АймақШахтинск

Тұрғындарға – сапалы қызмет

Шахтинск қаласында қала әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

Сұранысы жоғары қызметтерді ұсынатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «Бірыңғай зейнеткерлік жинақтаушы қоры» АҚ облыстық филиалы Шахтинск қалалық қызмет көрсету орталығының, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы Шахтинск қалалық филиалының, емхана, «Шахтинскводоканал» ЖШС, «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС өкілдері, яғни, 14 мекеменің өкілдері қатысты. Жәрмеңкеге келушілер қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратпен қоса, электронды цифрлық қолтаңбаны алу мүмкіндігіне ие болды.

Жәрмеңкеге қала әкімі С.Аймақов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Е.Әбдірахманов келіп, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен қызметтер сапасы туралы әңгімелесті.

Қала тұрғындарын балаларды мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне орналастыру және рұқсат беру құжаттарын алу мәселелері толғандырады. Мекен-жай анықтамасы, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама беру, міндетті зейнеткерлік жарна есебі бойынша жеке зейнеткерлік шот ашу, ЭЦҚ және өзге де электрондық қызметтерді алу жөніндегі қызметтер халықтың ерекше сұранысына ие болды. Қала тұрғындары «DamuMed» мобильдік қосымшасына аса қызығушылық білдірді. Алпыстан астам адам қосымшаны телефондарына орнатып алды. Жалпы жәрмеңкеге 300-ден астам адам келді.

Өз тілшімізден.

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button