Төраға тағайындалды
Облыстық соттың төрағасы Ерден Әріпов сот ұжымына және құқық қорғау органдарына Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жаңа төрағасын таныстырды. Аталған қызметке Амантай Әбдікамалов тағайындалды.

Амантай Әбдікамалов Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №410 Жарлығымен тағайындалған.
Ерден Әріпов Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасын таныстыра отырып, оны судьялар корпусында өзін таныта білген жоғары білікті маман ретінде сипаттады.
Амантай Жұмаділдаұлы бұған дейін Қарағанды облысының Шет аудандық сотының төрағасы болып жұмыс істеген. Мемлекеттік қызмет өтілі 24 жылдан асады. Оның ішінде судьялық еңбек өтілі –16 жыл.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.