен Мария Лукьянова күміс медальді місе тұтты. Жеке разрядта Виктория Мочалкина II орын алды.

Жеке разрядта III орынды Дарья Фу иеленді. Ерлер арасында жұптық разрядта Әмір Торғайбеков мен Ши Дан Ян (ШҚО) III орынға табан тіреді. Аралас жұптық разрядта III орын Виктория Мочалкина мен Арнұр Оралхановқа бұйырды (ШҚО).

Ерік НАРЫН,

«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button