АймақБұқар жырау

Тұрғындар тілегі тасада қалмады

Биыл аймақтағы ауылдарда электр бағандары мен əртүрлі жарық беру тіректерін ретке келтіру, тазалау жұмыстары қарқынды жүрді. Осы орайда Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті тұрғындары арасында биыл атқарылған жұмыстарға қатысты шағын əлеуметтік сауалнама жүргізіліп, барлық тілектер мен ескертулер ескерілді.

Суреттер аудан әкімдігінен

Тротуармен жүрген ыңғайлы

Өкінішке қарай тротуар плиткаларын сындырып кететін жағдай жиі кездесіп тұрады. Əрбір ауыл азаматы қала мүлкіне жанашырлықпен қараса, мұндай жағдай болмас еді.

Бүгінде бүлінген тротуарлар қалпына келтірілді. Көшелерде бүлінген тротуарларды қайта қалпына келтіру жəне жаңадан тротуар төсеу жұмыстары қарқынды жүрді. Əсіресе, қала бойынша жол жөндеуге байланысты жасалған кейбір жобаларда жаяу жүргіншілер жолдарын, ал кейбіреулерінде жарық шамдарын орнату, суағар жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргенін көрдік.

Елімізде ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған осындай жұмыстар жалғасын тапса деген тілек бар. Ауылдарды əлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға атсалысуымыз керек. Сонымен қатар шалғай елдімекендерді де абаттандырып, жаңа бір деңгейге көтеру мақсаты көзделсе екен.

Еркін ҮМІТБАЙ,
Ауған соғысының ардагері.

Жолдар жаңа кейіпке енді

Ботақара кентінде көшелерге жарық шамдарын орнату жəне ретке келтіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Автомобиль жолын жөндеу кезеңінде де жасыл аймақ, аяқжол, жарық шамдар орнатылды. Соңғы жылдары Ботақарада халықтың əлауқаты жақсарып, маңызды мəселелер оң шешімін тауып келеді. Соның ішінде жол мəселесі де тұрақты назарда болып, əр жылы көшелер асфальтталып жатыр. Көше жарықшамдары үнемді, əрі тиімді. Жергілікті тұрғындар аурухана, халыққа қызмет көрсету орталығына барып көмек алу үшін екі ортада жиі қатынаймыз. Жарықтандыру жұмыстары көшедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заманауи жаңа технологияларды қолдануға да септігін тигізеді.

Кенттегі бірқатар жолдың жаңа кейіпке енгені ел үшін үлкен олжа. Қанағаттанарлық жағдайдағы сапалы жолдардың үлесі артқаны қуантады.

Марат ТҮСІПБАЕВ,
кəсіпкер.

Қылмыс қаупі азаяды

Кентте бұрын жарықшамдарға сұраныс болған. Балалар мектептен кешке қайтатынын ескерсек, көше шамдарының болуы міндетті. Оқушылардың ата-аналары əсіресе биыл уақыт белдеуі өзгергеннен кейін де дабыл қаға бастады. Екінші ауысымда оқитын балалар сабақтан шыққанша далада тас қараңғы болып тұрады. Жергілікті тұрғындар мен көлік жүргізушілері де көшеге жарық шамдарын орнату қажеттігін айтып жүрді. Жарық бағандарын орнату жұмыстары аяқталып, шамдар орнатылды.

Қазіргі таңда көше шамдары ерекше сүйкімділік беріп, ауыл көркін ашып тұр. Олар түнде жарқырап қана қоймайды, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Олардың жарығымен көшелер анық көрініп, оқиғалар мен қылмыс қаупі азаяды.

Қалкен ЗЕЙНИДЕНОВ,
Зейнеткер.

Дайындаған Аяулым СОВЕТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button